«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

А. Қашқымбаев: Молдовада қазақстандық сарбаздардың есімдерін құрмет тұтады

1699 0
А. Қашқымбаев: Молдовада қазақстандық сарбаздардың есімдерін құрмет тұтады
Қазақстан Республикасы БҒМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары т.ғ.к., доцент Амангелді Қашқымбаев «NDH» порталының қонағы болды

Амангелді Нұркейұлы Қашқымбаев жуырда Ұлы Отан соғысы оқиғаларына арналып Молдовада өткен «Молдованы фашист басқыншыларынан азат ету кезіндегі кеңес жауынгерлері көрсеткен ерлік» атты халықаралық ғылыми конференцияда болып қайтты.

- Амангелді Нұркейұлы, сәлеметсіз бе. Халықаралық конференцияда қандай ғылыми баяндама жасадыңыз? Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың рөлі қалай көрсетілді?  

- Сәлеметсіз бе. 2017 жылғы мамырда Қазақстанда, Астанада, Жеңіс күніне және соғысты бүгінгі күнгі түсінулердің сипатына арналған, осы сұм соғысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы үлкен ғылыми іс-шара өткені туралы білесіздер. Осы конференция барысында, «Вече» славяндық құқыққорғау ұйымы басшыларының бірі, тарих ғылымдарының докторы  Николай Федорович Гуцулмен танысудың сәті түсті. Сол кезде ол маған қазақстандықтардың Молдавияны азат етуге қатысуы туралы баяндама жасауға өтініш білдірген еді. Бұл тапсырманы біз орындадық. Конференция тақырыбы өте қызықты - «Молдованы фашист басқыншыларынан азат ету кезіндегі кеңес жауынгерлері көрсеткен ерлік». Кишиневте төрт күн болдық.   

- Яғни, әңгіметарихи жадыны қалпына келтірудің заманауи қиындықтары туралы ма?

- Меніңше бұл тақырып қазір әсіресе қызық сияқты, неге дейсіз ғой, өйткені президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласынан кейін, біз рухани жаңғыру туралы, яғни қазіргі қоғамның рухани жаңғыруы туралы, оның ішінде қазақстандық қоғамның басқа ұйымдарымен байланысы туралы көп айта бастадық. Есіңізде болса, президент бір сәтке назарды баса аударған еді.  Рухани дамудың қазіргі ахуалын айтқан кезде, біз өткенімізді, өткен тарихымызды естен шығармауымыз керек. Кешегі күннің белгілі оқиғаларының бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Осы конференцияда баяндама жасау маған аса қызықты болды.

Молдавияны фашист басқыншыларынан азат етуге өте көп қазақстандықтардың қатысқандығын да айта кету керек. Осыған байланысты біз тағы да бір қызықты сәтті әңгімелейміз. Николай Федорович, маған 133 адамның аты-жөні бар тізімді берді.   

- Бұлар Молдованы азат ету кезінде қаза тапқан 133 қазақстандық па?

- Бұл тек бір ғана әскери операция кезінде қаза тапқандар.

- Сол тізімдегі аты-жөндерді порталымызда жариялай аламыз ба? 

- Мен Николай Федоровичтан рұқсат сұрайын. Егер ол жариялауға келісімін берсе, онда белгілі бір өңдеу жұмыстарынан кейін, «Қазақстан тарихы» порталында жариялаймыз. Уақыт не үшін керек болады? Бұл жерде ескі деректер бар: кенттердің атауларында, кейбір жер атауларында қателіктер жіберілген. Осылардың бәрін түзетуге тырысамыз.

Бұдан басқа, 1944 жылдың жазында Молдавия КСР аумағында фашистермен болған ұрыс кезінде қаза тапқан кеңестік жауынгер-қазақстандықтардың тізімі бар. Олар бауырластар қабірінде жерленген. Жалпы саны – 90 адам. Енді, міне, біздің қолымызда соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы жаңа мәліметтер тұр.   

Бірақ бұдан өзге, осы іс-шараның қандай әсер тигізгені – мені ерекше толқытты. Біріншіден, айта кету керек, біз қазір, 1941-1945 жылғы соғыс туралы әртүрлі пікірлер айтамыз. Конференцияның алдында Молдавияның, оның ішінде 1944 жылғы тамызда Ясск-Кишинев операциясы бастау алған, сұрапыл шайқастар өткен бірнеше аудандарына сапар шектік. Ұлы Отан соғысында мерт болған батырлардың бірінің зиратында болдық. Канаш Камзин – өзіміздің павлодарлық батыр, Днестр өзенінен өту кезінде Гуру-Быкулуй селосының жанында қаза тапқан. Зираты қазір сол жерде. Егер жариялауға мүмкіндіктеріңіз болса, мен сіздерге фотосуреттер берсем бе деп едім.  

- Әрине жариялаймыз.

- Мына бір қызықты қараңыз. Міне, мына селода, Молдавияның неміс басқыншыларынан азат етілуіне арналған музей бар. Осы музейде екі қазақстандықтың аты аталады, олар: Канаш Камзин және Гуров Юрий Сергеевич. Біз, Гуров Юрий Сергеевичті Астанадан, бұрынғы Ақмоладан шыққан Кеңес Одағының Батыры ретінде білеміз. Оның 1945 жылы қаза тапқанын да білеміз, сөйтсек, ол Кеңес Одағының батыры атағын, 1944 жылғы қыркүйекте дәл осы Молдованы азат ету кезінде Ясск-Кишинев операциясына қатысқаны үшін алыпты. Міне осы музейде біздің қаһарманымыздың үлкен портреті ілулі тұр. Жергілікті тұрғындар бұған ерекше ілтипатпен қарайды. Айтпақшы, бізбен бірге Канаш Камзиннің жиені Ахметова Әлия да болды. Қазақ салты бойынша туған жерге бір уыс топырағын алып келдік, дұға оқыттық. Музейдің жанындағы көшеге батырдың аты берілген. Осының бәрі маған жағымды әсер берді.

