Бұл күн тарихта

147 жыл бұрын ғалым, шығыстанушы, түрколог, профессор, академик В.В. Бартольд дүниеге келді

22 жыл бұрын Түркияның Ыстамбұл қаласында түркі әлемі жазушыларының құрылтайы өтті

20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен академик Қ. И. Сәтбаевтың мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті

- = -

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

1904-1974 жылдары өмір сүрген.Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С.Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған.