Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өнертанушы Ұлттық музейде дәріс оқыды

1801
Өнертанушы Ұлттық музейде дәріс оқыды  - e-history.kz
Қазақстан Республиканың Ұлттық музейінде өнетану докторы, орыс зерттеушісі Дмитрий Северюхин әлем мәдениеті және замнауи өнер хақында дәріс оқыды

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде орыс мәдениетін зерттеуші, сыншы, өнертану докторы Дмитрий Северюхин дәріс оқыды. 

Ұлттық музейдің «Әлем мәдениеті және заманауи өнер» жобасы аясында өткен іс-шарада көркем шығармашылыққа қатысты, өнер туындыларының тарихы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. 

Шетел қайраткерлерінің көркем шығармаларындағы идея мен жасампаздық көріністерін талдап көрсетті өнертанушы ғалым Северюхин. 

Дәріс тыңдалымына қаламыздағы жоғары оқу орындарының «Өнертану» бөлімінде оқитын студенттер, магистранттар және докторанттар, сондай-ақ Ресейдің өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдары мен суретшілері қатысты. 

1e942b4795e5c7dedab78bf58867a823.jpg

Тыңдалымға келген студенттер мен өнертанушы ғалымдар білімдерін жетілдіріп, замануи өнердің туындыларына қанық болды. Ерте полеолит дәуірінен бері жасалып, бейнеленген таңбалардың суреттерін тамашалады. 

«Біз бүгінгі дәрісімізде сурет өнерінің символикалық бейнелеріне тоқталдық. Суретте көргендеріңіздей палеолит дәуірінен бүгінгі уақытқа дейінгі таңбалардың тілін меңгеріп, трансформациялау заман талабы. Өйткені олар заманауи өнердің бейнелі тілін қалыптастырды. Әр түрлі жанрдағы бейнелі суреттерде көбінесе адамдар мен жануарлар суреттелген. Символикалық бейнелер таным-түсінігін қалыптастырып, жаңаша түсінік қалыптастырады. Бұл өнерді алғаш түсініп, ғылымға енгізген француздық Поль Сезанн болатын», – дейді дәріс лекторы Дмитрий Северюхин. 

630f724b264c5b0e1f2b48ef9d3b8bb9.jpg

Сондай-ақ тыңдалдым барысында ерте кезден символикалық бейнелерге айналған адамдар мен жануарлардың құпия сырға толы суреттерін тамашалады. Алғашқы символикалық бейнелер тілін түсінген француз постимпрессионисті Поль Сезанның туындыларын тамашалады. 

«Сезанн шығармашылығының философиясы ХХ ғасырдағы өнердің негізін құрап, суретшілерге табиғатты тікелей және әдеби-символикалық құрамдас дүние түрінде көшіруге бағыт берді», – дейді өнертанушы. 

Дмитрий Северюхин – Санкт-Петербург Суретшілер одағының мүшесі, өнертану докторы, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Санкт-Петербург мәдениет және өнер университетінің профессоры, магистратураға арналған білім беру бағдарламаларына қатысты оқу-ағарту кешендерінің авторы әрі құрастырушысы, «Петербургтің тарихи жазбалары» атты кітап серияларының баспагері және редакторы.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?