Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2024
«Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы  - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдық ұлы тойының Астана қаласында өткізілетін шаралардың ең бастысы – кең масштабтағы «Мәңгілік Ел» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада, Назарбаев Университетінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия басшылары, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, судьялық корпус, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сонымен қатар 22 әлем елдерінің жетекші ғалымдары мен мамандарының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. 

Қонференцияға 1500-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында Әзірбайжан, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция және Швейцарияның танымал ғалымдары бар. 

Конференцияның Пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Республикалық комиссияның төрағасы Б. Сапарбаев ашады. Кіріспе сөз ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Президент Н. Назарбаевтың конференция қатысушыларына арналған хатын оқиды, одан кейін отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалады. 

Конференция шеңберінде «Қазақ хандығы және Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы», «Қазақ хандығынан – Қазақстан Республикасына дейін: тың деректер, жаңаша тұжырымдамалар», «Қазақ құқығы мен билер сотының әлем өркениетіндегі орны», «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны» атты 4 секция отырысы өткізілді. 

Пленарлық және секциялық отырыстарда конференцияның отандық және шетелдік қатысушылары Қазақ хандығының төрт ғасырдан асқан дамуының рөлі мен мәні туралы пікірлермен алмасады, Ұлы дала кеңістігінде тарихи-мәдени мұраға бай ғасырларды зерттеу, «Мәңгілік Ел» идеясымен жүзеге асқан Қазақстан Республикасы халқының жоғары мағыналы ұлттық құндылықтар мен идеалдарды болашақ ұрпақ үшін сақтау мәселелерін талқылайды. 

Масштабты халықаралық ғылыми форумның өтуі халықтың ерлікпен өткен тарихын зерттеуіне, әрбір қазақстандықтың басты мерейтойлы датасына құрмет көрсетуіне қосымша серпін береді. Қазақстан аумағы мыңжыл бойы өркениеттің торабы болды, халықтардың ұлы көшінің легіне айналып, бабалармен евразиялық дала жазығы игерілді, тұрмыстық материалдық және рухани мәдениет қалыптасты. 

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керейдің құрып кеткен Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халықтың бірлігін дәлелдейді. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлау – өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалардың алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы датадан бұрын есептелетін мызғымас негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. 

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялық көрікпелдігінің арқасында Қазақстаның заңды ресімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруында, ұлттық ұқсастық және халықтың бірлігін нығайтуында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көл ұлттың өкілдеріне отан болып табылды. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. 

Конференция резолюциясында қатысушылар барлық Қазақстан азаматтарына мемлекеттің Тәуелсіздігіне сенімді тірек болған, халықтың қайнар көзіне айналған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының терең мағынасын түсінуі қажет деп үндеу жасады. Ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, барлық қазақстандықтарды елдің гүлденуіне белсенділік көрсетуіне, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру және Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын нығайтудағы күш жетерлік үлес қосуларына шақырды. 

Қарарда: «Әріптестерді ұлттық тарихтың нышандары мен бейнесін көпшілікке тарату үшін үнемі ғылыми-зерттеу, білім және ағарту жұмыстарын жүргізуге, бұқаралық ақпарат құралдарын, кітап баспасын, ғылыми конференциялар мен форумдарды қолдануды шақырамыз. Халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдеріне барлық мүмкін болатын құралдар арқылы мәдени-гуманитарлы қауымдастық, өркениет диалогын әрі қарай дамыту мен нығайтуды сұраймыз», — деп айтылған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?