Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

М.Әуезов атындағы ОҚМУ археологиялық экспедициясы. Екпіндідегі ортағасырлық хамам моншасы

12997
М.Әуезов атындағы ОҚМУ археологиялық экспедициясы. Екпіндідегі ортағасырлық хамам моншасы - e-history.kz
Екпінді моншасы хамам моншаларының барлық ерекшеліктеріне сай келбеті бар және оның классикалық түрі болып табылады, бірақ ең ерте кезеңдегісі екендігі өте маңызды.

Екпінді ауылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында орналасқан. Ол Біркөлік –Доңғызтау өзендерінің сағасында орналасқан. Жеке жер иелерінің аумағында сәулет құрылымының бөлшектері табылды. Төңіректі алдын ала барлау жұмыстарынан кейін екі метрлік тереңдікте квадрат пішіндегі күйдірілген кірпішпен қаланған, сәулет құрылымының бөлшектері анықталды.

Соңынан, аталған объектіде 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ археологиялық экспедициясы өзінің мақсатты іздестіру жұмыстары қайта жалғастырды. Археологиялық зерттеу барысында Ортағасырлық моншаның бір бөлігі ашылды. Аталған сәулет құрылымының зерттелген аумағы 13 бөлмеден тұрды. Бұл жердің терең түкпіріне қазылған, квадрат пішінді, қырынан 14-15 м өте тиімді ғимарат болатын. Кіру есігі  оңтүстік-шығыс бұрышында ені 1,25 м, ұзын дәліз түрінде таспен қаланған қабырға негіздемесімен орналасқан. Ғимараттың негізгі көлемі жерге терең қазылған, бұл жоғарыда атап өткендей, жылылықты сақтау мақсатында тартылған болатын. Жерасты бөлігі солтүстік-оңтүстік желісі бойынша тартылған, тікбұрыш түрінде ұсынылған. Ішкі монша ені бойынша және ұзындығы бойынша үш бөлікке бөлінген. Ғимараттың жоғарғы бөлігі, тесіп өту орнымен біріктіріліп және дайындық сипаттағы болуы мүмкін.

Мұнда киініп шешін бөлме - люнгихондар орналасқан, бұл жерде келіп кетушілер шешініп және жамбасына байлайтын «лунги» алатын. Осы бөлмелердің тобымен бір желісі бойынша тартылған, екі су қоймасы байланысты.  Бірақ оның біреуі №3 бөлмеде – суға арналған сыйымдылық екені анық, себебі түбі мен қабырғасы бірнеше рет қырлы ерітіндімен бірнеше рет боялған. Екінші - №9 бөлмеде жерге терең қазылып және, моншаның басқа бөлмелеріне өтуден алдын (уқалау және сабындалу бөлмесіне), келіп кетушілер аяқтарын бір шетінде шаятын, тазар ретінде пайдалануы мүмкін. Дәліздегі және ары қарай барлық бөлмелердегі еденде, күйдірілген кірпішпен қаланғандығы кездейсоқ емес.

Бөлмелердің орташа тобы қысқа дәліз-өтетін орындардан және тікбұрышты салындалудан (№2 бөлме) тұрған, ол жоспардың суретінде орталық орында орналасқан. Олардың қабырғалары жұқа тікбұрышты күйдірілген кірпіштен салынып, күрделі сипатта болған. Едені алғашында жеті сантиметрлі қырлы ерітінді қабатымен боялып, оның үстіне 5 қатарлы ірі тік бұрышты плитка қаланған. Бұл бөлменің уқалау бөлмесі ретінде пайдаланылуы мүмкін, ол үшін шығыс қабырғасының бойына ені мен биіктігі 40 см (атап айтқанша бір шынтақ) суфа орнатылған. Бөлменің оңтүстік-шығыс бұрышында суға арналған сұйық қоймасы орналастырылған. Ең дұрысы, онда суық су сақтаған, себебі сұйық қоймасында жылыту жүйесі жоқ, ал ыстық су легенмен немесе қазанымен әкелінген. Бөлменің қабырғалары мен едені және суфасы қырлы және қыш ерітіндісімен боялған. Еске сала кететіні қыш сылағы жазуға әзірлеліп тегістелген және түзетілген. Бірақ жазудың өзі табылмады.

