«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ғаламшарымыздың кемімес көмір кені

484
Ғаламшарымыздың кемімес көмір кені - e-history.kz
Екібастұз көмір бассейні мен оның «Богатырь» тілігі — дүние жүзіндегі ірі, ең белгілі, аса қуатты көмір кендерінің бірі. Қазіргі кезде-де олардың даңқы шарықтап тұр.

Қазақстанда 100-ден астам кен орны ашылды, олардың ішінде 40 кен ошағы зерттелген. Көмірдің негізгі бөлігі Орталық Қазақстанда шоғырланды, ал Екібастұз, Шұбаркөл, Қарағанды, Майкүбі көмір алаптары өндірістік тұрғыдан игерілген. Қазақстан көмірінің жалпы геол. қоры 150–160 млрд. т шамасында бағаланады. Ғалымдардың айтуынша, көмірді ашық әдіспен өндіргенде, Қазақстандағы көмір қоры 200 жылға жетеді.

c2433c6b1a4678051410511ea569d619.jpg

Екібастұз көмір бассейнінің аумағында орналасқан көмір тіліктерінің арасында ең қуатты — «Богатырь» тілігі. Бұл Қазақстанда ең ірі көмір тілігі болып, әлемдегі-де ең ірі көмір тіліктерінің бірі болып саналады. Оның жобалық қуаттылығы — жылына 50 млн.т. Қазіргі кезде Екібастұз көмір бассейні ел ішіндегі және шетелдік электр станцияларын жабдықтанады.

Екібастұз көмір бассейнінің тарихына үңіліп, Екібастұз көмір алабы және «Богатырь» тілігі бүкіл әлемге танымал болған кезіне ерекше тоқталып, бүгінгі өнеркәсіп ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Екібастұз кен ошағы XIX ғасырдың екінші жартысында Павлодар облысының Баянауыл ауданында ашылған. 1886 жылы геолог-үйренуші Қосым Пшембаев көмір кен орнын кездейсоқ ашты. Пшембаев табылған орынды көршілес жатқан көлден әкелген екі басты тұзбен белгілеген. Осыдан: «Екі бас тұз» атауы пайда болды.
XIX ғасырдың соңында екібастұздық көмірмен павлодарлық көпес А. И. Деров қызықты. Нәтижелі мен нәтижесіз іздеу-барлау шаралардан кейін көмірді ашық әдіспен өндіру туралы шешім қабылданды. Бірақ бұған Деровтың қаржысы жеткіліксіз болғандықтан, ол акционерлік қоғам құра бастады. Кейін ол «Воскресение» («Жексенбі») деп аталып кетті.
1895 жылы көктемде Деров Қасым Пшембаевпен Екибастұз кен орныныда үш барлау шахталарын орнатады (Владимирская, Мариновская, Ольговская). 1896 жылы Батыс-Сібір тау партиясының бастығы А. А. Краснопольский Екібастұзға өзінің көмекшісі — бас инженер А. К. Мейстерді жібереді, ол төрт ай шамасында көмірдің табылу орнына толық барлау жүргізді. Мейстерден кейін француздық тау инженері Жорж де Кателен келді. Кателен өзінің 1897 жылы Парижде жарық көрген «А. И. Деров пен Оңтүстік Сібірдің кен қазбаларын зерттеу очерктері» атты кітабында келесіні жазды:
«Екібастұз бассейнінің көмір байлығы алып, біз оған ұқсас минералды отынның басқаша Еуропада болуын ойламаймыз да».
Осы кезде Екібастұз көмір кен орнын игеру үдерісі басталды. Екібстұздың батыс жағында шағын жұмыс кенті пайда болады. Белгілі ойлап шығарушы, ғалым, тілші В. Я. Новиков өзінің «Екібастұз» кітабында жазғандай, Екібастұз көмір кендері Қазақстандағы ең ірі көмір кендері болып табылған. Осы кезде Екібастұз ірі өндірістік орталығы болды. Мұнда қорғасын, мырыш, шойын қорыту, кірпіш зауыттары мен элект станциялары, темір жолы жұмыс істеп тұрды.
1918 жылы Екібастұз кен орындары ұлттандырылды. Осыдан кейін Екібастұз кен ошағының кеңестік тарихы басталады. Аталған кен орны бүкіл әлемге белгілі болды.
1939 жылы кеңестік үкімет Екібастұз кен ошағында көмірді қайта өндіру мен тіліктердің құрылысы туралы тиісті қаулы шығарды. «Екібастұзкөмір» тресі құрылды. Кент аумағында ескі құрылыстарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталып кетті. Соғыстан кейінгі жылдарда, 1947 жылдары № 1 Ертіс көмір тілігінің (Екібастұздағы бірінші тілік) жоспары әзірленді. 1948 жылы жазда алғашқы көмір тілігінің құрылысы басталып, Екібастұз қаласының негізі қаланды. Болашақ қаланың орнында шатырлы қалашық болып орналасты, ал кейін алғашқұы бірқабатты құрама үйлер пайда болды.
Көмір тыңы
1954 жылы астық жиналды. Бұл ел үшін мақтанатын жетістік болды. Осы жылы Екібастұздың тың жерлеріне жақын орналасқан көмір жерлері игеріле бастады. 25 желтоқсанда бірінші вагонға көмір тиелді. Екібастұздықтар үшін бұл атаулы күн болды. Алғашқы көмірді шығару үшін пайдаланылған шөміш сапаржай маңындағы алаңда орнатылған ескерткіш ретінде тұр. 1957 жылдың 12 маусымында Екібастұзкөмір кенті қала мәртебесіне ие болды, оған Екібастұз атауы берілді. Осы кезде қала тұрғындарының саны 25 мыңға дейін асты.

