Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЕҰУ-да Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

2326
ЕҰУ-да Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай халықаралық конференция өтті - e-history.kz

Сурет: enu.kz

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейбарыс сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,-деп хабарлайды ЕҰУ баспасөз қызметі.  Бұл конференция көрнекті тарихи тұлғаның 800 жылдығына арналған іс-шаралар легін бастап берді. Негізгі  мақсат – Бейбарыс сұлтан туралы соңғы мәліметтерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу және оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдыков, еліміздің және шет мемлекеттердің белгілі қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Саясат Нұрбек Бейбарыс сұлтан тарихта дана басшы, көрнекті қолбасшы ретінде өшпес із қалдырғанын атап өтті. «Мұндай конференцияларды өткізудің аса маңызды екеніне тоқтала келіп, жастар үшін ғибрат екенін жеткізді. «Біз ата-бабалар мұрасын зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек», - деді министр. 

Асхат Оралов өз сөзінде мұндай конференциялар өткен тарихымызды тануға және тарихи тұлғалар туралы тың деректерді білуге мүмкіндік беретіндігімен өте құнды екендігіне тоқталды.

Дархан Қыдырәлі өз сөзінде түркі халықтарының дүниежүзілік тарихтағы рөліне тоқталып, олардың даналығын, әділдікке ұмтылуын атап өтті.

Конференция барысында Бейбарыс сұлтанның тарих пен өнердегі бейнесі, оның дипломатиясы, қазіргі жастарға үлгі боларлық тұлғалық келбеті, Ұлы Дала өркениеті және Қыпшақ факторы тақырыптарында отандық және шетелдік ғалымдар баяндама жасады. 

«Бұл конференцияны белгілі түркітанушы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізудің символдық мәні бар деп санаймын. Белгілі ғалым 1260 жылғы моңғолдардың Иерусалимге шабуылын «Сары крест жорығы» деп атап, олардың жолын кескен қолбасшы Бейбарыс сұлтанның талантын жоғары бағалады. Ол түркі мен араб әлемін байланыстырды», - деді ЕҰУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамбыл Артықбаев өз сөзінде Бейбарысты Мысырға жетелеген тағдырындағы негізгі тарихи деректер туралы айтып берді.

«Бейбарыс сұлтан, ең алдымен, ұлы даламыздан шыққан. Ерте қайтыс болғанға дейін Бейбарыс мешітін салып үлгерді, ол өзінің бастапқы түрінде сақталмады. Менің ойымша, бұл Отан үшін құнды сыйлық», - деді тарихшы.

Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Сатай Сыздықов моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Жетісудағы Қарлық хандықтарының Шыңғыс ханмен, Күшлік ханмен және Қарақытаймен саяси қарым-қатынасын қарастырды.

Түркі академиясының халықаралық ұйымының президенті Мұстафаев Шаһин Маджид Оғлы Сұлтан Бейбарыс түркі халқының ұлы тұлғасы екенін атап өтті.

«Қазақстанның Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары деңгейде атап өту туралы шешімі жақсы бастама деп санаймын. Бейбарыс Сұлтанның өмірбаяны Дешті Қыпшақпен немесе қазақ даласымен тығыз байланысты. Бұл ислам өркениетін қорғауға үлкен үлес қосқан көрнекті тұлға»,- деді профессор.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Адиша Әбілова Сұлтан Бейбарыс мұсылман әлемінің ең дарынды көшбасшыларының бірі екенін атап өтті.

«Бейбарыс билік құрған 17 жыл ішінде Египетті қуатты державаға айналдырды. Ол армия, флот құрды, жолдарды ретке келтірді және пошта жұмысын ұйымдастырды. Бейбарыс моңғолдар арасында ислам дінінің таралуында маңызды рөл атқарды», - деді ғалым.

ХХІ ғасыр мәдениетіндегі Сұлтан Бейбарыс бейнесінің идеялық-тақырыптық мазмұнының ерекшеліктеріне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану магистрі Е.Нұролла тоқталды. Оның айтуынша,  Сұлтан Бейбарыс ХХІ ғасырда күллі ислам әлемі мен түркі халықтары үшін маңызды тұлғаға айналып, Қазақстан мен Мысырды байланыстыратын алтын көпір. 

Конференция барысында Нұр-Мүбарак университетінің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Қайрат Сәки «Бейбарыс тұлғасы – аңыз бен ақиқат», философия ғылымдарының докторы, академик Болат Көмеков «Ұлы дала өркениеті және қыпшақ факторы», Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ экономика ғылымдарының докторы, халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Сайлау Батыршаұлы «Сұлтан Бейбарыс – қыпшақ-қазақ халқының мақтанышы және оның дипломатиясы», Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым және инновация департаментінің директоры Палтор Ықтияр Молдатөреұлы «Сұлтан Бейбарыстың қазіргі жастарға үлгі ретіндегі тұлғалық келбеті» тақырыбында өздерінің ойларымен айтты. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?