Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғаламат Ғазымбек

856
Ғаламат Ғазымбек - e-history.kz

Алашына адал қызмет еткен Ғазымбек Бірімжан туралы қазір ақпарат баршылық. Qyr balasy қоғамдық қоры шығарған Ғазымбек Бірімжан жайындағы кітаптар қазақ тарихы мн руханиятына үлкен үлес қосты. Елі мен жерінің тағдыры таразыға тартылып, империялық үстемдіктің қолжаулығына айналған жерде білектің емес, білімнің әсерін сезген тұлға – Ғазымбек болды. ССРО жүргізген солақай саясаттың құрбаны болған білімді, талантты, публицист және қазақтың жанашыры Ғазымбек Бірімжан туралы мақаланы ұсынамыз.

Ғазымбек Бірімжан 1896 жылы 28 ақпанда Ақтөбе облысы Торғай уезінің Тосын болысының №1 ауылында дүниеге келген. Революция жылдарында ол Алашорданың қызметіне белсенді қатысты, 1921-1922 жылдары «Ақ жол» газетінің редакторы болды. 1928 жылы Ғазымбек Берлинде Пруссия ауыл шаруашылығы жоғары мектебін (Қазіргі университет) бітірген тоғыз қазақтың біреуі болды. Алайда ССРО-ға оралғаннан кейін ол тұтқындалды, содан кейін 1931 жылы 18 Қаңтарда 10 жылдық түзеу-еңбек лагерлеріне жіберіліп, онда ол отарлау бюросының агрономы болып жұмыс істеген жіберілді. Бірімжанның ата-бабалары да ел билеген азаматтар болған. Солардың ішінде Шақшақ Жәнібекті ерекше атап өтсек болады. 

Бірімжановтар отбасында білім алу барлығынан биік тұрды. Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік сауат ашып, кем дегенде ауыл молдасында сауат ашқан. Ғазымбектің әкесі Қорғанбек Бірімжан 1864 жылы Торғай уезінде Ыбырай Алтынсариннің өзі ашқан ашқан мектепте оқыды. Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет бұл білім ордасында небәрі он алты ғана оқушы білім алған. Соның ішінде Ғазымбектің де әкесі болды. Осының арқасында Қорғамбек Бірімжан орыс тілін жетік білген. Мектепке қа тысты тағы қосымша ақпарат ретінде айта кетейік, Ыбырай Алтынсарин ол жерде бес жыл жұмыс істеді. Әрі қарай ол іс жүргізуші лауазымын атқарып, Торғай басқармасында судьялық міндеттермен айналысты. Құрғамбекке қайта оралсақ. Патша қызметіндегі міндеттерін жақсы орындағаны үшін Қорғамбек Торғай облысынан келген қазақтар делегациясының құрамына сайланып,  Санкт-Петербургке аттанды. Мүмкін сол кезде ол балаларының орыс тіліндегі біліміне бәс тігкен шығар. Қорғанбек мектептердің ашылуына белсенді қатысып, өз қаражатына оқулықтар сатып алды, оқушылар мен оқытушылар үшін Торғайда кітапхана ашумен айналысты, ол үшін үйіндегі бір бөлмесін босатып берді. Алғашқылардың бірі болып әлеуметтік кітапхананы құрды. Болашақтың кілті білімде екенін анық білген Қорғамбек барынша балаларына білім беруге тырысты. Мысалы үлкен ұлын Ахмет 1891 жылы Орынбордағы ерлер гимназиясын ойдағыдай бітіріп, Қазан Императорлық университетінде білім алуды жалғастыру гимназия тарапынан хаттама алды. 

Орынбор ерлер гимназиясының ашылу тарихы А. Васильевтің «Орыс білімінің тарихи очеркінде және оның Торғай облысындағы қазіргі жағдайы» атты мақаласында жақсы сипатталған (Орынбор 1896).

