Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

104 жыл бұрын Орынборда «Багбустан ханым» атты әйелдер медресесі ашылды.

68 жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы дүниеге келді.

- = -

Бүгін этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторович Затаевичтың туған күні

26098
Бүгін этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторович Затаевичтың туған күні - e-history.kz
146 жыл бұрын композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич дүниеге келген.
Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі — композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атулымен, болмаса, жаяу жалпы шаралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. А. В. Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орлов облысында 1869 жылы өмірге келген. Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орлов қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 20-шы жылдарыдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, сьезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен-де жазады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А. В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді. Оның 1925 жылы Москвада «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 жылы «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты. А. В. Затевич 1926 жылы біздің өлкеге, дәлірек айтсақ, Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда ол әншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күй жазып алады. А. В. Затевич 1926 жылы Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда оләншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күйжазып алады. А.Затаевичтың арқасында тамшы дасирек кездесетін Қарқаралы әуендері халқына жетті. Композитор Қарқаралы тұрғындары, әншілер: МұсылманұлыӘбсалықовтан, Ұ.Айтбаевтан, Ғ.Байжановтан, М.Шамсутдиноваданәнжазып алады. Қарқаралыда А.Затаевич почта қызметкері В. В. Ситниковтың үйінде тұрған. А.Затаевичке өздері білген ән-күйлерін жаздырғанадамдардың бірі Абзалбек Медеубаев. Оның алты әні этнографтың кітабына енген.