Бүгінгі күні біз Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік жауынгерлердің ерлігін түрліше қабылдай бастадық деп, мен бұл туралы жайдан-жай айтып бастаған жоқпын. Бүгін біз: Отан соғысы болды ма? Отанды қорғады ма? деген сияқты күмән-күдікке бой алдырамыз.

Канаш Камзиннің зиратының басында тұрып, Отан соғысының тарихын басқаша түсіндіргісі келетіндерден: «қазақ даласынан келген қазақ жігіті Молдавияның жерінде не үшін қаза тапты? деп сұрау керек»,-деп ойладым.

Олар отан туралы біздің бүгінгі түсінігіміздегі форматта, кең форматта емес, басқаша түсінікте ойлаған деп ойлаймын. Қазақ үшін ең ыстығы – ол  оның ошағы, шаңырағы-үйі, отбасы, туған-туысқандары. Канаш Камзин сияқты адамдар – олар соғысты көрді. Сұрапыл соғыстың қорқыныштарын өз көздерімен көргендер олар, бәлкім келесідей ойлаған шығар: егер фашизм бұдан әрі тоқтамай кете берсе, ол оның отбасына, оның отанына дейін жетуі мүмкін. Міне, олар отанды қандай түсінікпен қорғады. Сондықтан бұл сұраққа өте байыпты қарау керек. Осы ретте, Молдавияда Тәуелсіздік күні мен Ясск-Кишинев операциясының 73 жылдығы қарсаңында өткізілген конференцияның маңыздылығын атап өткім келеді.

Ясск-Кишинев операциясының қаншалықты маңызды операция болғандығын білеміз. Бұл – Кеңес әскерінің өз елінің аумағын азат етіп, Еуропа елдерінің жеріне аяқ басқанда жүзеге асырылған алғашқы әскери операция.  

- Бұл әскери операция стратегиялық сипаттағы маңызды, бетбұрысты, шешуші шайқас болды.

- Ясск-Кишинев операциясына қатысқан ондаған әскери құрылымдарды атауға болады: 72-ші, 73-ші гвардиялық дивизиялар мен жүздеген басқа да әскери бөлімшелер.   

Назар аударғым келетін тағы бір сәт. Осы конференцияға дайындалу барысында, бізге белгілі барлық материалдарды пайдаландым, сол кезде байқағаным, біз осы шайқастардың көзі тірі қатысушыларын назардан тыс қалдырады екенбіз. Солардың ішінде мен бес-алты есімді атап өттім. Олар біздің қазақстандықтар, Ясск-Кишинев операциясына қатысқан Батыс Қазақстан облысының тумалары, сол ұрыстан аман-есен оралып, әрі қарай да соғысқан. Кейбіреулері тіпті, Жапониямен болған соғысқа да қатысқан. Отанына оралып, кәдімгі қарапайым адамның тіршілігін жасап, өмір сүрген, бүгінгі тілмен айтқанда отанының даңқын арттыру үшін еңбек еткен, алайда, батырлық олардан үнемі шет айналып жүргендей.   Яғни, менің айтайын дегенім, біз, жанын пида еткен батырларымызды ұмытпауымыз керек. Бірақ, сонымен қатар, сонау сұрапыл соғыстан аман оралып, отаны үшін аянбай еңбек еткен кеңес жауынгерлерін де әсте естен шығармауымыз керек.

- Олардың өзі бірен-саран ғана қалды ғой.

- Әлі де көзі тірі батырлар бар деп үміттенемін. Менің жақын аралықта алдыма қойған мақсатым – облыстарымызды аралап, соғысқа қатысқан, бүгінде көзі тірі адамдарды, және қаза болғандарды табуға тырысу.

- Бұл өте жақсы, рахмет.

- Келесі сәт –Малиновское селосы. Малиновское селосында Екінші Украина майданының штабы орналасты. Сол жерде қазір ескерткіштер, мемориалдар сақталған. Солардың ішінде мынадай көрініс – тақтада  қазақстандықтардың аты-жөндері жазылған – Гуров, Камзин, Рыжов, Щурин. Бізге, Кеңес Одағының Батыры атағын алған 103 қазақтың есімі белгілі. Мен солардың ішінен Искаков есімін іздеп, таба алмадым. Енді осы мәселемен айналыссам деймін.  

Бір сөзбен айтқанда, осындай іс-шараларды өткізіп отырған молдавиялық әріптестеріме шексіз ризамын, бір жағынан солардан үлгі алып, есімдері ұмытыла бастаған батырларымыздың аттарын қайта жаңғыртуға күш салғанымыз құба-құп болар еді.

- Дұрыс, олар бұған әбден лайықты.

- Олар лайықты.

- Сіздің сапарыңыз осындай нәтиже беріп, алдағы ғылыми ізденістер үшін бағдар айқындағаны өте тамаша.

- Көп рахмет.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English