Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Үйсіндердің материалдық мәдениеті

6370
Үйсіндердің материалдық мәдениеті - e-history.kz
Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын елестетуге, еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды. Үйсін мәдениеті жеткілікті дәрежеде зерттелген.


Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде зерттелген. Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын елестетуге, еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды

Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы

Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетге, құрьшыстардың екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мүндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар:  Қалқан-1,  Үңгірқора-2,Бесшатыр-4Ақшоқы-3Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз.

Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м. Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір құрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына катаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақтізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір кыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумактық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен .

Кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгеріс- терді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.

Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің казіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың үштасуы болып табылады. Біз сақтар мен үйсіндердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірақ олар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялық топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңцеріне тән екенін көрсетеді. Әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек. Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.

Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды құрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Беғазының (Орталық Қазақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т.б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік. Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да құрылымы өзгерген жоқ. Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін бөліп керсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән. Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. Ill—I ғасырларға, орта кезендегілері — б. з. I—III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. Ill—V ғасырларына қатысты.

Қаратал кезеңі

Қаратал» кезеңі (б. з. б. Ш—I ғасырлар) — ертедегі усундер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап калған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, Ақшоқы-4, Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормақ-1, Бұрана, Шелпек обалы қорымдары.

Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулеп тас қаланған 5—10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1—2 немесе 3—4 қатардан тұрады.

Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай қазылған. Шұнқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабьшған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу өте сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, өліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен — қойдың сан етімен «жабдыкталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған.

Жетісу кезеңі

«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7Сарытау-1,2, Ақшоқы- 3,4, Өтеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу,АқтерекМойынтоғай-1, СартоғайДиқан-1, КүртіҚызылауыз-2, 3,Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Капшағай-2, Қалқан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, ҚарашаШошкөқалыҰзынбұлакҚызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұнқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі - бүйірінде ұңғымасы бар шұнқыр пайда болады, ол шұнқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік койылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.

Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.

Іле кезеңі

«Іле» кезеңі (б. з. Ill—V ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген көп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үңгірқора-2, Шолакжиде-1 қорымдары. Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әркайсысында 5—7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Ақтас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақат. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек көзелер, дөңккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды. Үйсін мәдениеті op түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600—700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.

Дереккөздер

«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—218 ISBN 978-601-282-026-3 Таскин В. С. Скотоводство у сюнну по китайским источникам. // Вопросы истории и историографии Китая. М, 1968, 35-6. 1 Сюн-ну, хунну терминінің бүгінгі аталуы Н. Я. Бичуриннің алғашқы еңбек- терінен алынды. 3 PulleyblankE. A consonantal System of Old Chinese. — Asia Major, Vol. 9(1962- 1963), № 2, p. 240. 4 Ашмарин. Булгары и чуваши. Казань, 1902, 17-6. 5 О. Прицактың пікірі бойынша бүл транскрипция ежелгі булгарлардың Вит- хунь (Биктун) есімін білдіреді. 6 Цянь Ханьшу, гл. 4, 94 а.

материал kk.wikipedia.org сайтынан алынды
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?