Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ибн Баттутаның саяхаты

2694
Ибн Баттутаның саяхаты - e-history.kz
Араб саяхатшысы Ибн Баттутаның Алтын Орда аймағы жайлы жазғандары әлі күнге дейін араб тіліндегі түпнұсқасынан қазақшаға дұрыс аударылған жоқ

Оның қазақша тәржімасы өзге тілдегі аудармалар «жетегімен» жасалғаны байқалады. Аталған құжаттың Алтын Орда мен Орта Азияға қатысты бөліктері орысшаға ХІХ ғасырда үш рет аударылыпты. Содан кейін бұл жазба ешқашан толық орысшаға аударылмаған. Тек кейінгі жылдары өзбекстандық орыс ғалым жазбаның Орта Азияға қатысты бөлігін өз тілдеріне тәржімалаған екен.

Біз Ибн Баттута саяхаты жайындағы шындықты қолда бар қазақша, орысша аудармаларды өзара салыстыра отырып анықтауға тырыстық. Ең алғашқы аударманы «Вестник Европы» журналының редакторы М.Т. Каченовский 1818 жылы жасапты. Ол сол заманда табылған қысқа үзінділерінен аударған екен (өте қысқа еңбек, сондықтан оны көп сараламаймыз).

Екінші толық орысшасы 1841 жылы «Русский вестник» журналында жарық көрген, ол Лондонда 1829 жылы шыққан Самуел Лидің аудармасы негізінде жасалған екен. Ең алғашқы еуропалық аударма да осы еңбек. Біз соның орысша аудармасын өз зерттеуімізге басты құрал еттік, оны шартты түрде «лондондық нұсқа» деп аламыз.

Ал үшінші тәржіманы В.Г. Тизенгаузен 1884 жылы дайындапты, ол кейінгі париждік аудармаларды орысшалаған. Париждік аудармалар негізінде соңғы жылдары өзбекстандық ғалым өз еңбегін жазғаны және осы заманғы қазақшасы сол кісінің еңбегінен әзірленгені көрініп тұр. Сондықтан біз оларды шартты түрде «париждік нұсқа» деп көрсетеміз.

Орысша аудармалардың «лондондық нұсқасы» мен «париждік нұсқасы» арасында 43 жыл бар. Екеуінің кей деректері өзара келіспейтіні байқалады. Себебі, соңғысы, яғни «париждік нұсқасы» Ресей империясы тарапынан бұрмалауға ұшыраған тәрізді. Олар Ибн Баттута деректерін әдейі өзара қайшылыққа келетіндей етіп аудартқызған, сол арқылы оны сенімсіз жазба деңгейінде қалдыруға тырысқан. Ибн Баттута жазбасын әлем ғалымдары бір ауыздан мойындаған, мойындамайтын – Қытай мен Ресей оқымыстылары ғана.

Ибн Баттута жазбасы ХIV ғасырда Қытайды билеген Шыңғысхан ұрпақтары «мұсылмандар» екенін байқатады. Сондықтан Қытай империясы араб саяхатшысының Қытайда болғанын мойындағысы келмейді. Ибн Баттута жазбасынан ХIV ғасырда Алтын Орда құрамындағы ішкі Ресейде орыс немесе славян ұлттары болғаны көрінбейді, ол аймақты Бұлғар елі мекендегені жазылады. Ал «Русь елі» деп қазіргі Солтүстік Кавказ тауын қоныстанғандарды көрсетеді. Ресей болса, Алтын Орда заманында ішкі Ресейде орыстардың өз княздіктері болған дейді. Осы себептен орыс саясаты Ибн Баттута жазбасының құндылығын жоққа шығаруға тырысты және оны орысшалауға да, зерттеуге де құлықсыз болып келді.