«1867 жылы генерал-губернатор министрлікке қырғыз мектебін жою қажеттілігі туралы ұсыныс жасады. Өйткені 1868 жылдан бастап Орынборда азаматтық гимназияның ашылуымен қырғыз ұлдары  басқа тұрғындардың балаларымен бірге білім ала алады. Орынборда азаматтық гимназия құру туралы мәселені генерал-губернатор Крыжановский мен Қазан оқу округінің қамқоршысы Шестаков қозғады. Орынборда құрылған... Қазан оқу округінің іссапарға жіберілген қамқоршысы, қазыналық училищелердің инспекторы Сахаровтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Генерал-губернатор Облыстық басқармадан қырғыздардың осы гимназияны ұйымдастыруға қатысуға келісімі туралы хабарлама алып, оларды қайырымдылыққа шақыруға рұқсат берді, алайда жағдайлардың барлығы толығымен ерікті болуы керек...Яғни, халықты арнайы түрде мәжбүрлеуге болмайтыны ескерілді. Гимназияға қайырымдылық жинау (материалдық және заттай) туралы хабар қазақтың кең даласын  тез жайлап, бір ауыздан көп қырғыздарда жанашырлық танытты. Келесі 1868 жылдың 1 қаңтарынан бастап Орал ордасының әр түкпірінен қомақты қаржылай  ұсыныстары келе бастады... Орынбор қырғыздарының гимназияны ұйымдастыруға берген қайырымдылықтары қырғыздардың балаларына гимназиялық білім бергісі келетіндігін айқын көрсетті. Бұл жағдайға басқарушы тарап қуанды да, одан әрі басқа да жобалардың негізі ретінде осындай әрекеттер жасауға баратынына ниет білдіргендей болды. Бүрын соңды мұндай дүниә көрмеген едік. Бұл да бір Орал тұрғындарының болашағы жақсы болатынын көрсетеді».

Гимназияда оқу бәріне оңай болған жоқ. А. Васильев жазғандай, «қырғыз оқушыларының ішінде  сыныптан сыныпқа көшетіндер өте аз болды, керісінше, барлығы дерлік бір сыныпта екі, ал кейбіреулері үш жыл қайталама курстарда отырды. Меніңше бұл оқу жүйесі көптке арналмаған. Бұл жерде тек алғыр және төзімді балалар ғана білім алады». 

1891 жылғы 11 маусымдағы Орынбор ерлер гимназиясының педагогикалық кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді: «Бірімжанов Ахмет, 19 жаста,  өте дарынды және алғыр бала, барлық оқу-жаттығу кезінде ерекше еңбекқорлығын көрсетті. Неге курсты аяқтаған кезде күміс медальмен марапатталды... педагогикалық кеңес оның оқуға түсуіне ешқандай кедергі жоқ екенін растай алады. Бұл бала оқу керек. Ахмет Бірімжановтан жақсы маман шығады деп үміттенеміз». 

Қазан университетінің заң факультетін 2-дәрежелі дипломмен бітіргеннен кейін Ахмет Бірімжан Орынборда заңгер болып жұмыс істей бастады, 1906 және 1907 жылдары Торғай облысынан І және ІІ Мемлекеттік Думаға екі рет сайланды. І Мемлекеттік думаны таратқаннан кейін Ахмет Бірімжан Орынбор аудандық сотының тергеушісі, ІІ Мемлекеттік Думаның қызметі аяқталғаннан кейін – Бузулук қаласындағы Самара аудандық сотының ведомствосында жұмыс істеді. Ақпан төңкерісінен кейін Ахмет Бірімжан – уақытша үкіметтің Қостанай уездік комиссары, ал Қазан төңкерісінен кейін әділет халық комиссариатында жұмысын жалғастырды.

Енді бүгінгі тақырыпқа түрткі болған Ғазымбек Бірімжанға келетін болсақ. Қорғамбек Бірімжанов алдымен оны Торғай уездік екі сыныпты орыс-қазақ мектебін, содан кейін Орынбор  училищесіне берді. Бірақ Ғазымбектің бірден жолы болды деп айтуға келмес. Орынбордағы оқу орнына түсу үшін Ғазымбек бірнеше жыл күтуге мәжбүр болды. Үлкен ағасы Ахметтің Торғай генерал-губернаторының атына берген өтінішінен кейін ғана 1909 жылы Ғазымбек Орынбор  училищесіне бос орынға қабылданды.

Орынбор училищесінің оқушылары, 1914 жыл. Жоғарғы қатар, сол жақтан 7-ші Ғазымбек Бірімжан (Александр Исковскийдің блогындағы сурет)

1918-19 жылдар аралығында Алаш Орда үкіметі Ғазымбек Бірімжанды адмирал Колчакпен келіссөздер жүргізуге, кейінірек башқұрт ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Заки Валидимен байланыс орнатуға жіберді. 

