Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан «қайта құру» жылдарында

9691
Қазақстан «қайта құру» жылдарында - e-history.kz
1991 жылға дейін Қазақстан - КСРО-күрамындағы он бес одақтас республиканың бірі болды. КСРО-ның жалпы аймағы құрлықтың 1/6 дерлік бөлігін — 22 402,2 мың шаршы шакырымды қамтыды.

1991 жылға дейін Қазақстан - КСРО-құрамындағы он бес одақтас республиканың бірі болды. КСРО-ның жалпы аймағы құрлықтың 1/6 дерлік бөлігін — 22 402,2 мың шаршы шақырымды қамтыды. 1989 жылы КСРО-дағы адам саны — 285,7 млн-ды құрады. Ресей империясының геосаяси мұрагері ретінде Кеңестер Одағы осынау ұлан-байтак өңірде өзінің «социалистік» үлгісін жүзеге асыруға батыл қадамдар жасады.

Қазакстан географиялық жағынан Еуразия құрлығында, Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан. Республиканың аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырымға және солтүстіктен оңтүстікке 1600 шақырымға созылып жатыр. Қазақ КСР батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте РКФСР-мен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Орта Азиялык кеңестік республикалармен — Түрікмен КСР, Өзбек КСР және Қырғыз КСР-мен шектесті. Оңтүстік шығыс және шығыста республика шекарасы КСРО мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекара бойынша өтті. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырым. Оның 3 мың шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) арқылы өтеді. Қазақ КСР аумағының көлемі жағынан Кенестер Одағы республикалары арасында РКФСР-нан кейін екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қалған 13 республика аумағын косқаннан артық болды. Республика аумағы — 2717,3 мың шаршы шақырым. Демек, КСРО-ның 1/8 бөлігін құрады.

1977 жылғы КСРО Конститутциясы одактық республикалардың саяси дербестігін шартты түрде мойындады. Алайда барлық республикалар бір орталыққа бағынды. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы КСРО жоғарғы саяси басшылығының — КОКП ОК Саяси Бюросының құрамына кірді. КСРО-ның саяси жүйесі «барлық ұлттар мен ұлыстардың жұмысшы, шаруа және интеллигенциясының еркі мен мүддесін білдіретін социалистік, жалпы халыктық мемлекет» ретінде  анықталды. КСРО Жоғары Кеңесі мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып жарияланды.

1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында Республика — жұмысшылар мен шаруалардың және интеллигенцияның «егеменді социалистік» мемлекеті деп анықталды. Қазақ КСР-нің халқы кеңес халқының құрамдас бөлігі деп жарияланды. Республикадағы адам саны — 1986 жылы 1 каңтарда 16027,9 мың болды. Ол КСРО халқының 5,7%-ын құрады. Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыстар өмір сүрген көп этносты республика болып қалыптасты.

КСРО өмір сүрген 70 жылдан астам уақытта кеңестік тоталитарлы жүйенің өзіндік үлгісі қалыптасты. Коммунистік партияның дербес билігі және адам құқығын аяққа басу, саяси, экономикалық реформалардағы жартыкештік, рухани-мәдени саланың бір идеологияға бағындырылуы сиякты қарама-қайшылыкты саясаты жыл өткен сайын қарқын алып отырды. «Социализм орнатудың жарқын идеялары» мен оны тәжірибе жүзінде іске асыру әдістеріндегі қайшылық 1980 жылдары КСРО-ның әр алуан бағыттарда саяси жаңаруын қажет етті.

Қазақстан «100 ұлттың ғаламшары» деп дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың әртүрлі мәдени және діни айырмашылықтары біртұтас кеңес халқын қалыптастыруда назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған» ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш жігерін жұмсады. Әр ұлттың қайталанбас ерекшеліктері интернационалдық бағыт пен көлеңкесінде қалғандықтан да қарама-қайшылыктар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының саяси жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көріне бастады. Әкімшілік-партиялык бюрократиянын рөлі артып, билік пен халықтың арасы алшақтай түсті. Биліктің жоғары сатысында отырғандар арасында лауазымды орындарға талас байқалды. Жеке адамдар КОКП-ға мүшелікті пайдакүнемдік мақсатта пайдалана бастады. Өйткені, партияға мүше болу көптеген құқықтар мен артықшылықтарға жол ашатын.

