Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қырғыздарды брахицефалдарға жатқызуға болады

1354
Қырғыздарды брахицефалдарға жатқызуға болады - e-history.kz
1899 жылы «Ресей. Туған жеріміздің толық географиялық сипаттамасы» энциклопедиясының бірінші томы жарық көрді. Оның бас редакторы П. П. Семенов-Тянь-Шанский болды

Кітап «Орыстарға арналған үстел үстілік және жолсапар кітабы» сияқты болды. Бірақ, қазіргі уақытта басылымның материалдары басқа халықтардың өкілдері үшін де құнды. «Ресей. Туған жеріміздің толық географиялық сипаттамасы» энциклопедиясының 1903 жылы шыққан 18-і томы Қырғыз өлкесіне арналған. Сібір, Орал казактары мен шаруаларының тұрмысынан басқа кітапты құрастырушылар  А.Н. Седельников, Л.П. Осипова мен Ә.Н. Бөкейхановтар қазақтардың өмірінде сипаттайды.

Зерттеушілер көзқарасы тұрғысынан «қырғыз-қазақтар үлкен қызығушылық туғызады, өйткені олар әлі күнге дейін көшпелі өмір салты мен рулық тұрмысты сақтап қалған». Басты әрі ежелгі  түркі тайпаларының өкілдерін өз бойында қамтығандықтан, этникалық құрамы бойынша олар барлық басқа азиаттық түркілер ішінен ең қызығушылық тудыратын топ болып табылады. Қырғыздардың ішінде түркілерге тән кәдімгі кескін-келбетімен қатар, олардың кейбір тайпаларының ішінде өлкенің ежелгі тұрғындарымен (түркілер емес) және моңғолдармен көптеп араласқандығын байқауға болады».

Бұдан әрі авторлар қазақтарға сипаттама береді, бұл ретте олар келтірілген деректердің белгілі бір тайпаға қатыстығын және олар бүкіл «өлкенің қырғыз-қазақтарына» қатысты бола алмайтындығы туралы оқырманды ескертеді.

Қырғыз-қазақтардың орташа бойы 1.646,5 м.м… Басының көрсеткіші (бас сүйегі ұзындығының оның еніне қатысы) жекелеген тайпалар үшін келесі цифрларды көрсетеді: Бөкей ордасында – 86,5, Кіші жүзде – 87,5, Орта жүзде – 89,5, мұрын руында – 89,5, найман руында – 89,5, байжігіт руында – 89,5 және керей руында – 89.

Соңғы сандық көрсеткіштер қырғыздарды (барлық көрсетілген руларды) брахицефалдарға (шағын бастылар) жатқызуға негіз болады». «Сыртқы түр-тұрпатына қарай қырғыздарды былай сипаттауға болады: дене бітімі әжептәуір сымбатты. Кеудесі жақсы дамыған, мойны қысқа да емес, жуан да емес; аяғы сәл маймақтау (ат үстінде жиі жүргеннен), сирақтары қысқа, қол-аяқтарының буындары үлкен емес. Денесінің түсі – сарғыш-бозғылт, беті біршама қарақоңыр;  шашы қара, тік, қалың; , мұрындары жалпақ, кейде қоңқақ; жақ сүйегі сәл шығыңқы; аузы үлкен емес; қой көзді. Бұлшық ет күші біршама бар (бірақ орыс шаруасына қарағанда аздау). Бала кезінен далада, ашық аспан астында өмір сүру қырғыздарды шынықтырып, олардың ағзасын шыдамды әрі сыртқы әсерлерді аз сезінетін, төзімді қылады (температура алмасуына, жарақаттарға, жараларға және т.б.); осылардың салдарынан қырғыздардың дәм сезгіш, иіс сезгіш жүйелері көмескі дамығанымен, көру және есту жүйелері өте керемет дамыған. Қырғыздардың дене температурасы орыстардыкінен орташа есеппен алғанда жоғары (О,73 ° С-қа). Жыныстық жетілуі шамамен орыстармен бірдей, әйелдерде – біршама ертерек. Ағзаларының салыстырмалы түрдегі мықтылығына қарамастан қырғыздар ұзақ жасауымен ерекшеленбейді, олардың арасында 80 жастағы шалдар сирек кездеседі.

Әйелдер типі жалпы алғанда ерлерге жақын, тек біршама әлсәз әрі ұсақтау; кей кезде ерлермен салыстырғанда әйелдердің бастары денелеріне қарағанда үлкендеу келеді (бұл ақыл-ойының дамуын көрсетеді); кескін-келбеті ерлерге қарағанда біршама айқын әрі дұрыс; қырғыз әйелдерінің ішінде сұлулар жиі кездеседі. «Қырғыздардың ақыл-ой қабілеті ішінде қоршаған ортаны (табиғат, адамдар, оқиғалар) еске сақтауын айтуға болады; бұл жағынан қырғыз орыс шаруасынан біршама биік тұрады. Көлденең түсініктерді меңгерудегі жоғары реттік жады – әлсіз.

Білуге құмарлық әуестікке қарағанда төмендеу; оқу (әсіресе математика) қиынға соқпайды; оқушылар арасында қабілеттілері жиі кездеседі. Қырғыздар білім алмайды. Олардың барлығы дерлік сауатсыз. Халық арасында он мыңға дейінгі ғана санау белгілі – «түмен» (орысша – «тьма», одан артық санды қырғыздар білмейді... Өмір салты қырғыздардың қағылез, көпшіл мінезінің дамуына септесті, сондықтан да олар қайырымды, қонақжай, рақымды және шыншыл болып келеді.

 

Мінездерінің осал тұсына еріншектікті, бейқамдықты, өсек-аяңға жақындықтарын жатқызуға болады. Жазғы уақытта қырғыздар ішіп-жеп, қонаққа барып, қонақ күтіп қана өмір сүреді, үйдің шаруашылығы, отбасы қамы – толығымен әйелдің мойнында. Тек қыстыгүні ғана қырғыз шаруашылығына зейін қояды (бұл ретте ең бастысы малдың амандығы), бірақ, соның өзінде де ол «тамырласуға», яғни қыстаудан қыстауға барып қонақ болып, ішіп-жеп, жаңалық тыңдап, оларды таратуға уақыт табады.  

Осылайша, құрастырушылар Қырғыз өлкесінің байырғы тұрғындарына объективті талдау жасауға тырысқан. Бірақ, дегенмен де, зерттеушілер тарапынан, қазақтар артта қалған, алайда мәдениет пен біліміндегі ақтаңдақтарды толтыруға біршама артықшылықтары бар халық ретінде қабылданды.

 

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?