«Жұмысшылар аз болды, халық сауатсыз, сондықтан бір ғана мақсат қойылды: халықты зардап шегуден және тонаудан қорғау... Торғай Алаш Орда Ұйымы жанындағы ресми лауазымды атқармай, мен қайырылымдылық ұйымдармен байланыс орнату және қару-жарақ пен құралдарды алу мақсатында түрлі іссапарларға баратынмын» дейді Ғазымбек Бірімжан. 

1920 жылы Ғазымбек Бірімжанов Ташкенттегі Орта Азия университетінің медицина факультетіне оқуға түсіп, онда іс жүзінде оқуға мүмкіндігі болмады, өйткені ол «Ақ жол» газетінің редакциясының қызметкері болып жұмыс істей бастады. Онда оның публицистикалық таланты ашылды. Ол сол кезде (1920-1922 жж.) жазған көптеген мақалалар бүгінгі күнге дейін өзекті, олар Қазақстан үшін ХХ ғасырдағы қайғылы оқиғалардың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдың қоғамдық маңыздылығынан басқа, автордың буыны, қаламға ие болуы, Тарих пен классикалық әдебиетті білуі, метафораларды шебер қолдануы және жазу таланты таң қалдырады. Бұл қабілетіне қатысты көзі көргендер  Орынбордың мектебінде оқу кезеңінде жазуға деген ынтасы оянғанын айтады. 

Ғазымбек Бірімжан оқуын, мұғалімдік жұмысын, журналистік қызметін Помголдағы – Түркістан республикасында аштықтан зардап шеккен Ресей губернияларына азық-түлік жинау және сатып алу, гуманитарлық көмек көрсету үшін құрылған ұйыммен ұштастырды. 1921 жылы қаңтарда жазылған «Бізден кейін су тасқыны» атты мақаласында бірнеше мәселелерді көтерген. Соның ішінде орталықтан келген етті дұрыс қолданбау, жалпы еттің сапасы, аграрлық мәндегі әңгімелерді жазып отырған. 

1922 жылы Ғазымбектің білім жолындағы жаңа кезеңі һәм белесі басталды. 

Жыл соңында Ғазымбек Бірімжан Түркістандық ОСК-тің атынан Германияға оқуға жіберген студенттер тобына кірді. 1922 жылдың күзінде Берлинге келген Ғазымбек бірнеше ай бойы неміс тілін меңгеріп, 1923 жылдың жазында Берлин жоғары ауылшаруашылық мектебіне оқуға түсті. Оқу барысында көп тәжірибе жинаған ол, өзінің оқу қабілетін шыңдай түсті. Германияда оқып жүріп, өзіне шет елдік көп достар тапты.  Естеріңізге сала кетейік, ол кезде неміс тілін мектепте үйреткендіктен Ғазымбек бұл тілді тез меңгеріп алды. Дегенмен Ғазымбектің мектептегі бағасы қанағаттандырарлық болатын. Бірақ онымен бірге Берлинге табан тіреген студенттердің көбі жарты жылдай тілді үйрене алмады. Бес жылдың ішінде Ғазымбек көп ғылыми еңбектер жазады. 1928 жылы оқуды сәтті бітіріп, Мәскеуге агроном дипломымен оралды. 

Германияда оқып жүрген уақытында Ғазымбек «Ақ жол» газетіне екі ғана мақала жолдады. Бірінші мақалада оның жолдағы әсерлері туралы айтылды, ал екіншісінде өзбек студенттерінің Германияда болған инфляцияға байланысты оларға материалдық көмек көрсету туралы үндеуі болды. Оқудан келггеннен кейін ол Мұстафа Шоқаймен кездесіп, біраз мәселені талқылағаны туралы жасырмай айтқан. Бұл жерде қосымша ақпарат ретінде айта кету керек. Ғазымбектің «Ақ жол» газетіндегі бүркеншік есімі «Шеген» болған. Шеген атауының бір себебі бар. Отарлау саясатының алапат қысымын халыққа жеткізбей, ел арасында әділ би, шешен болған Шеген Мұсаұлының ұрпағы болғандықтан осындай бүркеншік есімді алған болса керек. Өкінішітісі сол, өте білімді болашағынан үміт күткен Алаш арысы Ғазымбекте тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Германиядағы оқудан кейін озам деген Ғазымбек келгеннен соң тоздырып жіберді. 