Бөлмелердің батыс тобы басқаларға қарағанда ыстық өткізгіш арналарымен және кірпіш бағандарымен ерекшелінеді, себебі оларға жоғарғы бөлмелердің едендері тірелген. Бұл барлық бөлмелер өту арқылы көлденең байланысады – суға түсуші оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжып отырады. Онда шығыс моншасының ұстанымы жақсы көрінген – бөлмеден бөлмеге бірте бірте салқын, орташа, және жоғарғы температурамен ауысып отырған. Олардың ең оңтүстігіндегі ең ірі және салқыны (№5 бөлме) болған. Келесі (№1 бөлме) сәл ыстық, бірақ ең солтүстігіндегі ең ыстық болған (№11 бөлме). Бөлмелердегі еден қызыл кірпіштен жасалған бағанға тіреліп, олардың арасында ыстық ауа айналып жүрген, сондықтан бағандағы көптеген кірпіштер қызған немесе ыс іздері пайда болған. Бірақ көбіне №1 бөлменің шығыс бөлігіндегі қатары және №11бөлменің солтүстік шығысындағы бұрыштары қатты ысталған. Жақын маңда пештің оттығы орналасуы мүмкін. Бұл әдеттігі пештің қабылдау – құрылғысына кіріс тарапынан қарама қайшы болмай, тағы да салқын бөлмеден жылығы және салқын бөлмеге жылжу ұстанымына сәйкес болып отырған. Бұл қабырғалардың барлығы күрделі сипатта болып, жұқа квадратты күйдірілген кірпішпен қаланған. «Тізбекті» қалау типінде 4 көлденең қатары оларды құрылымдық жағынан аса бекем болған. Бірақ сақталған қабырғалардың биіктігі болжамды тек ғана жоғарғы бөлігі күмбез бен жабылған жағдайда болуы ықтимал болатындығын көрсетеді.

Сөйтіп, Екпінді моншасын салуда пайдаланған құрылыс материалдары (күйдірілген кірпіш) оның тұрғызылған уақытын X ғасырдың екінші жартысына немесе ең соңына жатқызуға мүмкіндік береді.

Керамикалық кешен (ең алдымен, жылтыр ыдыс аяқ) X ғасырдың керамикасын анықтауға мүмкіндік бермейді. Материалды талдау (әзірше алдын ала) екі хронологиялық топ туралы айтуға мүмкіндік береді. Олардың біріншісі псевдоэпиграфты және эпиграфты нақышы бар тостаған, қара фонға ақ жауһармен салынған. Оларға қызыл сазды жылтыр құмыра салынған. Оны XI ғасырдың бірінші жартысына жатқызуға болады.

Екінші топ – бұл XI ғасырдың  екінші жартысы – соңындағы кешен (бұл тостағандар сұр көмескі фонда, тостағандар құйынды розеткалармен, қазандықтар орақ тәрізді ұстағымен және оюлы безегімен, қызыл сазды құмыралар (жабыстырылмалы) мойны ұзын және жолақты дастархан бетімен көмкерілген).

Керамикалық кешен құрамы бойынша бүтіндей, ыдыс аяқ типтері бойынша, бетін өңдеу бойынша Іспиджаб (Сайрам) және Шаша (Шахджувар, Кавардан, Паркент, Тункет және т.б) таулы аймақтарының керамикасына өте ұқсастықта болып келеді. Осыдан Екпінді моншасы X ғасырдың соңында тұрғызылғандығын, бірақ өзінің қарапайымдылығымен және сенімді технологиясының арқасында барлық XІ ғасыр бойы қызмет көрсеткендігінен қорытынды жасауға болады.

Осымен, Екпінді моншасы хамам моншаларының барлық ерекшеліктеріне сай келбеті бар және оның классикалық түрі болып табылады, бірақ ең ерте кезеңдегісі екендігі өте маңызды. Екпіндідегі монша осы типтің қалыптасуын бейнелейді, бұл өте жинақы ұйымдастырылған, ерте кезеңдегі монша сәйкес сипаттағы құрылым, ортаазия аймағындағы еден асты жылытуы бар, топырақпен батырылған, бөлмелердің орналасуы температураның өсуі бойынша, сол кездегі барлық танымал технологияларды пайдаланумен салынған. Бұл толығымен мұсылман халқы бар Оңтүстік Қазақстан аумағындағы мәдени-экономикалық байланысты бейнелейді. 

ec736b3acf6b55745dc625bbdd08585f.png

Хамам моншасы. Жалпы түрі.

ffe713097dcdc13eacbf0c42c5ecad54.png

Жылытудың еден асты жүйесі

9e17533de5cfea314f7731122c2c112a.png

Ванна

9c6d5f82511edacafcb87b6e2aaecba8.png

Екпінді моншасының қазылған бөлігінің жоспары