Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренецияның ұйымдастырушылары Ш.Ш. Уәлиханов аындағы. Тарих және этнология институты, РҒА СБ-нің Тарих институты, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА филиалы – Сібір басқару институты, «Сібір-Еуразия» Сараптама клубы.
Шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З. Кабульдинов және РҒА СБ Тарих институтының директоры, РҒА-ның корреспондент мүшесі В. Ламин, сонымен қатар қазақстандық және ресейлік ғалымдар қатысты.
Конференция барысында Ресейлік, Қазақстандық ЖОО мен ғылыми ұйымдарындағы ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелері мен нәтижелері көрсетілді.
Конференция аясында 1917 жылғы революция және Алаш автаномиясына арналған ғылыми әдебиеттер көрмесі көрсетіледі, сонымен қатар ҚР Президент мұрағаты мен ҚР Мемлекеттік орталық мұрағаттарының мұрағат материалдарының көрмесі болды.
Алқалы жиында 1917 жылғы революцияға жаңа тарихи көзқарас, зерттеудің қазіргі заманғы тарихнамасы мен әдістері, 1917 жылғы революция жайында пікірталастар мен түсіндірмелер, тарихи жады мен мәселені қайта ой елегінен өткізу, Алаш қозғалысының қазіргі заманғы қазақ қоғамындағы маңызы және т.б. тақырыптардағы өзекті мәселелер көтерілді.
Халықаралық конференцияны өткізу маңыздылығы өткенді зерттеуде бірігіп жасаған зерттеулердің жиналуымен, Ресейлік және Қазақстандық зерттеушілердің ғылыми байланыстылығымен, сонымен қатар 1917 жылғы жағдайдың өзектілігін қайта ойлаумен байланысты. Конференцияның нәтижесінде 1917 жылғы революция мен Алаш қозғалысының жаңа әдістерін, қағидаттарын жариялау және аталмыш мәселе бойынша негізін қалау арқылы 1917 жылғы революция мен Алаш қозғалысының болашақта зерттеу мәселелерін анықтау болып отыр.
Мамандар өткен тарихты саясатқа айналдырмай және идеологиялық жағынан баға бермеу қажеттігін баса айтып отыр. Кеңестік тарихнамадағы бағалаулар саяси ауытқуға ұшырағаны белгілі.
Көптеген тарихшылар Алаш партиясы мен қазақ басқару элита өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым мүшелері болашақ қазақ мемлекеттілігін құру бойынша негізгі ойларды қалыптастырып кеткен деген тұжырымға тоқталып отыр.
«Алаш» тек қазақтар үшін ғана емес, Орталық Азия аймағындағы да құрылымдық саяси ұйым болғаны сөзсіз. Сонымен қатар «Алаш» партиясының қайраткерлері Кеңес одағындағы Қазақ автаномиясының басында тұрды және өткен ғасырдың 20-30 жж. оның дамуына үлес қосты.
Конференция ғылыми қауымның ақпарат алмасуы мен халықаралық байланыс үшін өзіндік алаң болады. Жетекші ғалымдар ҚР БҒМ ҒК қодауымен жүргізген өздерінің зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар өз жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.