Қоғамдық үдерістердің басым бағыттары назардан тыс қалып, партия жетекшілерінің кұрамы әлсіреді. Жетекші құрамның ауысуының табиғи үдерісі бұзылып, тоқырауға ұшырады. Бұл саяси бюро мен орталық партия комитетінің хатшылығының және мемлекеттік аппараттың әлсіздігіне әкелді.

1980 жылдардағы Қазақстанның дамуы КСРО-да қалыптасқан саяси өзгерістерге сай бағыт алып отырды. 1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға - М.С. Горбачевтің КСРО Компартиясы ОК Бас хатшысы қызметіне келуі. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді. М.С. Горбачевтің билікке келуі мен 1985 жылғы сәуір пленумынан бергі кезеңде ел өмірінде «қайта кұру» үдерісі басталды. Алайда халық үшін ақпарат көздері жабық болды. Соның бір дәлелі ретінде, 1986 жылдың сәуір айындағы Чернобыль АЭС-дағы оқиғаны атауға болады. Бұл жағдай қайта құру саясаты мен саяси көшбасшылардың беделіне айтарлықтай нұсқан келтірді. Адам шығыны болды. Онын зардаптары ұзаққа созылды.

М.С. Горбачев және онын айналасындағылар өз ұстанымдарын нығайту мақсатында партия органдарына да, кеңестерге де балама сайлау енгізді. Бұл бастаманы қоғам дұрыс қабылдады. 1986 — 1988 жылдары кеңес коғамын жаңартуға бағытталған реформаларды енгізу әдістері алдымен жасырын басталып, бірте-бірте ашық сипат алды. Балама, көп мандатты сайлаулар бірінші кезекте ұлттық, аймақтық мәселелер мен мүдделерді ұсынды. XX ғасырдың 80-жылдарынан кеңес қоғамында бұрын болмаған жаңаша ойлау, коғамдық-саяси өмірді қайта құру үдерісі басталды. 1990 жылдың қазан айына дейін республикада ұйымдық құрылымы мен идеялык позициялары қалыптасқан 104 саясиландырылған талапкер топтар мен партиялар құрылды. Республиканын саясиландырылған қоғамдық ұйымдары 1990 жылғы 9 ай ішінде аштық жариялау, пикет жасау, жер басып алу тәрізді 60-тан астам акциялар жасады.

Көптеген аймақтарда ұлтаралық негізде қан төгілген қақтығыстар орын алды. Жазықсыз жандар опат болды. Алматыда, Бакуде, Ферғанада, Ошта, Молдовада, Оңтүстік Осетияда, Таулы Қарабахта және өзге де жерлерде жиі-жиі бас көтерулер, қарулы қақтығыстар өтті. КСРО-нын кұлауының «іргелі себебі» ұлт саясатындағы қордаланып қалған мәселелер болатын. КСРО-ның және кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінің ең басты, әрі шешуші себебі де осы болатын. Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды қажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала-құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады.

Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтін әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл — бір сәтте бола қоймаған, 70—80-жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады.

Сонымен, кайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада жақсартып жіберетіңдей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Елді басқарып отырған адамдардың мемлекеттік оргаңдарды жоғарыдан төмен қарай қайта ұйымдастыру шараларының салдары экономиканы басқару мен халықтың әлеуметтік жағдайына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуге әкелді. Орталықта және жергілікті жерлерде бұрынғы басшылардың беделін түсіретін материалдар іздестіріліп, ол бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы жария етіле бастады. Жаңа басшылық өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Алайда биліктің тізгінін өз қолдарына «берік ұстағанымен» экономиканың тұралауына, қылмыстың күрт көбеюіне және дүкен сөрелерінің каңырап бос қалуына бұрынғы және жаңа басшылық та жауапты еді. «Кім кінәлі?» деген сұрақтың жауабын өткеннен іздеумен болды. Белгілі дәрежеде тығырықтан шығар жолды көрсете алмай отырған жаңа басшылыктың да осал тұстары айтылмады.

Дерек көзі: Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат «Қазіргі Қазақстан тарихы». Алматы, «Раритет», 2010ж. 108-111 беттер

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?