Мирзиёев Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Бөлісу

11.04.2026 68

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды, деп хабарлайды e-history.kz порталы


Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан басшысы Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады.

Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.

Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.

Бөлісу