«Қазақстан тарихы» порталы «Жұмысшы мамандықтар» жылына байланысты әртүрлі саладағы қызметкерлер жайлы ақпарат ұсынуды жалғастырады. 2024 жылы Қазақстанда екі маңызды дата атап өтілді: 125 жылдық мұнай мен газ өндірісінің мерейтойы және Теңіз мұнай кен орнының ашылуның 45 жылдығы. Осы маңызды оқиғалар қарсаңында Қазақстанның тәуелсіз мұнай саласының табысты дамуына негіз қалаған тұлға жайлы сөз етпекпіз.
Бөлекбай Сағынғалиев – Каспийдің Солтүстігіндегі ең үлкен мұнай алаңдарын ашумен және алғашқы мұнай өндірісін, және Қазақстанның мұнай саласының аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы, Теңіз мұнай кен орнын ашушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол 1927 жылы Атырау облысының Доссор кентінде туған.
1951 жылы Мәскеудің мұнай институтын бітірген соң, ол тоғыз жыл ішінде «Қазмұнай» өндірістік бірлестігінде шебер көмекшісінен бастап, мұнай мен газ өндіру бөлімінің бастығына дейін көтерілді. Кейіннен 1960 жылы Қазақ ССР-нің Совнархозы мұнай-газ өнеркәсібі бөлімінің бастығы, 1963 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің орынбасары, 1969 жылы «Қазмұнай» бірлестігінің орынбасары болды. Ал 1971-1986 жылдар аралығында ол «Эмбанефть» өндірістік бірлестігін басқарды, осы кезеңде бірлестік жыл сайын мұнай өндіру бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, сондай-ақ бұрғылау жұмыстарында да үлкен жетістіктерге жетті.
Оның басшылығымен 15 жаңа кен орындары ашылып, игеруге енгізілді, жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары жақсарып, мұнайшылар үшін мыңдаған шаршы метр тұрғын үй салынды. Сонымен қатар Бөлекбай Сағынғалиевтың бастамасымен тұзасты шөгінділерінде іздеу-барлау жұмыстары кеңінен жүргізіліп, әлемде теңдесі жоқ Теңіз кен орны ашылды.
Оның көзін көрген, жақын араласақан адамар Бөлекбай Сағынғалиевтың талантты ұйымдастырушы және жоғары кәсіби маман екені жайлы жазабалар қалдырған. Өзінің үлкен тәжірибесі мен кең көзқарасының арқасында ол «тоқырау» кезеңінде Қазақстан үшін өте маңызды «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің басшылығына өте сәтті келді.
Оның дүниетанымы айналасындағы адамдардан қатты ерекшеленді. Көпшілік оның тапсырмаларды шешуге қатысты тәсілдерін түсінуде қиындықтар туғызды. Алайда ол мақсатқа жету жолында өзі мен басқаларды аямады, және өте қысқа мерзімде Оңтүстік Ембі аймағында іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыра білді. Оның басшылығымен 1971 жылы Прорвинск бұрғылау конторасы негізінде танымал Балыкшин бұрғылау басқармасы құрылып, «Эмбанефтегеофизика» және «Эмбанефтестрой» трестері пайда болып, жаңа басқармалар мен бөлімшелер ашылды.
Сол жақтан бірінші Бөлекбай Сағынғалиев
Оның мұнайшы және басшы ретіндегі таланты әсіресе Теңіз құрылымындағы іздеу жұмыстарының басында айқын көрінді. Айта кетейік, Теңіз кен орнындағы тұзасты шөгінділерінің мұнай мен газға бай екендігі туралы алғашқы белгі 1973 жылы Пустынный алаңында бұрғылау жұмыстары кезінде байқалды. Сол кезде «Эмбанефть» басшысы Бөлекбай Сағынғалиев Кеңес Одағының Миннефтепромынан Волгоград бұрғылау жұмыстары басқармасының экспедициясын Ембіге бағыттауды сұрады, әрі бұл жұмысты Каратон, Тажығали және Теңізде жалғастырды.
