Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Жаңа әлемдегі-жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбы бойынша Семей қаласында аймақтық семинар-тренинг өтті

13243
«Жаңа әлемдегі-жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбы бойынша Семей қаласында аймақтық семинар-тренинг өтті - e-history.kz
Семинар ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бастамасымен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында өткізілді.

  «Халық тарих толқынында» атты бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2013 жылдың 10-желтоқсанында Семей қаласында  Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары жоғары, арнаулы орта оқу орындары, орта мектептер тарихшыларының бас қосуымен «Жаңа әлемдегі жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» атты аймақтық семинар-кеңес өткізілді. Семинар ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бастамасымен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында өткізілді. Университет ректоры профессор  Ш.Әмірбеков семинарға қатысып, жиынның табысты өтуіне тілегін білдірді.

  Бұл аймақтық семинар-тренингті өткізуді Мемлекет тарихы институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қарасаев Ғани Мұқашұлы пен институттың жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсен Сейітқали Жахияұлы ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар Қазақстан тарихын оқытудың қазіргі күнгі талаптарына тоқтады. Қазақстан тарихын пән ретіндегі зерделеудің міндеттерін саралады.

  Атап айтқанда  ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Қарасаев Ғани Мұқашұлы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасы арқылы қабылданған “Халық тарих толқынында” атты бағдарлама шеңберіндегі ұлттық тарихты зерделеуге арналған жұмыстардың барысына сараптама жасады. Осы бағыттағы Мемлекет тарихы институты ғалымдары тарапынан атқарылып отырған істерден есеп берді. Алдағы жүзеге асырылар шаралардың мазмұнын көрсетті.  Атап айтқөанда ол  нақты шындыққа негізделген Қазақстан тарихы ғылымын негіздеудері  мемлекет тарапынан атқарылып отырған нақты істердің барысын саралады. Республиканың оқу орындарындағы Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы  жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттігі мен маңызын атап көрсетті. Ғ.М. Қарасаев осы айтылғандармен қатар  Қазақстан тарихы кезеңдерінің, қазақ халқының қалыптасуының тарихи сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеудің қажеттігіне тоқтады.

  Ғалым жастардың бойындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы Қазақстан тарихшыларына қойылып отырған міндеттердің маңызын атап көрсетті.

  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Игібаев Советхан Қабдуалиұлы  Қазақстан тарихын оқытудың жаңа тұжырымдама жобаларына талдау жасады. Оның мәлімдеуінше, қазргі күнгі аталған ғылым саласының алдында тұрған келелі міндеттің бірі –Отан тарихының кезеңдерін айқындау мәселесі болып отыр. Оның айтуынша мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қазіргі күні кеңестік жүйе кезіндегі қалыптасқан  кезеңдеу жүйесі арқылы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күнгі тарихшы ғалымдардың алдындағы маңызды мәселенің бірі де Отан тарихын  халқымыздың өткенінің әр мерзімдердегі ерекшеліктеріне қарай дәуірлеу  болып табылады. Сонымен қатар бұл істі жүзеге асырғанда негізгі тұлға –қазақ халқы екендігіне басты назар аудару керек. Осы тұрғыда іргелі тарихшылардың бір ортақ шешімге келетін уақыты жетті. Бұл мәселені кеңінен талқылап, уақыт созбай ортақ тұжырымға келу керек.

  Семинар-тренингте Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсен Сейітқали Жахияұлы баяндамасында мектептің тарих пәні оқулықтарын жазуға қойылатын талап-шарттарға тоқталды.

  Ол өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт тарихын мектепте оқытудың маңыздылығына, мектеп оқулықтарының сапасына әрқашан көңіл бөлетінін атап көрсетті. Елбасы оқулықтар сапасына бірнеше рет әділ сын айтып, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берілгеніне және оны іске асырудың кейбір жолдарына тоқталды.