Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1997 жылы Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.

2007 жылы Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді.

- = -

1946 жылы жазушы драматург Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді.

26428
1946 жылы жазушы драматург Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді. - e-history.kz
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестері мен әңгімелері шыққан. Содан бергі уақытта оның «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Дала мен дария», «Қазақтың қызыл кітабы» атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көріп, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр» атты пьесалары сахнаға қойылған.