Ресейліктер Ибн Баттута деректерін өз ыңғайларына бұрып, Керш пен Кирам деп қазіргі Қырым жарты аралын, Бешдаг деп қазіргі Пятигорск аумағын, Бұлғар қаласы деп қазіргі Волгоград жағасын, Қараңғы ел деп Татариядан ары жатқан аймақты, Русь жері деп қазіргі Орал таулы аймағын, Алтын Орда астанасы Сарай қаласы деп қазіргі Ресей аумағындағы жерлерді, Сарайшық деп қазіргі Атырау қаласы маңын, Хорезм деп қазіргі Үргеніш территориясын көрсетеді. Мұнысы Ибн Баттута көрсеткен деректермен еш үйлеспейді. Себебі төмендегідей:

1. Ибн Баттута жылдың кей мезгілінде түні аса қысқа Бұлғар елі мен Бестау арасы он күндік жер деп көрсеткен. Бұлғар елі шамамен қазіргі Мәскеу орналасқан географиялық белдеуде болғаны түсінікті, ал Пятигорск аймағынан ол жерге он күнде жету еш мүмкін емес. Осы себептен ресейлік комментатор: «Ибн Баттута Бұлғар қаласына Астрахан қаласынан барған» деп өрескел бұрмалайды. Онысы жалған. Өйткені, париждік және лондондық нұсқалардың екеуінде де Ибн Баттутаның Бештагтан он күнде Бұлғарға барғаны анық көрсетілген.

2. Ибн Баттута Астраханнан Қырымға барар жолында кездескен қаладан бір күндік жерде Русь елі барын жазған. Ал ресейлік комментатор «Рустер отырған таулы аймақ» деп түсіндіретін Орал таулары мен Астраханнан Қырымға баратын жол арасы бір күндік жер емес. Орал таулары Астраханнан алыс, солтүстікте орналасқан. Яғни, Орал таулары Қырымға бет алған Ибн Баттутаның жарты жолында кездесуі ақылға сыймайды. Орал таулары оның артында қалған деген орынды. Осы кемшілікті жасыру ниетімен орыс аудармашысы: «Бұлғар қаласына көрші жатқан рустар» деп бұрмалайды. Осылайша «Ибн Баттута Бұлғар қаласына барар жолында Рус елін көрсеткен» деген жалған түсінік орнықтыруға тырысады. Ал ондай дерек жазбада мүлде жоқ екені айдан анық.

3. «Лондондық нұсқада» анық көрсетілген «Хашак елі» деген сөз «париждік нұсқада» мүлде жазылмаған. Ал «қазақша нұсқадағы» «Мұсылман Алачи халқы» деген атау «париждік орысша нұсқада» «Мұсылман Ас халқы» деп келтірілген. Міне, барлығы шым-шытырық, тіпті Ибн Баттута ол маңда еш болмағандай көрінеді. Совет заманында «париждік нұсқа» ғана зерттелгендіктен, «Ибн Баттута Алтын Ордада болмаған тәрізді, ол өзге деректерден көшіріп алынған болуы мүмкін» деген пікірлер басым болған. Ал «лондондық нұсқаға» зер сала қарасақ, барлығы өз орнын таба қояды.

Енді өз зерттеулерімізге жүгінсек, «...Отсюда отправился я в Сануб, обширный город, принадлежащий правителю Кастамунии, Сулейману Бадшану, и пробыл там некоторое время. Оставя сие место, переплыл я морем в город эль-Кирам, много потерпевши опасностей в пути. Наконец прибыли мы в гавань эль-Кираш, принадлежащую к пустынной стране Кипчацкой» – «Лондондық нұсқа».

«Мы добрались до гавани, называемой Керчью, и хотели войти в нее, но люди, находившиеся на горе, дали нам знак, чтобы мы не входили. Мы побоялись за себя, подумали, что тут суда неприятельские, и вернулись, не смотря на суши. Когда мы подошли к ней, я сказал хозяину судна: «я хочу сойти здесь». Он спустил меня на берег» – «Париждік нұсқа».

Ибн Баттута қазіргі Түркиядағы Синоп (Сануб) қаласы Сүлеймен патшаға (Сулейман бадша) тиесілі екенін, сол қаладан кемеге отырып Керіш гаванына келгенін баяндайды. Осы жерде айта кететін маңызды жайт, ол заманда Азов теңізі мен Қара теңізді қосып жатқан қазіргі Керіш бұғазы болмаған, зерттеушілер екі теңіз Кубан өзені саласымен қосылғанын айтады. Әл Масуди жазбасының деректері Х ғасырда солай екенін және Ибн Баттута құжаттары ХIV ғасырда солай болғанын байқатады.

