«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

ДИНА АМАНЖОЛОВА: СЪЕЗД ДЕМОКРАТИЯ ДАМУЫНЫҢ ЗАҢДЫ КЕЗЕҢІ БОЛДЫ

2455 0
ДИНА АМАНЖОЛОВА: СЪЕЗД ДЕМОКРАТИЯ ДАМУЫНЫҢ ЗАҢДЫ КЕЗЕҢІ БОЛДЫ
1917 жылғы 21 шілдеде Орынборда І Жалпықырғыз съезі ашылды, онда қазақ автономиясының, қазақ халқын қорғау үшін әскер құру, аграрлық мәселелерді шешу сияқты сұрақтар қарастырылды

1917 жылғы шілдеде Орынборда өткен Жалпықырғыз съезінің 100 жылдығы құрметіне орай, біз «Алаш» қозғалысы бойынша маман, «Алаш» тарихы бойынша бірнеше ғылыми монографиялардың авторы, РҒА Ресей тарихы институтының профессоры Дина Ахметжанқызы Аманжоловаға бірнеше сұрақтар қойған едік. Белгілі ғалымның біздің порталымызда 1917 жылғы Ақпан революциясына қатысты өз ұстанымын білдіріп, сөз сөйлегенін айта кеткен жөн.

– Орынбордағы оқиғаға дейін Батыс Қазақстанда қазақ зиялыларының бірнеше ірі съезінің өткені белгілі. Алаш қозғалысын қалыптастыруда неге дәл осы Орынбор съезі ұйытқы болды? Бұл жайында Сіз қалай ойлайсыз?

– Бүкіл елде, оның ішінде қазіргі Қазақстан аумағында да, монархия құлағаннан кейін, қоғамдық белсенділік жылдам дамып, көптеген ұйымдар – қоғамдық атқару комитеттері, кеңестер (жұмысшылар, шаруалар, солдат, казак), қазақ және басқа ұлттық комитеттер туындай бастады. Олардың өз ішінде және араларында түрлі коалициялар мен альянстар құрылды, негізінен олар партиялық басымдылықтарға негізделді, өзін-өзі ұйымдастыру және және мемлекеттік құрылыс тәсілдері ізделінді. Қоғамдық-саяси тұрғыдан, ал көпмәдениетті өңірлерде, ондайлары көп – Ресей Федеративтік Республикасында, мемлекет болашағы тұрғысынан демократияны бекіту мүдделері басым болды. Қазақ демократтарының негізгі бөлігінің қозғалысы да осы бағытта дамыды, бұлай болуы әбден заңды да. Жазға таман ұйымдастырушылық форумдар, оның ішінде облыстық қазақ съездері де өткізілді. Әлихан Бөкейхан Уақытша үкіметтің комиссары ретінде қосымша еңбек тәжірибесін алды, Алаштың ең белсенді қайраткерлері жалпыресейлік, оның ішінде мұсылмандық және өңірлік партиялар мен қозғалыстардың негізгі бағдарларын түсіне бастады. Оның үстіне Қазақстан аумағындағы барлық бағыттардағы партиялық ұйымдар саны аз немесе енді ғана құрылып жатты, олардың құрамында қазақтар аз болды. Барлық жиған-терген тәжірибе жинақтала келіп этносаяси мәселелерге көңіл аудару керектігін, күшті жалпыресейлік, оның ішінде мұсылмандық құрылымдарға жұмсамауды ойға салып тұрды.

– Съезд тарихы қандай? Оның қызметі қалайша осы күндерге және дәл Орынборға түсті? Оған қандай факторлар әсер етті?

