Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түрікмендер

29029
Түрікмендер - e-history.kz

Бұл түрікмен деген ел ескі түрік нәсілінен. Бұлардың арғы атасы туралы айтылған әр түрлі сөз көп, олай да болса көбінің қисыны баяғы Оғузханның нәсілінен болса керек. Түрікменнің басты рулары жетеу:

Біріншісі – Шаудур һәм әмірлері. Бұлар 16-жүз жылдың ішінде қалған түрікменнің адалы деген таптан. Бұлар осы күнде Хиуаға қарайды. Бұлардың рулары – абдал, ёкдер, бозащы, есенлу, қарашаудыр, бұрыншық, шайых. Екіншісі- Басты ру – ямут. Бұлар Гургене өзенінде орыс, парсы, Хиуа үшеуіне үш бөлініп қарайды. Мұның рулары – атабайтана, жапарбай, шарифчоны, өгіржалы герей. Үшіншісі- Үлкен табы – гоқлан. Бұлар Терек өзенінде, парсыға қарайды. Төртіншісі- Үлкен табы – Теке. Бұл Каспий теңізінің ар жағындағы облысында ахал, теке, Мерв жерінің аты. Ахал текенің рулары – көкше, салық, ясман, меріш, қоңыр һәм ұсақтары бар. Мәру текенің рулары – тоқтамыш, өтеміш. Тоқтамыштан – бек, уәкіл. Көкшенің рулары – қан, қоңыр, аквекил, қаравекил. Өтеміш рулары – Сичамаз, бахшы. Бесіншісі- Үлкен табы – сарық. Мархаба ортасында тұрады. Қазіргі оның рулары – қаңлыбаш, харасаны, галишах, сохты, байраш. Алтыншысы- Үлкен табы – салор. Бұл Оғузханның немересі. Мұның рулары – яалауаш, қараман, анабилегі. Жетіншісі- Үлкен табы – Ерсары. Амударияда, Чаржау маңында, оның руы – бордалық, керкі.  Каспий теңізінің ар жағындағы ескі облыстың 1890 жылғы шалуында «түрікмен – Оғузхан нәсілінен, Салордың баласы Хұсайын ханның балалары» дейді. Галкин деген кісінің сөзіне қарағанда, «баяғы мағол ханның баласы Озхан, соның екі баласы — Есенхан, Сүйінхан дегеннің нәсілі» дейді. Барун, Буда деген – Оғузханның парсыдан алып келген Ек деген күңнен туған екі баласы. Яумуд Кохланнің нәсілі хәм теке де құл дейді. Және кейбір сөзде біздің арғын ішіндегі сүйіндік, бегіндіктің аты шығады, тегінде Оғузхан нәсілі екені рас.
 

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кібатынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?