Кубан өзені жайлы ресейлік дереккөздері соны айғақтайды: «В 115 км от Азовского моря Кубань отделяет правобережный рукав Протоку, по которому сбрасывает почти половину своих вод в Азовское море у рабочего поселка Ачуево. Еще в прошлом веке половина стока р. Кубани направлялась через Старую Кубань в причерноморский лиман Кизилташский, а оттуда в Черное море. Затем было произведено обвалование, и сток через Старую Кубань прекратился».

Соңғы жылдары Керіш бұғазы арқылы Қырымға көпір салып жатқан ресейлік құрылысшылардың су астынан ескі елді мекендер орны мен көне қабірлерді тауып жатқанын барша жұрт естіп-көріп отыр. Осы фактілер қазіргі Керіш бұғазы ол заманда болмағанын, екі теңіз ертеде Кубан өзені саласымен қосылғанын дәлелдейді және оның Қара теңізге құяр тұсы қазіргі Новороссийск қаласы орналасқан портта болғаны араб ғалымдары Әл Масуди, Ибн әл Асир және Ибн Баттута жазбаларынан байқалады. Яғни, Ибн Баттута заманында Керіш бұғазы болмаған, ол кеме тоқтауға ыңғайлы сүйір жағалау-порт болған. Орыс оқымыстылары Ибн Баттута алғаш келіп түскен жер деп Керіш қаласы аумағын көрсетеді. Ал тарихшы ол қаланың тұрғындары тау басына шығып, «бізге жақындамаңдар» деген белгі бергенін (шынында, Керіш қаласы ортасында Митридат тауы бар), сондықтан кеме Керіш жағалауының басқа шетіне тоқтағанын жазады. Ибн Баттута кемемен «Кираш гаваны жағасына» келіп түскенін көрсеткен, бұл Керч қаласына немесе Керіш бұғазына деген сөз емес. Кеме қазіргі Тамань қаласы маңындағы жағалауға тоқтаған дегеніміз жөн, өйткені ол қала Керч бұғазы жағасында – қазіргі Керч қаласына қарсы орналасқан жағалау.

Қорытынды: Ибн Баттута мінген кеменің Кираш жағалауы портына келіп тоқтаған жері – қазіргі Тамань қаласы маңындағы жағалау. Ол Қыпшақ еліне келгенін еске салады, араб тіліндегі түпнұсқада ол атау «қашақ» болуы да бек мүмкін.

«На заутрие дня нашего прибытия в эту гавань один из купцов, наших товарищей, отправился к тем в этой степи, которые принадлежат к народу, известному под именем Кипчаков – они христианской веры – и нанял у них телегу, которую тащил конь. Телегу называют они араба. Степь эта зеленая, цветущая, нет на ней ни дерева, ни горы, ни холма, ни подъема. Нет на ней и дров, а жгут они только помет, который называют тезек».

«На арбу ставится нечто в роде свода из прутьев дерева, привязанных один к другому тонкими кожаными ремнями. Это легкая ноша; ее обтягивают войлоком или попоной; в ней бывают окна решетчатые и тот, кто в ней, видит людей, они же его не видят; он поворачивается в ней, как угодно, спит и ест, читает и пишет во время езды» – «Париждік нұсқа».

«Я взял себе арабу, для переезда из гавани Кирашской до Эль-Кафы, города принадлежащего Мугаммеду-Узбеку. Большая часть жителей христиане, живущие под его покровительством. Отсюда приехал я в город Эль-Кирам, один из огромнейших и прекраснейших, какие принадлежат Султану Мугаммеду-Узбеку Хану» – «Лондондық нұсқа».

