Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаһандық апат: тарихи суреттер сыр шертеді

2730
Жаһандық апат: тарихи суреттер сыр шертеді  - e-history.kz
Елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылдың күзінде жабылды. Осылайша 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды.Полигон құрылысы үшін Семейден батысқа қарай 140 шақырым жерде жан-жағы шағын таулармен қоршалған және халық көп шоғырландырылған жерден алшақ территория таңдалып алынды. Бұл аймақ темір жол, әуе және Ертіс өзені арқылы өтетін су көлігі қатынасының болуы және оңтүстік Оралдағы Атом өнеркәсібі жақындығымен қолайлы еді, полигонды басқару жұмысы И.В.Курчатовқа жүктелді. Мемлекет тарапынан жобаны КСРО Ішкі істер министрі Л.П.Берия басқарды. 

2912bc200fb6f6598b52bb594701421a.jpg

Полигондағы сынақ трагедиясы 40 жылға созылды. 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. 1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жылы А. Сахаров шығарған бомбаның сынағы өтті. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 456 әр түрлі ядролық жарылыстар жасалса, соның ішінде әуе мен жер астында – 116 сынақ жасалды. 

9543c65eae897c3f1b28a340b2ab37a6.png

Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге дейін жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. 

6960b642e7ae463212415ac7855a1586.JPG

Ядролық сынақ аумағы. Осы мақсатта арнайы 18 млн гектар жер бөлінген. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданының, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды.

84acac8924fdd1b2ef4b7352b836f56b.png

Кеңестік атом бомбаларының негізін салушы И.В.Курчатов. Ол 1903 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. КСРО Атом энергетикасы институтының тұңғыш директоры болған. 1943 жылдан КСРО ҒА академигі. Үш дүркін Социалистік Еңбек Ері. 1960 жылы Мәскеу қаласында дүниеден өткен. 

184f49d9bf5cb97bc7fe6097769490f3.png

1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Сол жарылыста сынақтан өткізілген РДС-1 сутегі бомбасы. 

a2055cebd400bec65cd284eace5587a8.JPG

1953 жылы Қарауыл елді мекенінде сынақ алаңында қалдырылып, жарылыс кезінде қаза тапқан құрбандар тізімі. 

f4782f838e234e95b0215422a115aeb2.png

ff17a42e97f626075184df3cc57e215e.png

02636d22fe83609373ee33d9d20e9977.png

Ядролық жарылыстан кейін пайда болатын әйгілі "саңырауқұлақтар". Мысалы 1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегіндегі жарылыс қуаты 480 килотонна болған. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілген. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрған екен.

ad3ad1c72f0a8e70ad92da8eb25d28e4.JPG

Ядролық сынақтарға шыдас берген бетон қабырғалар. Кей сынақтарда шыдас бермеген бетондар балқып кеткен екен. 

969cdb7c12a6d91d58afc243d9d88f86.png

1965 жылы қаңтар айында жасалған жарылыс-сынақта 3,5 миллион текше метр топырақ көкке ұшқан. Бұл сынақтың мақсаты – жасанды су қоймасын жасау еді. Сынақ нәтижесінде пайда болған "көл" көрінісі. «Айна» түріндегі су қоймасы бетінің диаметрі 400 метр, тереңдігі 100 метр шамасында. Жасанды көл радиоактивті ыдыраудың қалдықтарымен ластанған. 

79dd7bd2173c0d90d7a5f430e5ff6867.png

Ядролық сынақтар нәтижесінде пайда болған "кратерлер".

afe846a9b400666b1a5024f206496d24.JPG

Жер асты сынақ өткізу орындары. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрған. Осынау жарылыстың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы қиыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатқан. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілген кезде, үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылған. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. 

88748589f709fd34bab88d0e2c8b6739.png

7c9b1ff78dd2a80c22c3cc889cad691f.png

Ядролық жанталаса қарулану мен түрлі сынақтардың құрбандары. 

Алайда елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылдың күзінде жабылды. Осылайша 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Ә. Назарбаев АҚШ, Ресей, Франция елдерінің басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне кепілдік берді. Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. 

dd18b224b04f0449795d41f8a13a5294.png

Сынақ алаңының қақпасы мәңгіге жабылған сәт. 

a741f7b3c95c7ac425bc2138d1c6585f.jpg

1992 жылдың мамырында полигон базасы негізінде Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық құрылды. Бұл орталық ҚР атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтардағы атом станцияларын салуды техникалық-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану бағыттары бойынша жұмыстар жасауда. 

Дайындаған Олжас БЕРКІНБАЕВ

Мақала ҚР СІМ Баспасөз қызметі мен Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдау көрсетуімен бірлесе дайындалды. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?