БАШҚҰРТТАР
Башқұрт бұрынғы заманда финно-угор халқыменен араласып кеткен түрік нәсілі деп араб жазушылары айтады. Олар 1723 жылы «Ақтабан шұбырындыдан» соң қазақтан бөлініп барып, ондағы татарлармен араласып кеткен. Башқұрттың таптары – минский (бұл мыңғыт деген қалмақ болып қалған, тоғайлы елі атанған татардан) және табинский (бұл кіші жүздегі табын, қыпшақ, тама, қытай, керейлерден) және таздар, қырғыз (бұлар угро-фин нәсілінен) және қалған таптары – йорматин, борзин, өсірген, таңғауыр, күдей, танип, айлы, қуақан, қаршы, қайлы, иелдат, тоғыздар, иени байлар, дуан, ерімті, гайтен, шөбен ноғайлар, сарттар, меркит, саралы, айлан, зуран, боллар, уран, уаныш, мешир, тилтин, бақай, арлар, сарыш, байұлы (кіші жүздің), түрікмен, сартай. Осы жоғарғы аттарға қарағанда, башқұрттар қазақ екенін һәм әр рудан қосылғанын білерсіз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990