Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

«Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын жарыққа шығарды

Президент Жарлығымен ҰҚК Әскери институты құрылды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірқатар жарлықтарға қол қойды

- = -

1925 жылы «Жас қайрат» газетінің бірінші саны шықты.

25956

1925 жылы 3 ақпанда  “Жас қайрат” апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда Орынборда, кейін Қызылордада шыққан басылымның таралымы 2000 дананы құраған. Соңғы жетінің ішінде айдарында шет елдердегі, Кеңес одағындағы жаңалықтармен таныстырса, Қазақстан жастары бөлімінде жергілікті ұйым өмірін, жеке жастардың талап-тілектерін жариялап тұрған. “Тәні саудың - жаны сау” айдарымен дәрігерлік кеңестер, спорт жөніндегі материалдар беріп отырған. Қаржы тапшылығына байланысты басылым 1926 жылы қазанның 30-ында 57-ші саны жарық көргеннен кейін тоқтаған.