Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Құрмаш Имамбаев

1454
Бір суреттің тарихы. Құрмаш Имамбаев - e-history.kz
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтардың арасында әкеміз Құрмаш Имамбаев болды.

Ол 1917 жылдың қазан айында Үлкен Нарымдық ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. 

Жасынан жетім қалып, Шыңғыстай мектебін, кейін Семей педагогикалық техникумын бітірді. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына шықырылды. Украинаның Каменец-Подольск облысында әскери қызметте жүріп, партия мүшесі болып атанды. Ал 1940 жылы Бессарабия елін босатуға қатысқан. Әскери қызметте үздік саяси және әскери дайындығын көрсетті. 1940 жылы Тернополь облысының Сборобе қаласында әскери қызметін өтеп, соғыс бөлімдері атынан қалалық кеңестің депутаты болып сайланды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері оған қатысқан. Инженерлік әскердегі понтон батальонның командирі, батальондегі партиялық ұйымның хатшысы болып тағайындалды. 

Днепр, Днестр, Десна, Оңтүстік Буг, Дон, Еділ және басқа өзендерін жаулап алу үдерісіне атсалысқан екен. Старшина Имамбаев 1-ші, 2-ші, 3-ші Баларусь майдандарында соғысқан. Сонымен бірге, понтон-көпір батальондегі А. Невский, Суворов, М.Кутузов ордендерінің құрамында соғысқан еді. Берлинге жетіп, Ұлы Жеңісті Кенингсберг қаласында қарсы алды. 

Кезекті өзен жанындағы аумаққа шабуыл жасап отырғаны үшін өзінің әскери марапаттарын алды: Дон аумағын жаулап алғаны үшін — «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені», Днепр өзенінің аумағын жаулап алғаны үшін — «Қызыл жұлдыз ордені». Висла өзені жанындағы аумақты жаулап алып, «Ерлігі үшін» медалін алды. 

Сарбаздарымыз Одер өзені жанындағы аумақты жаулап алғанда, Құрмаш Имамбаев «Әскери еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Сталинград қорғанысы үшін» медалі Құрмаш Имамбаевқа аса қымбат болып көрінеді. Әскери марапаттарының ішінде «Кенигсбергті жаулап алу үшін» медалі-де бар. 

Беларусь елінен шыққан Григорий Никитович Осташевпен әскери өмірдің көп қиыншылығын бастарынан өткізді. Григорий Никитович Құрмаш Имамбаевтың әскери жолдасы болды. Біздер үшін әкеміздің соғыс кезіндегі суреттері достықтың, құрмет пен адалдықтың бейнесі болып табылады. Бұл суреттер соғыс жылдарына көрсетілген құрмет деп айтуға болады. 1945 жылдың мамырындағы Жеңісті көптен бері күтіп жүргенбіз. 

Соғыста өзінің жерлесін, Кеңес Одағының Батыры — И. В. Топориковты кездестірген болатын. 1943 жылдың қазан айы. Украина флотының 3-ші әскері (осы кезде Р. Я. Малиновский басқаруымен Оңтүстік-Батыс майданы осылай аталды) шабуылға барып, армиялар Днепр қаласына жылжи бастады. Бұл оқиға бүкіл елге белгілі болды. Жаңа жеңістер сарбаздар мен тылдағы еңбекшілердің көңіліне зор қуаныш, әрі үлкен мақтаныш сезімін ұялатты. 

12-ші әскердің сарбаздары Изюм қаласынан Днепрге қарай беттей берді... Көкжиектен Днепрдің оң жағалауы және Запорожье қаласы көріне бастады. Запорожье қаласының қасында Днепро ГЭС-ның (су электроқуаты станциясының) қалдықтары көрінді. Кеңес Одағы кезінде адамдар осы су электроқуаты станциясымен мақтанып жүретін. 1941 жылы немістер шабуыл жасап, аталмыш станцияны қиратты. 

97806a0bbcd2aab95c3cd11eae139bb1.jpg

Днепр өзенінің қасындағы аумақты жаулап алу, 1943 жыл (фотосуреттің бірінші қатарында — Қ.Имамбаев) 

Өзен жанындағы аумақты жаулап алу мақсатымен дайындық басталды. 2-ші дербес гвардиялық понтон-көпір батальон Запорожье қаласында орналасқан. Әкем осы батальонның құрамында соғысқан еді. 

Ымырт түскенде сарбаздар су ішкісі келіп, Днепр өзеніне қарай беттеді. Олардың біреуі каскасын сумен толтырып, екіншісі өз пилоткасын суға батырып алды, кейбіреулері жағалаудағы құмға жатып, бетін өзен толқындарына тигізді. Бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі болып, шабуылға баратын еді. 

— Осы кезде бөлімшелерде партиялық пен комиссиялық жиналыстар болды, — әкем есіне алып отырған, — бәріне түсінікті болды: Днепр өзеніне бірінші болып шабуылға барамыз, ал алдыңғы қатарларымызда коммунистер мен комсомолдар еді. 

1943 жылдың 25 қазанына қараған түні қолында автоматы бар сарбаздар паромдарға түсіп, өзеннен өте бастады. Олардың мақсаты: қарама-қарсы жағалаудың жеріне түсіп, плацдармды жаулап алып, өзінің бөлімшелеріне судан өту үшін мүмкіндік беру. Суық қысқы түнде өзеннен өтіп шыққан сарбаздар оттың қасында жылынып отырды. Олар соңғы шайқастың оқиғалары мен үйлерін есіне алып отырған. Қараңғылықтан белгісіз сарбаз шығып, оттың қасында отырды.Олар өзара сөйлесе бастайды. 

«Біздің өлкеміздегі қыс суық болады», — деді тоңып қалған алақандарын отқа қарай созып отырған сарбаз . «Ал сен қай жерде туып өстің?» —  деп сұрады Құрмаш . 

 «Черновая деген ауыл бар... Қазақстанда». 

«Сәлеметсің бе, жерлесім!» — әкесі қуанып қалды. Сарбаз жерлесімен қауышты. Осы сәттен бері екі сарбаздың достығы басталды. Олардың достығы И.В. Топориковтың өліміне дейін созылған еді.

Иван Васильевич Топориков 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысының Черновая ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталар алдында ол Пахомов атындағы ауыл шаруашылық артелінде жұмыс істеген. 1942 жылдың шілдесінен бері екінші гвардиялық понтон-көпір батальонның құрамында болып, фашистерге қарсы шайқастарға қатысады. Батальон Украина майданының 12-әскерінің құрамында болды. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығы бойынша старшина Топориковке Днепр өзенінің жанындағы жерлерді жаулап алу кезінде көрсетілген ерлігі, батырлығы, өзін-өзі құрбан еткендігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. 

Жылдар өтіп барады. Қазіргі кезде әкеміз арасымызда жоқ, бірақ оның бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Белқарағай ауылындағы бір көшеге оның есімі берілген, ал үйге мемориалды тақта орнатылды. Біздер, балалары, немерелері және шөберелері үшін, Құрмаш Имамбаев көрсеткен мейірімділік, ерлік, қарапайымдылық, құрметтеушілік пен терең даналықтың өнегесі бәрінен маңыздырақ болып көрінеді. 

12b5b8f0318a972b5b82d0fec1f4be86.jpg

Игібаева Айнагүл Құрмашқызы, 

педагогика ғылымдарының докторы, 

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің профессоры, 

 Психология ғылымдарының халықаралық академиясының академигі, 

 Өскемен қаласы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?