Қара қырғыздар
Қырғыз ежелгі халық, Қырңыз сөзі – қазақ сөзі сияқты, кезбе, еркін (өздігімен көшпелі, жабайы) дегенді білдіреді.
Қырғыздар Иса пайғамбардан бұрынғы 300 жылда Таннуола менен Алатау арасында жүрген. Шыңғысхан тұсында қырғыз ханы Арыс Айнал деген еді. Айнал деп ханын атаушы, аты Арыс еді. Шыңғыс хан «маған қарасын» деп Бере һәм Турамыш дегенді елші қылып жіберіп, қырғыз ханы «қарадым» деп бір ақ сұңқар құс бастатып қанша сый жіберіпті. Әбілғазы хан сөзінше, «қырғыз
Оғузханның бір немересі еді, қырғыз соның нәсілі» дейді. Осы күнде қырғыздың көбі ескі орны Алатаудың күнбатыс тұмсығына жақын Сынтас асуынан Памирдің таулы жотасында. Олар оң, сол деп екі бөлек. Рулары - бұғұ, сарбағыс, солты, шерік, бағыш, саяқ. Бұл алтауы Оңның Сағай дегеннің нәсілі және Адгене дегенінен - адгене, мұңғұш, ішікілік. Мұның соңғы екеуі - біздің қыпшақ,
арғын, найманнан қырғыз болған тегінен. Кейін қазақ болып аталсақ та, шынында бір қырғыз
тегіненбіз.