Бұл күн тарихта

1916 жылы Николай ІІ-нің майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің 19-дан 43 жас аралығындағы жігіттерді шақыру жөніндегі жарлығы шықты

81 жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды

5 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды

- = -

81 жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды

81 жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды - e-history.kz
Ахмет Жұбановтан кейін ұжымды қырық жылға жуық КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қажығалиев Шамғон Сағитдинұлы басқарды
Оркестр көптеген халықаралық, республикалық форумдарға, фестивальдерге, конкурстарға қатысқан. Оған 1967 жылы «Республиканың еңбек сіңірген ұжымы», 1978 жылы «академиялық» құрметті атақтары берілсе, 1984 жылы қарашаның 29-да Халықтар достығы орденімен марапатталған. Оркестр көптеген шет елдерде – Польша, Румыния, Венгрия, Германия, Франция, Швеция, Португалия, Дания, Үндістан, Қытайда өнер көрсеткен.