Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарих ғылымының докторы, профессор Тілеуқажы Шойынбаевтың туылған күні

- = -

Биология ғылымдарының докторы , профессоры Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтың туылған күні.

25871
Биология ғылымдарының докторы , профессоры Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтың туылған күні. - e-history.kz
Биология ғылымдарының докторы , профессор.
Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев Аймақ Жанғалиев (15.8.1913 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) – биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ҒА-ның академигі (2003). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–36). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–49), инстиут директоры (1949–53), Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–59), Қазақстан ҒА-ның Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–70) болды. 1970 жылдан Қазақстан ҒА-ның Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–80 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды. Сондай-ақ 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.