Ежелгі уақытта Алтайдан келген түріктер, батысқа
барады. Х.Р. дейін 200 жыл бұрын түрік тайпасының бөлігі Се және Саха (сақтар)
Алтау батысында көшіп жүрген. Қаңлы атты батыс түріктерінің тармағын Х.Р. дейін
130 жыл бұрын қытай саяхатшысы Чжан Цан кездеседі. Қытай жылнамашылардың
хабарлауынша, қаңлы тайпасының сол кездегі саны жүз жиырма мың киіз үй болған.
Олардың қарамағында бес ұсақ хандықтар болған: Ташкент, Самарканд, Керман,
Бұқара, Хива. Яһуди тарихшылары оларды скиф немесе сақтар деп атаған. Осы түрік
тайпасының бір бөлігі Парсыда қалады, олардың ішінде Ақжар атты руынан
Нәдір-шахтың беделі артып, барлық парсыларды өзіне бағындырады. Осы кезде
патшалық ететін парсы шахының шығу тегі түрік, ол Қажар руынан шыққан. Бұл Әли
шах, Мұзафар-ад-дин шахтың ұлы.
1219 жылы Шыңғыс ханның әскері Орта Азияның бүкіл халқын тас-талқанын шығарғанда, барлық рулар жан-жаққа ыдырап, қаңлылардың бір бөлігі Қаби ханның жетекшілік етуімен 50 мың киіз үймен Румның (Римнің) жеріне кіреді. Біраз уақыт өткен соң, соғыс сәл басылған кезде, Қаби ханның ұлы Сүлейман өз халқымен бірге туған жеріне оралады, алайда Фрат (Ефрат? – парс.) өзенін өткен кезде суға батып кетеді. Сүлейманның ұлы Тоғрыл төрт жүз киіз үймен Арз-Румның жанында қалады. Өжет жауынгер Тоғрыл көршілес тұрған аумақтарға шабуыл жасауда өзі қатысып, Куния мемлекетінің патшасы Алаидден (Алладин) Шыңғыс ханның ұлы Шағатайдың әскерін тоқтауға тырысқанын естіп, батылдығын көрсетіп, көп ойланбай Алаидденнің жағына тұрады. Батырлығы үшін Алаидден Торғылға Ексүд, Қарашатау, Томаншы жерлерін сыйға тартып, өз әскерінің қолбасшысы етіп тағайындайды. 1272 жылы Тоғрыл тоқсан жасында көз жұмып, оның орнына қолбасшы болып Тоғрылдың ұлы Осман тағайындалады. Баласы әкесінен озып кетіп, одан да асқан қолбасшы болды. Көршілес аумақтарды басып алып, Қараша Хасар жерін жаулап алады, содан соң Алаидден Османды осы өңірдің дербес басқарушысы болып тағайындайды. Бұл 1282 жылы болған оқиға. Он бір жыл өткен соң, шыңғыс тегінен шыққан Таврияның әміршісі Ғазан-хан Рим империясын басып алып, оны бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөледі. Осман хан өзінің тәуелсіз мемлекетін бұрынғыдай басқарып отырады. Бұл 1300 жыл еді. Осы себептен сондағы түріктер өздерін осман түріктері деп жарияласа, ал Осман хан – алғашқы түрік сұлтаны (жаңа мемлекеттік негізін қалаушы – Ауд.) болады.
1. Осман Ер Тоғрыл-оғлы1. 2. Орхан Осман-оғлы. 3. Мұрат Худауандакар Орхан-оғлы. 4. Елдірім Баязит Мұрат Худауандакар-оғлы. 5. Мұхаммед Баязит-оғлы. 6. Мұрат Мұхаммед-оғлы. 7. Екінші Мұхаммед Фатих Мұрат-оғлы. 8. Екінші Баязит Мұхаммед Фатих-оғлы. 9. Екінші Яуыз Сәлім Баязит-оғлы. 10. Ханун Сүлеймен Яуыз Сәлім-оғлы. 11. Екінші Сәлім Сүлеймен-оғлы. 12. Үшінші Мұрат Екінші Сәлім-оғлы. 13. Үшінші Мұаммед Үшінші Мұрат-оғлы. 14. Үшінші Ахмед Мұхаммед-оғлы. 15. Үшінші Мұстафа Мұхаммед-оғлы. 16. Екінші Осман Ахмед-оғлы. 17. Үшінші Мұрат Ахмед-оғлы. 18. Ибраһим Ахмед-оғлы. 19. Төртінші МҰхаммед Ахмед-оғлы. 20. Екінші Сүлеймен Ибраһим-оғлы. 21. Екінші Ахмед Ибраһим-оғлы. 22. Екінші Мұстафа Төртінші Мұхаммед-оғлы. 23. Үшінші Ахмед Төртінші МҰхаммед-оғлы. 24. Екінші Махмуд Мұстафа-оғлы. 25. Үшінші Осман Екінші Мұстафа-оғлы. 26. Үшінші Мұстафа Үшінші Ахмед-оғлы. 27. Үшінші Абдулхамит Ахмед-оғлы. 28. Үшінші Сәлім Үшінші Мұстафа-оғлы. 30. Екінші Махмұд Әбділ-хамит-оғлы. 31. Екінші Әбділмәжит Махмұд-оғлы. 32. Екінші Әбділхамит Әбділмәжит-оғлы. Қазіргі сұлтан.
Осылайша түпнұсқада (саннан кейін). Оғлы (түрікше) – ұлы, ұрпағы дегенді білдіреді. Олай болса: Осман, Ер Тоғрылдың ұлы және т.б. – Пер.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түріктер, қырғыздар, қазақтар мен хан әулетінің шежіре кітабы» атты кітабынан. Аударма Б. Қайырбековтікі. – Алматы, СП Дастан, 1990