25a14aa5c0fadb2b142b2cb860ee83b0.jpg

b68b911c1510b9bdab60ddd0299dfabd.jpg

Екібастұз қаласының ескі фотосуреттері (қала әкімдігінің сайтынан алынған фотосуреттер)

d53e66f66cffb86711a9373fd23dde45.jpg

«Богатырьдің" пайда болуы
1967 жылдың қаңтарында Екібастұз көмір бассейінде көмірдің 100-дық тоннасы өндірілді. 1970 жылдың маусымында «Ертіскөмір» тресі «Екібастұзкөмір» комбинаты деп атауын өзгерді. Осыкезде-де № 1, 2, 3 Ертіс тіліктерін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оларға жаңа атаулар қойылды. № 1 Ертіс тілігі «Орталық», ал № 2 Ертіс тілігі — «Батыс», Солтүстік тілік — «Солтүстік», ал Оңтүстік тілік -«Оңтүстік» деп аталды. Бір жылдан кейін № 5/6 Ертіс тілігі «Богатырь» деп аталды.

266b0476704fc02c8ce23fc53830a306.jpg

1976 жылы Екібастұз көмір бассейні КСРО көмір бассейндерінің ішінде үшінші орынға ие болды. 1979 жылдың 27 желтоқсанында «Екібастұзкөмір» кәсіпорынның жалпы қуаттылығы — жылына 50 млн т. 1985 жылы екібстұздық «Богатырь» көмір тілігі Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең ірі көмір тілігі ретінде енді.

Екібастұз көмір бассейнінің жаңа тарихы
80-шы жылдардың аяғында Қазақстан, Сібір, Оралдың ондаған электр станциялары екібастұздық отын негізінде жұмыс істеді. 1988 жылы көмір өндірімі 89,7 млн тоннаға жетті, бұл көрсеткішКСРО-дағы көмір өндірімінің 12%-ын құрады. Екібастұздық көмір тіліктері жаңа техниканың сынақ полигоны ретінде пайдаланылған. Екібастұздағы сынықтан өткен жаңа технологиялар КСРО-ның басқа тіліктерінде қолданылған. «Екібастұзкөмір» еңбек өнімділігі бойынша, АҚШ, Германия, Польша сияқты елдерінен озып кетті. Бұл елдерде көмірді ашық әдіспен өндірген.


