Қолөнершілер жайлы дерек фильм көрерменге жол тартты

Бөлісу

01.10.2026 34

Қазақ халқы ежелден төл өнерге де, қолөнерге де ерекше бай халық болды. Алайда кеңестік кезеңде ел ішіндегі дәстүрлі қолөнер шеберлігінің кенжелеп қалғаны жасырын емес. Осы тұста қазақ қолөнерінің бай мұрасы бүгінге дейін сақталды ма? Ел арасында қолы іс білетін шеберлердің жай-күйі қалай? Цифрлы технология дамыған заманда қазақтың қолөнеріне қандай баға беріліп келеді деген заңды сұрақтар туындайды.


«QAZCONTENT» компаниясы дәл осы сан сауалға жауап тауып, ұлттық мұрамызды кеңінен таныту мақсатында «Мұра» деректі фильмін көпшіліктің назарына ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы: «Жаңа заманда біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Көптеген ел өзінің салт-дәстүрі мен қазіргі инновацияларды өзара үйлестіру арқылы дамудың даңғыл жолына түскенін тарихтан көріп-біліп отырмыз. Сол секілді біз де төл мәдениетімізді қазіргі әлемдегі шынайы жағдайға бейімдеуіміз қажет», - деп пікір білдірген еді.

Осы тұрғыдан алғанда, «Мұра» деректі фильмі - ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнер дәстүрін бүгінгі ұрпаққа таныстырып қана қоймай, оны заманауи қоғаммен сабақтастырудың маңызын көрсететін туынды. Фильм ұлттық мұрамыздың тарихын саралап, дәстүр мен қазақ қолөнерінің көркемдігін танытады.
 

Бөлісу