Ресейлік комментаторлар Кафы қаласы деп Қырым аймағындағы қаланы айтады. Олар: «Ибн Баттута Қырым аймағынан шығып, қазіргі Азов теңізін батысынан айналып өтіп, Азак қаласына жеткен» деген тұжырым жасайды. Олар жазбадағы «18 станция» атауын «18 күн» деп көрсетеді, осылайша өз тұжырымдарын дәлелдеуге тырысады. Біздер Кафы қаласы деген қазіргі Кавказ деген портты қала дейміз [1], өйткені араб жазбалары «Кавказ» атауын «Каф» деп көрсететін. Ибн Баттута Кафы қаласы теңіз жағасындағы портты қала екенін және эль-Кирам қаласы оған жақын орналасқанын жазған. Қазіргі портты қала – Кавказ бен Крымск қаласы [2] көрші орналасқан. Демек, қазіргі портты қала Кавказ – Ибн Баттута заманындағы портты қала Кафы, ал қазіргі Крымск қаласы – Ибн Баттута заманындағы  эль-Кирам қаласы.

Қорытынды: Ибн Баттута Керіш жағалауынан арбамен Кафы (Кавказ) қаласына жеткен. Бұл қаладан эль-Кирам (Крымск) қаласына барып, одан әрі Азак қаласына жол тартқан. Тарихшы Кафы қаласы тұрғындарын «қыпшақ христиандар» дейді, отындары «тезек», көліктері «арба» деп аталатынын айтады. Сол арбаға киіз үй тігілетінін де тәптіштеп түсіндіреді. Осы деректер қазіргі казактар ол заманда қазақ тілді, бірақ христиан дінді болғанын дәлелдейді, орыс-славян тілділер болса Ибн Баттута оларды «қыпшақ» деп көрсетпес еді.

«Проехав от города Крыма 18 станций, мы прибыли к обширной реке, через которую переправлялись целый день. Так мы ехали до тех пор, пока добрались до другой реки, через которую переправлялись полдня. После этого мы проехали еще три дня и прибыли к городу Азаку – который на берегу моря и отличается красивой постройкой» – «Париждік нұсқа».

«После многих дней пути, достиг я Азака, городка на морском берегу. Тут живет эмир Султана Мугаммеда; он принял нас весьма ласково. Отсюда отправился я в эль-Маджар» – «Лондондық нұсқа».

Мұндағы бір күнде әрең өткендері Кубан өзенінің салалары екені түсінікті, жоғарыда Қара теңіз бен Азов теңізі ол заманда Кубан өзені арқылы жалғасқанын ескерттік. Ал жарты күнде өткендері қазіргі Дон өзені екені байқалады және одан кейін үш күн жүріп Азак қаласына жеткен. Қазіргі Азов қаласы сол замандағы Азак қаласы болуы мүмкін емес. Ибн Баттутаның Азов теңізінің батыс жағалауымен емес, керісінше біз көрсеткен шығыс жағалауымен Азак қаласына жеткені анық. Араб ғалымының портты Кафы (қазіргі Кавказ) қаласы мен Кирам (қазіргі Крымск) қаласы арқылы өткені соның айқын дәлелі.

Азак қаласы қазіргі Тагонрог қаласы орнында болған тәрізді [3], өйткені Азак қаласынан эль-Мажар қаласына барар жолда өзен кездесетіні деректерде қамтылмаған. Ол аймақты Ресей империясы ХІХ ғасырға дейін «Казактар аймағы» немесе «Дикое поле» деп атап келді. Қазіргі орыс тілді казактар ресейлік шіркеу тілі арқылы кейін славяндалған, яғни Тагонрог атауы кейін қалыптасқан (Азак қаласы атауын «Таганрог» деп өзгерткен). Қазіргі Азов қаласы кейінге дейін Тана деп аталған,  алайда ресейліктер еш дәлелсіз «Ол қала ертеде Азак-Тана деп аталған» деп бұрмалап, «Азак қаласы сол» деп тұжырымдайды.

Қорытынды, Ибн Баттута Кирам (Крымск) қаласынан Азак (Таганрог) қаласына жеткен. Бұл қаладан ол Мажар қаласына аттанған, бірақ арақашықтығы көрсетілмеген.

