«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қызылқұм шөлінен археологтар батырлардың сауытын тапты

657 0
Қызылқұм шөлінен археологтар батырлардың сауытын тапты
Тарихшылар алғаш рет бұдан үш ғасыр бұрынғы қазақтардың жоңғарлармен шайқасының деректі жәдігерліктеріне кез болды.

Шымкент археологтары тарихи тұрғыдан таң қаларлық оқиғаны табыс етті. Қызылқұм шөлінде олар бірегей артефактілерді тапты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Осындай сауытты батырлар 300 жыл бұрын киген. Шымкенттің ғалымдары табылған фактіде күмәнданбайды. Батырлардың сауыттары шөл барқандарында табылған!

Археологтарға кездейсоқ олжа туралы жергілікті тұрғындар айтты. Сауыттар, жамылғы және дулыға бұзылмаған қалпында сақталған. Енді ғалымдар қазақтардың ақтабан шұбырынды жылдарындағы өмірі туралы толығырақ біліп, басқа да артефактілерді іздестіру үшін экспедицияға жиналуда.

«Сол бір қилы кезеңдерде тәуелсіздік үшін күрестегі партизандық соғыстың іздерін байқаймыз. Шөлді аймақ осындай ұрыс қимылдарын жүргізуге оңтайлы болған», - дейді тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкин.




Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English