Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Женевада БҰҰ бас хатшысы Б.Бутрос-Галимен кездесті.

1938 жылы (1938) 1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды

- = -

1906 жылы Кеңес Одағының Батыры Ишанов Естай дүниеге келді.

26426
1906 жылы Кеңес Одағының Батыры Ишанов Естай дүниеге келді. - e-history.kz
Қостанай облысының Жітіқара ауданында туған.
Ұлы Отан соғысы майданында 60-шы армияның 3-ші гвардия Бахмач жеңіл артиллерия бригадасының 206-ші полкі құрамында ұрысқа қатысқан. Гвардия кіші сержанты Ишанов Днепрдің батыс жағалауындағы Медвин ауданында болған ұрыста дұшпанның 3 танкісін, қару-жарақ тиеген 7 автокөлігін, батальонға жуық жаяу әскерін жойған. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ол 1944 жылы Висла өзенінен өту кезіндегі ұрыста ерлікпен қаза тапқан. 2-ші дәрежелі Отан соғысы, 3-ші дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Батырдың туған ауданы Жітіқарада ескерткіші орнатылған.