«Поехал я в город Маджар – город большой, из лучших тюркских городов, на большой реке, с садами и обильными плодами. Из города Маджара мы собрались ехать в ставку султана, в четырех днях от Маджара, в местности, называемой Бишдаг. На этом Пятигорье ключ горячей воды, в котором Тюрки купаются. Они полагают, что кто выкупается в нем, того не постигнет кручина болезни... Подошла ставка, которую они называют Урду и мы увидели большой город, движущийся с своими жителями; в нем мечети и базары да дым от кухонь, взвивающийся по воздуху: они варят во время самой езды своей и лошади везут арбы с ними. Когда достигают места привала, то палатки снимают с арб и ставят на землю, так как они легко переносятся. Таким же образом они устраивают мечети и лавки» – «Париждік нұсқа».

«Отсюда отправился я в эль-Маджар, большой и богатый город. Потом поехал я в табор Султана, который был тогда на месте, называемом Биш-Таг и вскоре достиг орды его, или лагеря первого числа рамадана... Там увидели мы целый движущийся город, с улицами, домов, мечетями и кухнями; по повелению Султана Мугаммеда, мгновенно все останавливается на том месте, где он велит» – «Лондондық нұсқа».

Мұндағы Биштагтың орнын анықтауға болады, өйткені Ибн Баттута ол маңда минеральды шипалы бұлақ барын және жергілікті халық оның суына шомылып емделетінін жазған. Пятигорскіде ондай шипалы су бар, алайда ол аймақтың жазы аса ыстық болатындықтан, «хан жайлауы» бола алмасы түсінікті [4] және одан «түні аса қысқа Бұлғарға» дейінгі қашықтық та жазбадағы деректерге сәйкес келмейді (ондай географиялық аймақ – Москва қаласы жатқан белдеу, алайда қазіргі Пятигорскіден ол белдеуге дейін он күнде жету мүмкін емес).

Воронеж облысы мен Ростов облыстарының шекарасында Богучар ауданы бар. Бұл аймақ сайын даланың солтүстіктегі орманмен шектесетін шеті және жазы қоңыр салқын, жайлауға өте қолайлы, шөбі шүйгін дала [5]. Сол ауданда жанында бірнеше ақ тау (саны бесеу болар) орналасқан «Белая горка» деген минералды шипалы бұлақ бар. Осы бұлақтан аққан су жылға болып Дон өзеніне құяды (емделу үшін суға түсіп шомылуға ыңғайлы) [6]. Оның суының емдік қасиеті өте зор және онда шомылып емделу дәстүрі ертеден қалыптасқан. Сол жердің оңтүстік-шығысында салт атпен төрт күндік жерде Казанская станицасы бар – ертеден казактар мекені және Дон өзенінің жағасында орналасқан [7].

Казак деген – шіркеу тілімен славяндалған қазақтар. Олардың әуелде қазақ болғанына ресейлік деректер жиі көрсететін «казачий юрт» атауы дәлел («қазақ жұрт»), орыстың киіз үйді «юрта» деуі «казачий юрт» – «қазақ жұрты» атауынан қалыптасқан. Ибн Баттута Мажар қаласы үлкен өзен жағасында және одан Бештагқа дейін төрт күн деп көрсеткен. Демек, Мажар қаласы – Дон өзені бойындағы қазіргі Казанская станицасы, ал Бештаг дегені – одан төрт күндік жердегі қазіргі Белая горка саяжайы. Ресей 1830 жылы қазіргі Ставрополь аймағындағы қалаға Пятигорск атауын берген, осылайша Ибн Баттута жазған Бестаудың шынайы орнын жасырған.

Қорытынды: Ибн Баттута Азак (Таганрог) қаласынан Мажар (Казанская) қаласына барған, сосын одан төрт күндік жердегі Бештагқа (Белая горкаға) жеткен. Бұл жер ханның жайлауы, яғни «летная ставкасы» болған.

