Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Бүгін Абай атындағы Жамбыл қазақ драма театры ашылды

Республикалық «Ұлан» гвардиясының құрылған күні

- = -

Қазақстан Республикасы және Испан Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуы

26325
Қазақстан Республикасы және Испан Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуы - e-history.kz
Қазақстан Республикасы және Испан Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды. Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси серіктестердің бірі болып табылады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілік және сенімділік жағдайында дамып келеді. Халықаралық саясаттың маңызды проблемалары бойынша екі елдің ұстанымы жақын. Испания Қазақстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойған екінші еуропалық ел болып табылады (2009 жыл). Испания Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге сұранымының ең белсенді жақтаушыларының бірі болды. Испания Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтандыру факторы, діндер және ұлттар арасындағы төзімділіктің үлгісі тұрғысынан қарайды. Елімізде жүзеге асырылатын экономикалық және демократиялық өзгерістерге жоғары баға беріп, толық қолдау көрсетеді. Жоғары деңгейдегі кездесулердің динамикасы және мазмұны екіжақты қатынастардың ерекше сипатын куәландырады. Екі елдің басшылары арасындағы байланыс тұрақты әрі жемісті түрде дамуда. Қазақстан және Испанияның Сыртқы істер министрліктері және олардың басшылары деңгейінде ынтымақтастық жіті дамып келеді. Тауар-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды тетіктерінің бірі Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақстан-испан комиссиясы (ҮАК) болып табылады. Қазақстандық тараптан жауапты орган ретінде Экономикалық даму және сауда министрлігі болса, ал испан тарапынан – Экономика және бәсекелесуге қабілетті министрілігі бекітілген.