Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарым-қатынас күретамыры

3138
Қарым-қатынас күретамыры - e-history.kz
Қазақ даласында қан тамырдай ию-қию болып жатқан, қиырларды жалғаған темір жол тарихы

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (қазіргі Ресейдің Саратов облысындағы Энгельс қаласы) – Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды.

Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Араға 4 жыл салып Урбах-Астрахань тар табанды темір жолы іске қосылып, оның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. 

Ал Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған ТрансСібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы біз үшін зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халқының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен ықпал етті.

Сонымен қатар, 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінен 1660 шақырымы өтетін, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын Орынбор-Ташкент темір жолы және 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі саналатын Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы 166 шақырымы Қазақстан арқылы өтетін Челябинск-Троицк-Қостанай магистралі іске қосылса, 1915-1917 жылдары төселген Новосибирск пен Семейдің арасын жақындатқан Алтай темір жолының 122 шақырымы Қазақстан жерінде созылып жатты.

Бұдан бөлек, 1918 жылы 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы да өз жұмысын бастады. Осы жылы Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жеткен еді.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111) © e-history.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?