Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қымыз

29072
Қымыз - e-history.kz

Қазақ халқында ер баланың (ер адамның) ас үй ісіне кірісу, ер адаммен тамақ дайындау ұят болып саналса, ал бие сауатын ер адамға аса құрметпен қараған, бұл сыйлы міндет еді. Бұл Геродотпен сипатталған, скиф уақытында сақталып қалған салт-дәстүр болуы ықтимал – (О.Ж.). Қымыз ішкеннен кейін тостағанның түбінде қалған қымызды ешқашанда төгуге болмайды. Кейбіреулер болса, қазақтардың дәстүрі мен әдеттерін білмей, ал кей жағдайларда өкінішке орай, оны елемей, тостағанда қалған қымыздың қалдығын жерге төгеді. Осындай қонаққа қазақ-иесі аң-таң болады. Бір адам таңертең биені сауып болған соң, бір шелек қымызбен үйіне бара жатады, ал екіншісі шелектегі қымызды көріп: «Ойпырмай, қымызыңыз қандай, мөлдір бұлақтан алған судай ғой», - деп қызғанышпен айтады. Үй иесі қымызды сабаға құйып, шелекке қараса, түбіндегі тас оны екіге бөліп жарғанын көреді. Біреу екіншісін қарғаған кезде «Сенің тілің  - тас емес» деп айтады. «Тіл тас жарады, тас жармаса – бас жарады», - деп қазақ мақал-мәтелінде бекер айтылмаған.   

Жылқы пірі – Қамбар ата,

Құдай әр тілекті орындасын!

Бие көп болсын,

Қымыз мол болсын,

Балалар сау болсын,

Туыстар ынтымақта болып

Бірлігіміз мықты болсын.  

Басқа тойларға қарағанда, қымыз тойында бата беру жылқы пірі – Қамбар атадан басталады. Қазақ халқының аңызы бойынша Қамбар – тек жылқы малының пірі ғана емес, қымызды алғаш рет дайындаған ата. Адамдар биені сауған соң, оның сүтін қой сүтіндей пісірген кезде, еш нәрсе шықпай, мазалары кеткен, олардың ойы құрт, ірімшік дайындау еді, сол кезде Қамбар-ата қымыз әзірлеп, барлығын үйретеді.

«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан, жылқы малына байланысты қазақтардың кейбір салт-дәстүрлері мен сенімдері.  

Сурет: odvor.kz

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?