Оспан батырға көмекке келген АҚШ тыңшысы

Бөлісу

06.03.2026 125

Тарихи деректерде Оспан батырға көмекке келген АҚШ тыңшысы - Дуглас Маккиернан туралы көп айтылады.


Дуглас Маккиернан – ЦРУ-дың алғашқы қызметкері, «қара жұлдыз» (қаза тапқан агенттерге арналған ескерткіш) иегері.

Ол 1913 жылы Мексикада туған, полиглот (ағылшын, испан, француз, неміс, орыс тілдерін білген), физика маманы. Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ армиясының метеорологы болып, 1943–1946 жылдары Үрімжіге (Тихуа) жіберілді. 1947 жылы ЦРУ-ға ресми өтті, вице-консул маскасымен астыртын жұмыс істеген.

Ол 1947 жылы Бәйтік Боғд шайқасы кезінде Оспанның одақтастарымен кездескен. 1949 жылдың күзінде (қыркүйек-қазан) коммунистер Үрімжіге кіргенде Маккиернан қаладан қашып, Оспан батырдың Баркөл көлі маңында ордасына келеді. Әрі Оспанның қасында бір айдан астам бірге болады. 

Оспанға радио сыйлап, коммунистерге қарсы күресті жалғастыруға нұсқау береді. Оспанды «еркіндік үшін күрескен адам» деп бағалады.

Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің (MSS) ресми мәліметі бойынша, Маккиернан Оспанды тыңшылыққа үйреткен.  Сондай-ақ партизан желісін құруға үйреткен. Ол Оспанға «Қытай үкіметіне қарсы күресін жалғастыруды» бұйырды.

АҚШ-тың құжаттары да осыны растайды. Маккиернан Оспанға «АҚШ қолдауы» берген деп саналды. Бұл – Оспанға АҚШ-тың тікелей қолдау білдіргенін көрсетеді. 

Шын мәнінде Маккиернанның миссиясы атом барлауымен байланысты болған еді (1949 жылы Кеңес атом бомбасын сынағанын алғашқылардың бірі болып хабарлады).

Маккиернанның өлімі

Маккиернан Қытай жерінде оққа ұшты. Қасында антрополог (ол да ЦРУ адамы болған) Франк Бессак жәні үш орыс офицері болды. Олар Оспанмен кездескен соң Тибет арқылы Үндістанға қарай жолға шықты (Такла-Макан шөлі, Куньлун таулары, Чангтанг үстірті – 1600 шақырым). 1950 жылы 29 сәуірде Тибет шекарасында (Чангтанг үстірті, Қытайдың Xizang аймағы) тибеттік шекарашылар оларды «қазақ киіміндегі коммунистер» деп ойлап, оқ жаудырды.

Маккиернан мен екі жолдасы (Леонид пен Стефан) қаза тапты. Бессак пен Званцов тірі қалды. Қытайлық тарап «Маккиернанды «қаруын тастамаған соң» жергілікті милиция оны атып өлтірді» деп ақталды. Тибет сол кезде де-факто тәуелсіз болғанымен, ҚХР оны өз жері деп есептеді.

1951 жылы ақпанда Цинхайда ұсталды. 29 сәуірде (Маккиернанның өлімінен дәл бір жыл өткенде) Үрімжі түрмесінде атылды. 

Жалғасы бар… 

Бөлісу