Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

Бүгін Жұмабек Тәшеневтің туған күні

26100
Бүгін Жұмабек Тәшеневтің туған күні - e-history.kz
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты Тәшенев Жұмабек Ахметұлының туған күні
Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.3.1915, Ақмола облысы Аршалы аудан Бабатай ауылы — 18.11.1986, Шымкент қаласы) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939 жылдары Бейнетқор аудан атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі, 1939 — 1943 жылдары, Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 — 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947 — 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 — 1952) болды. 1952 — 1955 жылдары, Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 -19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 — 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961 — 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.(Википедия ашық энциклопедиясынан алынды).