1976 жылы 19 желтоқсанда Теңіз тұзасты шөгіндісінің сводында бірінші мұнайдың 10 минуттық ағыны шыққан алғашқы бұрғылау скважинасына бұрғылау басталды. Осы 10 минуттық сынақ нәтижесі бойынша Бөлекбай Сағынғалиев Косыгинмен кездесуді қамтамасыз етіп, бұл кездесу нәтижесінде 1981 жылы 4 маусымда «Қарағанды-Орал аймағындағы геолого-барлау жұмыстарын күшейту және мұнай-газ өнеркәсібін дамыту шаралары туралы» №522 қаулысы қабылданды, ол Теңізді игерудің бастамасы болды.
1981-1982 жылдары теңізде 52,3 мың метр бойы іздеу-барлау үңғымалары бұрғыланды. 1982 жылы мұнай қорларын жедел есептеу жүргізілді. Сол жылы Теңізден солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде іздеу-барлау бұрғылау арқылы Королевское мұнай кен орны ашылды. «Прорванефть» мұнай-газ өндіру басқармасы базасында Теңіз кен орнында бұрғыланған ұңғымаларды балансқа қабылдау және одан әрі қызмет көрсету үшін 1983 жылдың маусымында «Тенгизнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы құрылды, оның бірінші бастығы болып Б. Д. Елеманов тағайындалды.
Мұнайды майталман менеджері - Сәфи Өтебаев
1993 жылдың сәуір айында Теңіз кен орнында «Теңізшевройл» Қазақстан-американдық бірлескен кәсіпорны құрылғанға дейін барлығы 421000 метр бойы бұрғылау көлемімен 100 ұңғыма бұрғыланды.
Бөлекбай Сағынғалиев алып Теңіз кен орны XX ғасырдың ең ірі жобасы екенін біле отырып, жеңіске деген сенімнін үлгісі бола отырып, аяғына дейін нық тұрып, тұрақтылық, сенімділік танытып, оған қол жеткізді. Тек 1986 жылы ғана ССРО-ның қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ресми түрде Тенгиздегі «қара алтынның» бастапқы баланстық қорын 2 млрд 648 млн тонна, ал бастапқы алынатын қорлар – 943 млн тонна деп белгіледі. Кен орындарының көлемі барлық болжамдардан асып түсті. Қазақстанның «мұнай алыбы» – Теңіз тарихы осылай басталды.
1985 жылдың 24 маусымына қараған түні Теңіз кен орнының № 37 ұңғымасында 4467 метр тереңдікте бұрғылау қашауы 5 метрге өнімді қабатка кірген кезде, күкірттің өткір иісі бар сарғыш фонтан бұрғылау қондырғысын шыңына дейін тескен. 200 метрден астам биіктіктегі өрт 400 тәулік тоқтамай, әлемге әйгілі мұнай компанияларының назарын аудара отырып, өзінің мұнай мен газдың сарқылмайтын қорларының бар екендігі туралы әлемге хабарлағандай болды.
Мұнайшылар қаражаты есебінен Бөлекбай Сағынғалиевтің қолдауымен Атырауда мұнай және газ институтының бас оқу корпусы салынды, бұл оқу орнын ашу кезінде маңызды роль атқарды. Нәтижесінде 38 жыл ішінде жоғары білімі бар 30 мыңнан астам мұнайшы маман даярланды. Бөлекбай Сағынғалиев қазіргі кезде Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде және одан тыс жерлерде түрлі лауазымдарда жұмыс істейтін мұнайшылардын басшылық құрамын дайындауға үлкен мән берді.
Оның отандық мұнай өнеркәсібіне қосқан орасан зор үлесімен таныс адамдар оны құрметтеп, есімін ұмытпайды. Ол өмір сүрген және жұмыс істеген ғимараттарда еске алу тақталары орнатылған. Оның аты Теңіздегі ТШО бөлімшесінің жаңа кеңсесіне берілген. Мұнай саласының ардагері Бөлекбай Сағынғалиев – Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Сағынғалиұлы Бөлекбайдың жұбайы Хадиша Хаирқызы, қарапайым, ақылды және зиялы, қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оның киын еңбектерінде қасынан табылып, тірек бола болды. Асқар және Мұхтар атты ұлдары мұнайшы-геолог болып, әкесінің ісін жалғастырып келеді. Ұзақ науқастанып 2009 жылы Бөлекбай Сағынғалиұлы Сағынғалиев дүниеден өзды. Ол туралы естелік қазіргі және өсіп келе жатқан ұрпақта сақталатынына күмән жөк.