3d4b1661c72a1f715913ca13c1d20da8.jpg

Дегенмен, КСРО ыдырауы Екібстұздың әлеуметік пен экономикалық жағдайларына қайта айналмайтын өзгерістерді енгізді. Екібастұздық көмірге деген сұраным төмендеп, энергетика мен көмірді өндіру салаларына қатысы бар екібастұздықтардың материалдық жағдайы нашарлап кетті. 1996 жылдың 1-ші сәуірінде бұрын КСРО-ның ірі кәсіпорындарының бірі болған өндіріс тоқтап қалды. Екібастұздағы кеншілердің ереуілдері басталды. Олар кешіктірілген жалақыны төлеп беруді талап еткен.
Осы кезде ҚР экономикасы нарықтық қарым-қатынастарға көшіп, кәсіпорынды шетелдік инвесторларға берген. Осылай, 1966 жылдың тамыз айында «Богатырь», «Шығыс», «Солтүстік», «Далалық», «Майкүбі» екібастұздық тіліктеріндегі мүлікті сатуға ашық тендер өткізу туралы хабарландырылған. Олардың барлығы дербес кәсіпорындарға берілген. Сондай-ақ «Аксесс Индастрис» американдық компаниясы «Богатырь» тілігінің барлық актив иесі болып атанды. Бір жылдан кейін Екібастұз қаласында компанияның еншілес құрылымы — «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС пайда болды. 2009 жылдың наурыз айында оның аты «Богатырь Көмір» деп өзгертілді.
Бүгінгі таңда «Богатырь Көмір» тілігі Қазақстандағы көмір саласында жетекші орында тұр. Мұнда Қазақстанның 14 электр станциясы мен Ресейдің 6 электр стнциясы жұмыс істеп тұр.

433f605071a8dd0e8a6f8e62d1feee31.jpg

2016–2020 жылдар арасында компанияның тіліктерінде 50 млн тоннағ дейін көмірдітиеп қояды. Осы үшін «Богатырь Көмір» өнеркәсібінің дамуына 689 млн, АҚШ доллары көлемінде қаржы салады. Кәсіпорында 7 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. «Богатырь Көмір» әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын болып табылады, Павлодар облысы мен Екібастұздағы көптеген шаралардың өткізілуіне қаржы жағынан көмектесіп, әртүрлі қоғамдық ұйымдарға жылына 500 млн теңгеден астам қаржы бөліп, демеуші ретінде қолдау көрсетеді.

020e37f2ae6bea022fa07d078a2f04ed.jpg

Қазіргі кезде «Богатырь Көмір» компаниясы тілдікті көмірді өндірілетін жаңа автомобильды-конвейерлік технологияға ауыстыру шараларын бастады. Сонымен бірге, көмірді ортақтандыру мен тасымалдау бойынша жаңа технологиялар дайындалуда.
Жаңа технологияның бірегейлігі: өндірістің тиімділігін арттыру мен жерлігікті экологияны жақсарту. Көміршілер Екібастұз көмір бассейнін игеру үрдірісін жалғастыруда. Алпыс жылдың ішінде екібастұздық жерде кеншілік дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Екібастұз кеншілері — Қазақстан мен республикадан тыс жерлердегі көптеген ададардың болашағын өз қолымен жасаған буын.

Людмила ВЫХОДЧЕНКО

Мақалада фрагменттер В.Я. Новиковтың «Екібастұз» кітабынан алынып пайдаланылды.

Ұқсас мақалалар: Екібастұз көмір кенінің қысқаша тарихы

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?