ССРО-ға оралып, Қазгосторгта жұмыс істей бастаған Ғазымбек Бірімжан 1928 жылы желтоқсанда қамауға алынды. Ол Мәскеудегі «Бутырка» түрмесіне қамалды, ал 1930 жылы 4 сәуірде ату жазасына кесілді, алайда 1931 жылы 8 қаңтарда іс қайта қаралды, ату туралы үкім жойылды және Ресей Қылмыстық кодексінің 58/7, 58/11, 59/3-баптары бойынша Ғазымбек Бірімжан 10 жыл мерзімге «ТЕЛ-ге» бас бостандығынан айырылды. 

Қосымша ақпарат ретінде беріп өтсек, «Бутырка» – Мәскеуде орналасқан, аты аңызға айналған тергеу изоляторы. ТМД елдерінің көпшілігіне бұл түрме «17 мгновений весны» фильмі арқылы танымал. Кинодағы түрме картиналары, ұзын дәліздер, қырағы күзетшілер, бірнеше қабаттан тұратын темір торлар бұл жерден ешкімнің қашып шыға алмайтынына көрерменін толық сендірді. Ал анығында, «Бутырка» түрмесінде бірнеше рет қашу операциялары жоспарланып, бірқатары жүзеге асқан. «Бутырка» түрмесінде Ғазымбектен басқа да Алаш арыстары азап шеккен. Әлихан Бөкейханның өзі де «Бутырканың» азабын тартқан. 1929 жылы Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлылармен бірге Ахмет Байтұрсынұлы да қамалып, үш жылға жуық отырады. Кейіннен Архангелге каторгаға айдалады. 1931 жылы бұл түрмеде атылған Жүсіпбек Аймауытұлы: «Өз зиялыларынан езгілеген ел үкіметінен ешқашан кешірім сұрамаймын» деп айтқан. 

 

Мәскеудегі «Бутырка» түрмесінің ғимараты

1937 жылы Ғазымбек контрреволюциялық террористік ұйымға қатысты деген айыппен қайта қамауға алынып, КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы оны атуға үкім шығарды. 1938 жылы 19 наурызда үкім орындалды. Тек 1991 жылы ғана КСРО Бас прокуратурасының жарлығымен ақталды. 

«Ғазымбек Бірімжановтың есімі маған бала кезімнен таныс деп айта алмаймын. Менің әжем Іңкәр Ахметқызы Бірімжанов ол туралы ештеңе айтқан жоқ. 30-шы жылдардағы қуғын-сүргін Бірімжановтар отбасына да әсер етті, бірақ бұл туралы көп жерже жазылды. Кейде үнсіздік қабырғасын бұзған үзінді әңгімелерден Лейла Ғазымбектің Германияда білім алған, саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны, білімді және жарқын ағасы бар екенін және 1937 жылдан бері ол туралы ешқандай ақпарат таралмағанын білді. Ғазымбек отбасын да, балаларын да қалдырған жоқ. Қуғын-сүргін құрбандары туралы ашық айту кейінірек мүмкін болды. 1988 жылы Қазақ КСР Жоғарғы сотының қаулысы туралы белгілі болған соң, Іңкәр Ахметқызы өзімнің ағам – Ғазымбек Бірімжановты оңалту туралы анықтама алуды міндет деп санадым. Ғазымбек Ақталған деген қағазды әжем қолына алғанда арқасынан ауыр жүк түскендей қуанған болатын» дейді оның немере қарындасы Лейла Айтхожина. 

90 жылдардың аяғында Лейла өзінің ағасы Ғазымбектің қабірін белсенді түрде Мәскеу маңындағы Бутовадан іздеді. Ол жақтан таппаған соң, тарихшылар мен өлкетанушылардың кеңесімен Мәскеу шетіндегі Коммунаркадан іздеген. Қазіргі таңда Ғазымбектің есімі сол жерде саяси құрбандардың есімдері белгіленген тақтайшада жазылып тұр. Лейла мұнымен ағасына қатысты деректерді іздеуді тоқтатпады. Кейіннен ол «Мәскеу мемлекеттік архивінде» 1921жылы жазылған қолжазбалар тапты. 

Ғазымбектің «Қырғыздарға қалай жақындауға болады?» мақаласында орыс тілді қоғамдастыққа үндеу ретінде, халықты құрметтеуге және оған назар аударуға, оның өмір салтын ұстануға деген үмітпен жүгіну болса керек. Осы жазбалар арқылы мақала кейіпкерінің нағыз ұлтшыл азамат екенін аңғарсақ болады...

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?