Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта
31
Желтоқсан

Елтаңба туралы қызықты деректер

7546
Елтаңба туралы қызықты деректер - e-history.kz

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күнінде Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күнінде Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Қазақстан тарихы" порталы Мемлекеттік  елтаңба туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Тәуелсіз Қазақ елінің Мемлекеттік елтаңбасы әлемдегі ең әдемі мемлекеттік символдардың бірі. «Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында саяси астар немесе күш көрсету белгілері жоқ. Онда қазақ халқының ғасырлар қойнауына кететін бай тарихы, қалыптасқан әдет-ғұрпы, төл мәдениеті және өзіне тән бостандық сүйгіштік, кеңпейілділік, қонақжайлылық қасиеттері паш етіледі. Ол – тәуелсіз елімізді мекендеген қазақ ұлты мен түрлі этнос өкілдері ынтымағының, тұтасқан рухани бірлігінің белгісі», - дейді Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз. 

707749_1495775690.jpg

1.     Елтаңба термині неміс сөзінен аударғанда «Мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.

2.     Қазақстанның елтаңбасын құрастыруда авторлар 293-тен аса жоба ұсынған.  Елтаңба конкурсының сыйақысы - 20 мың рубль болған.

3.     Конкурста үздік деп танылған Жандарбек Мәлібековтың жұмысы (елтаңба макеті) Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласынан жүк көлігіне жасырылып әкелінген. 

4.     Елтаңбаның төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазудың екі шетіндегі арыстан мен бөрінің бейнесі кейінгі өзгерістер кезінде қосылған.  Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мақсатында 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы латынша “QAZAQSTAN” деп өзгертілген.

5.     Елтаңбада бейленген пырақтардың мүйізінде жеті сақина бар. Ол – «жеті ата» мағынасында қолданылған. Қазақ  үшін 7 саны ескіден қасиетті сан болып саналады. Бір қызығы елтаңбадағы «мүйіз» депутаттарға ұнамай, алынып тасталғалы жатқанда, сессиядан бір күн бұрын түнгі сағат 23:00-де тұңғыш президент хабарласып, «мүйізді», барлығын орнына қойсын деп айтқан.

6.     Ж.Мәлібеков елтаңбаның жоғарғы жағына жұлдыз, жарты ай немесе күнді қоюды ұсынған. Бірақ, кейбір депутаттар айды - исламдық фундаментализмнің символы, ал жұлдызды - кеңестік дәуірдің символы ретінде есептеген. Соңғы шешімді «қазақтарда әр адамның өз жұлдызы бар деген сөз бар. Біз - жас мемлекетпіз, тәуелсізбіз. Біздің өз жұлдызымыз, даму жолымыз бар» деп ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев қабылдаған.

7.     Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.

8.     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі бойынша арнайы бап бар.

9.     Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ тұңғыш рет мемлекеттік рәмізде қолданылып отыр. Ол ел тұтастығын, ошақ, отбасы бірлігін білдіреді. Қазақ халқы шаңырақтың биіктігін, керегенің кендігін, босағаның беріктігін батамен де, түрлі бейнемен де рәміз деңгейіне көтере алған. Шаңырақ, кереге, босаға ұғымы - елдіктің символы.  

10. Елтаңбада шаңырақты көтеріп тұрған 72 уық бар. Ол «Бір ел, бір халық, бір мақсат» тұжырымдамасы негізінде жасалған.

Әлімхан Ажар

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?