Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АСТАНАДАҒЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»

2840
АСТАНАДАҒЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» - e-history.kz
8 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Астанада жаңа «Әзірет Сұлтан» мешітінің негізіне естелік капсуланы салды

Астанадағы «Әзірет Сұлтан», яғни «Әулие Сұлтан» мешіті Орталық Азиядағы ірі мешіт болып саналады. Оның атын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған. «Әзірет Сұлтан» – «Диуан-и Хикмет» авторы (XII ғасыр), бүкіл Орталық Азияға аты әйгілі сопы, шейх Қожа Ахмет Яссауидің эпитеттерінің бірі екендігі белгілі.

Мешіт Есіл өзенінің оң жақ жағалауында, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Шығармашылық сарайы, Археология және этнография музейі мен «Қазақ Елі» монументі сияқты қала құрылысы ансамблінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда бәрі Қазақстанның рухани байлығын, ұлы тарихын және халқының бірлігін сипаттайды.

2009 жылғы 29 маусымда мешіт құрылысының орнына ескерткіш капсуланы орналастыру кезінде Назарбаев мешіттің астананың әдемі архитектуралық құрылыстарының бірі болатынын атап өткен болатын. «Мешіт мемлекеттік қаражатқа емес, қайырымдылық және демеушілердің қаржысына салынды»,- деп сөзін жалғастырды Президент. Осыған байланысты қазақстандықтардың осы бастамаға белсенді қатысатындығына үміттенетіндігін жеткізді.

Капсула қойылардың алдында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мүфтиі батасын беріп, мұсылман салты бойынша құрбандыққа қой шалынды. Мешіт құрылысында 1000-нан 1500-ге дейін адам жұмыс істеді. Құрылыс кезінде негізінен қазақстандық табиғи құрылыс материалдары қолданылғандығын, ал жетпегені шетелден әкелінгенін атап өткен жөн. Материалды бір ғана карьерден әкелу шарты қатаң сақталды. Бұған тапсырыс беруші мен бас мердігер жауап берді.

Құрылыс 2012 жылы аяқталып, 6 шілдеде ашылды, кейін айтылғандай, ол, Астананың бірегей нысандарының біріне айналды. Құрылыс кезінде классикалық ислам дәстүрі ұсталынды, әрине қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі қолданылды. Мешітке бір мезетте 5 мың, ал мерекелік күндері 10 мыңға дейін құлшылық етушілер сыяды. Мешіт аумағы – 11 гектардан асады, ал құрылыстарының ауданы – 17 700 шаршы метрді құрайды. Оның күмбезінің биіктігі – 51 метр, диаметрі – 28,1 метр, еліміздегі ең үлкен күмбез болып саналады. Бас күмбездің маңайына 8 шағын күмбез орналасқан. Диаметрлері ‒ 10,45 және 7,6 метр, биіктіктері ‒ 33,46 және 25, 25 метр. Бұрыштарына 77 метрлік 4 мұнара орналастырылған.

Мешіт төбесіндегі жарты ай Меккеге қаратып орналастырылған. Мешіттің 1-ші қабатында неке қию залы, асхана, ерлерге және әйелдерге арналған дәрет алу бөлмелері орналасқан. Ал ерлерге арналған 4000 адамдық құлшылық ету залы, үлкен вестибюль 2-ші қабатта орналасқан. 3-ші қабатта әйелдерге арналған 1000 адамдық құлшықы ету залы, имамның бөлмесі және наиб-имамдардың қосымша бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар мешітте арнайы неке қию бөлмесі, Құран оқу залы мен оқу-ағарту топтарының дәрістеріне арналған залдар бар.

Еңселі ақ бағаналар осы құрылысқа алыптық сипат беріп, орталық залды ұстап тұр. Бірегей аспашам ерекше көрік беріп тұр. Ол Түркиядан арнайы әкелінген.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?