– Шілдедегі жалпықазақ съезін 1917 жылдың 1-ші жартысындағы демократиялық бастамалардың дамуындағы және қазақ қоғамының өзін-өзі ұйымдастыруындағы белгілі бір маңызды және заңды кезең ретінде қарастыру керек. Бұл уақытқа қарай қандай мәселелер негізгі болып табылатындығы және Қазақстанның барлық өңірлерін жалпы бағдарламалар айналасында шоғырландыра алатындығы белгілі болды. Сонымен қатар, дәл осы алдыңғы тәжірибе ұйым құруға итермеледі, өйткені, саяси құрылым ретінде партия – қоғамның  реформаторлық немесе революциялық өкілдерін жинаудың батыс және ресейлік тәжірибесімен сыналған ең оңтайлы үлгісі болды. Оның үстіне Алаштың ең көрнекті қайраткерлері бұған дейін әртүрлі партияларға қатысқан болатын. Жалпы билік үшін күреске түскендердің барлығының да саяси құралдары ұқсас болды, және осы күнге дейін солардың ішіндегі ең маңыздысы – партия. 

– РМТМ мұрағатында (1291 қ.) 1917 жылғы қырғыз және басқа да бұратана және мұсылман съездерінің хаттамалары мен қарарлары сақтаулы. Олар төте жазумен (араб жазуы) емес, кириллицада басылған ба? Аудармасында және мәтіннің бұрмалануы мүмкіндігінде күмән тумайды. Съезд хаттамаларының басқа көшірмелері бар ма?

– Аударма кезінде шешімдердің мәнін бұрмалау біреулерге тиімді болды деп ойламаймын, ал олардың мағынасы мен мәнін кез-келген оқырман өзінше түсінетін. Керісінше, ІІМ мен өңірлермен айналысқан биліктің басқа органдарына, ол жерде не болып жатқанын түсіну аса маңызды болды. Аудармашыларды немесе шенеуніктерді бұрмалаушылық жасады деп сезіктену – қастандық теориясының әртүрлі нұсқасының тұтқынында болу және бәрін қатарынан неге және кімге болсын дұшпандық қатынаста априори айыптау. Егер де үкімет өңірлерге және оның тұрғындарына солай қараған болса, онда жергілікті, оның ішінде Ә. Бөкейханның да ұлттық кадрларын тартпас еді. Бұл жағдайда жергілікті, оның ішінде ұлттық қайраткерлерді орталыққа қатысты сенімсіз және дұшпан деп күдіктенуге болар еді. Бірақ, Бөкейхан, Уақытша үкіметтің көптеген мүшелерін біле отырып, оның қажетті өзгерістерді көздегеніне сенді, және барлық қазақ съездері жаңа үкіметті құптады.

– Жергілікті билік органдары бұл оқиғаға қалай қарады?

– Жергілікті жерлерде көпбилікшілік болғанын, биліктің шашыранды жай-күйде болғанын, дара билік үшін түрлі күштер арасында күрес жүргендігін, түрлі альянстардың туындап, коалиция құрамының өте жылдам өзгере алғандығын түсіну керек. Бұл тұрғыда барлық «ойыншылар» әр өңірдің саяси алаңындағы әрбір маңызды серіктеспен санасуы керек болды және санасты. Жергілікті билік органдарына сайлау және оларды құру кезінде, Құрылтайшылық жиналысқа сайлағанда бәрі де ең лайықты одақтасты іздеді, оның ішінде Алаш та – бірінші кезекте сібірлік облыстықтарды, түркістандықтарды, казактарды, эсерлерді, еңбекшілерді және басқаларын.  Әр өңірдегі, әр ірі қаладағы жағдайды егжей-тегжейлі қарау керек. 

– Съезд туралы қандай да бір жаңа мәліметтер пайда болды ма?

– Менің ойымша, тарихшыларға (кәсіби зерттеулермен айналысатын ғалымдарға, ал бұндайлар өте аз) нақты детальдардан гөрі саяси даму доминантын ескере отырып, Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар көрші өңірлердегі революциялық үдерістердің барлық күрделі динамикасын – кең мәнмәтінін ескере отырып түсінуге тырысу қажет.

– Әңгімеңізге рахмет, қазіргі тарихи ғылым бір орында тұрған жоқ, сондықтан жаңалықтар күтеміз.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English