Ибн Баттута қалдырған деректерден қазақтардың мұсылмандығы мықты екенін, олардың мешіттері арбаға тиеп алатын киіз үй болғанын көреміз. «Қазақ – мұсылмандығы шала халық, тас-кірпіштен салған мешіттері болмауы соның дәлелі» дейтіндерге бұл нақты жауап. Көшпелі халыққа тас-кірпіштен мешіт тұрғызу қажет болмаған, өйткені оны көшкенде алып кете алмайды. Ал киіз үй-мешіт көшуге ыңғайлы әрі нағыз күмбезді мешіт болып табылады. Ол домалақ болғандықтан, имам құбылаға қараған кез келген жағына қарап жамағатпен намаз оқи алады (тас-кірпіш мешіттегідей имамға арнайы орын михрап дайындау қажет емес).

«Я наслышался о городе Булгаре и захотел отправиться туда, чтобы взглянуть на то, что говорится про чрезвычайную краткость ночи в нем, а также про кратковременность дня в противоположное время года. Между ним и ставкою султана был десяток пути. Я попросил у него проводника туда и он отправил со мною такого, который довез меня туда и привез меня обратно к нему. Прибыл я туда в рамазан и, помолившись на закате солнца, мы разговелись. Сделан был призыв к вечерней молитве во время нашего розговенья. Мы совершили ее, да молитвы теравих, шаф и витр, а вслед за тем занялась и заря. Также короток день в нем в период краткости его. Пробыл я там три дня. Захотелось мне пробраться в страну мрака. Вход в нее через Булгар и между ними 40 дней пути. Потом я отказался от этого вследствие больших хлопот на это и малой пользы). Путешествие туда совершается не иначе, как на маленьких повозках, которые возят большие собаки, ибо в этой пустыне лед, на котором не держатся ни ноги человеческие, ни копыта скотины; у собак же когти и ноги их держатся на льду» – «Париждік нұсқа».

«Наслышавшись о городе Булгаре, я пожелал его видеть и поверить рассказы о чрезвычайной краткости его ночей в одно время года, и обратно дней в другое время. От султанского табора до Булгара около десяти дней пути. Я просил Султана дать мне проводника, и он милостиво согласился. Действительно, я видел в Булгаре, что, когда там прочитают молитву захождения солнечного в месяце рамадане, уже наступает время вечерней молитвы, и так далее, и наоборот в другое время. Я пробыл в Булгаре три дня, и возвратился к Султану. В Булгаре рассказывали мне о земле мрака, и возбудили было большое желание посетить ее. Расстояния до нее сорок дней езды, но меня уговорили не ездить, представляя опасности и бесполезность путешествия. Слышал я, что ездят туда на маленьких санях, запряженных собаками, ибо дороги покрыты льдом, по которому скользит человеческая нога и конское копыто, и только собаки могут держаться» – «Лондондық нұсқа».

Ресей зерттеушісі Мурад Аджи қазіргі Москва қаласында (Кремль аумағында) шығыстық жазулары бар белгісіз ескі екі храм барын жазған. Ал араб тарихшысы Әл Масуди Х ғасырда Бұлғар қаласында сәулетті мешіт болғанын көрсетеді. Ол аймақтың климаты жайлы ақпаратта жылдың кей мезгілінде күннің батуы мен қайта шығуының арасы 6 сағат 50 минут шамасында екені, кей мезгілде күндіздің де осылайша өте қысқа болатыны анық мәлімделген [8]. Москва патшалығын орнатқан династия әуелде Киев княздігін билеген Рюрик (Бюрик) әулетінен тарайды. Оларды еуропалықтар «Варяг» дейді және Ресей патшаларының билік символы болған Монамах тәжі – кәдімгі қазақы бөрік және ондай көне бөріктер Қырым музейлерінде жеткілікті көрінеді. Еуразияны ертеден билеген Ас династиясы (Асылұя тайпасы) жайлы, олардың Қырымдағы урус-сакалбан елін билеген тобы әуелде Сұрбөріас, кейін қысқаша Бөрі деп аталғанын және кейін славян-болгарлар көпше түрде «бюри-ки» дегендіктен атаулары «Бөрік» болып өзгергенін басқа жазбаларымызда жеткізгенбіз. Ресей империясы олардың түркітілді жазбаларын «древнерусские» етіп өзгерткенде, «Бөрік» атауын «Рюрик» деп бұрмалаған. Ал Куаб (Киев) атауы Хазар қағанатында бас уәзірлікті иемденген Куа руымен байланысты, урус-сакалбан елінің бір тобы хазар патшасына қызмет еткені де мәлім. Демек, Киев княздігін билеген, кейін Москва патшалығын орнатқан – Бөрік династиясының Куа деген руы, арғы тегі Қырымнан шыққан. Сондықтан олардың мекенін жергілікті халық – бұлғарлар «Қырымел» деп атаған және осы атау кейін «Кремль» болып өзгерген.

