«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Елордада Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан алауы» көрмесі өтуде

1439 0
Елордада Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан алауы» көрмесі өтуде
Елордалық жастар Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтар мен ауырлықты, азапты сезінуге мүмкіндік береді.

Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы мұражайда Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Желтоқсан алауы» көрмесі өтуде, деп хабарлайды astana.kz сайты.

«Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары туралы материалдар, суреттер, кітаптар мен журналдар қойылған. Сонымен қатар, келушілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң құжаттарының көшірмелерін тамашалайды. Қазақстан 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан кейін тура 5 жыл өткен соң 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады»,- деді мұражай қызметкерлері. 

Бұдан басқа, экспозицияға желтоқсан оқиғаларына қатысқандардың жалпы материалдары мен жеке заттары қойылған. 

«Желтоқсан алауы» көрмесі 13-24 желтоқсанда С Сейфуллин атындағы мұражайда жұмыс істейді.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English