Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу: архивтен жасанды интеллектіге дейін
Бөлісу
30.09.2026984
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Қазақстан тарихы” кафедрасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу: архивтен цифрлық зерттеуге дейін» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Кездесуге профессорлар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Ғалым Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, тарихи ізденісте архив материалдары мен цифрлық мүмкіндіктерді қолдану жөнінде әңгімеледі.
Дәрісте ғылыми зерттеу барысында жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды. Профессор оның зерттеушіге қандай көмек бере алатынын, ғылыми жұмыстағы пайдасы мен қолдану мүмкіндіктерін түсіндірді.
Қатысушылар тарихи мұраны зерттеудің заманауи тәсілдерімен танысып, ғылыми ізденістеріне пайдалы ақпарат алды.
Дәрістің соңында шара модераторы кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Құралай Отаубаевна сөз сөйлеп, Түркиядан арнайы келген ғалымға факультет атынан зор ықыласын білдіріп, докторант шәкірттеріне шетелдік кеңесші ретінде қолдау білдіріп келе жатқанына алғысын айтты.