Ибн Баттута заманында, ХIV ғасырда ішкі Ресейдегі бұлғарлар мұсылман болды және ол аймақ Алтын Орда құрамында еді. Ол заманда Москва княздігі тұрмақ, Москва атауы да болмаған. Тіпті, ол аймақта христиан дінді Қырым елі де, Куа адамдары да мекендеген емес. Алыстағы чукчалар елінен (қараңғы ел) хабардар Ибн Баттутаның мұсылман бұлғар еліндегі христиан тобы жайлы білмеуі ақылға сыймайды, білсе, жазып қалдырар еді еңбектерінде. Бюрик-Рюрик династиясы ол кезде қазіргі Беларусия аймағындағы урус елін басқаруы мүмкін, олар түркітілді католиктер болған (беларустар әуелде католик болғаны айтылады). Рус тайпасы – Қырымды мекендеген [9] түркітілділер, олардың түркітілді және католик дінді болғанын ХІІІ ғасырдың соңында жазылған «Кодекс Куманикус» жазбасы растайды [10]. Билеуші болғандықтан оларды «ақ рус» деп атаған. Кейін православяны қабылдап, болгарлық шіркеу тіліне көшкенде (славяндалғанда), «белорус» ұлты болып қалыптасты. Олар Алтын Орда ыдыраған ХV ғасырда ғана бұлғарларды бағындырып, Бұлғар қаласына орныққан. Арғы түбі қырымдық болғандықтан, олардың мекендерін бұлғарлар «Қырымел» деп, ал басшыларын ру атауымен «Куа» деп атады. Олар христиан болғандықтан, шарап ішуді дәстүрге айналдырды. Сондықтан бұлғарлар оларды «мас куа» деп атап кетіп, осыдан «Москва» атауы қалыптасқан деп тұжырымдаймыз. Ибн Баттута ХIV ғасырда «түні аса қысқа» Бұлғар қаласында болып, ондағы мешітте намазын оқыды, ол ешқандай орыс немесе славян адамдарын көргенін жазбайды.

Демек Маскуа атауы да, Москва патшалығы да тек ХV ғасырда ғана пайда болды (ХIV ғасырдағы Ибн Баттута заманында ол Бұлғар деген қала еді). ХV ғасырда Бұлғар елі билігіне келіп Маскуа патшалығын орнатқан урустарды қазақтар «орыс» деп атаған, артынан олардың қол астындағы бұлғарларды да «орыс» деп атау қалыптасқан. Кейін ХVІ ғасырда бұлғар-орыстар шоқынып шіркеу тіліне көшкенде (славяндалғанда) «орыс» атауын бұрмалап, өздерін «рос» деп атап кеткен және мемлекеттері сол себептен Россия болып орнықты. Қазіргі христиан дінді, славян тілді орыс халқы ХIV ғасырда мұсылман дінді әрі түркі тілді бұлғар елі екенін Ибн Баттута жазбасы дәлелдейді. Ондағы деректер Ресей тарихының толық жалған екенін паш етеді. Сондықтан Ресей мен советтік империя Ибн Баттута жазбасын сенімсіз етіп көрсетуге ұмтылды және барынша елемеуге тырысты.

 

 

Бекжан ӘДЕНҰЛЫ, зерттеуші

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?