130 этнос өкілдері өмір сүретін ел жағдайындағы этносаралық және конфессияаралық өзара әрекеттесудің қазақстандық үлгісі – бұл, сөзсіз ел басшылығының және күллі қазақ қоғамының қол жеткізген үлкен жетістігі. Қазіргі заманғы қоғам үлкен қиыншылақтарға тап болды. Олар ұлтаралық, мәдениетаралық қайшылықтар. Осындай жағдайда ұлтаралық келіссөз құру өзектілігі артып кетері анық.
Қазақстан халқы ассамблеясы – елде этносаралық қарым-қатынастарды дамыту және конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында құрылған бірегей институт. Түбірлері әрқилы, ұлттары бөлек, діні мен дүниетанымы өзгеше халықтарды бір ту астында біріктіре алған елдің негізгі құрылымы.
Әр азаматтық айқын даралығына қарамастан, бізді ортақ ойлар мен мақсаттар біріктіреді. Ең алдымен бұл – Отанға деген махабат, елде бейбітшілік пен келісімді сақтау.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ел Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясынның төрағасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасы болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап үлкен шоғырландырушы тәжірибе жинақтап, халықтық дипломатия институтына айналды. Ол күллі әлемге Қазақстанның этносаралық қарым-қатынастар саласындағы жүргізіп отырған саясатының табыстығын паш етті. Өзінің 21 жылдық даму тарихында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында мемлекеттік маңызды мәселелер қарастырылды, олардың ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум, Қазақстанның егеменді ел ретіндегі даму және қалыптасу стратегиясы, Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
Республикада Қазақстан мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстан Ренспубликасының этносаралық қарым-қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Елімізде ұлттық тілдерде дәріс беретін 214 мектеп жұмыс жасайды. 14 орыс, ұйғыр, кәріс және неміс (ТМД-дағы жалғыз), өзбек театрлары бар. 37 этникалық БАҚ құрылған.
Өзінің тарихында ҚХА дамудың маңызды сатыларын басынан өткерді, оның негізінде қазіргі кезде Н. Назарбаевтың үлгісі деп аталатын этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-на мүше елдерде, ірі халықаралық форумдар өткізілген мемлекеттерде таныстырылды.
ҚХА Ресей халқы Ассамблеясы, РФ Татарстан халқы Ассамблеясы, Қырғызстан халқы Ассамблеясы секілді ұйымдармен мәдениетаралық сұхбат құру мәселелері жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қазақстанның Еураподағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезеңінде этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісі оған қатысушы елдердің тіліне аударылды, бұл біздің еліміздің этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісім саласындағы халықаралық беделі мен бастамаларының мойындалуын кезекті рет дәлелдеп отыр.
Егер алғашқы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси мағынаға ие болса, бүгінгі күні ол адам өмірінің барлық салаларын – мәдениетті, білімді, дінді, ауыл шаруашылығын және басқаларан қамтиды.
Махаббат БОЛЬШИНА
Аударған: Гүлнұр СЕРІКҚЫЗЫ