Кеше ғана өмірден өткен генийлеріміздің бірі Таласбек Әсемқұлов (1955 – 2014) адамзаттың тарихи санасын сақтау жолындағы екі құралына тоқталған еді: жазу мен ауызша мәдениетке [1]. Бүгінгі талқы (толкование, talk) адамзаттың ататілі – қазақ тіліне - апарады.
Тұраннан ататіл жер жүзіне екі рет жайылыпты:
50 мың жыл бұрын және 17 мың жыл бұрыннан соң
Кеше ғана өмірден өткен генийлеріміздің бірі Таласбек Әсемқұлов (1955 – 2014) адамзаттың тарихи санасын сақтау жолындағы екі құралына тоқталған еді: жазу мен ауызша мәдениетке [1]. Бүгінгі талқы (толкование, talk) адамзаттың ататілі – қазақ тіліне - апарады.
Тілдің сөздік қорына Майқы бастаған абыздық қауым өз замандарына дейінгі адамзаттың рухани-мәдениеттік, ғылыми-технологиялық, т.б. мұрасын сыйғызған. Абыздық жүйеміздің соңғы шебі жалғыздарының бірі Мәшхүр Жүсіп Көпеев ел аузынан жинаған әдебиет үлгілерінің ең қымбаттысы «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған»: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би деген болыпты. Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі деседі... қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан (Алаша ханның әкесі – Т.Қ.) Бұқарада тұрып хандық қылған екен» [2]. Тұран қағаны Майқы, деректерге қарағанда, он жеті мың жыл бұрын мен он бес мың жыл бұрын арасында өмір сүрген адам. Ататілдің екінші жайылуында...
«Джагфар тарихы» бұлғар жылнамасын жоғалудан құтқарған Ф.Г.-Н. Фахрутдинов Дуло (Дулат) абыз династиясынан шыққан Джам (Жем, Майқы, Арғы Мақ) б.д.д. 14953 жылы Идель (Тұран) тағына отырған [3], - дейді. Ностратика тілдері теориясы авторларының бірі саналатын В.Иллыч-Свитыч (1934-1966): «Эти языки имеют общее начало – от основного корня – праностратического «языка ангелов» - примерно 14 – 18 тысяч лет назад» [4]. Бұл маман ностратиканың ішіндегі тілдері туралы: «Алтайская общность значительно древнее уральской, дравидийской, индоевропейской, картвельской и семито-хамитской группы языков и наиболее близкая к общеностратической семье» [5]. Ия, бұл лингвис «періштелер тілінің» реконструкциясын бастаған екен, бірақ көшеде жұмыстан үйіне келе жатқанда автомобиль басып өмірден 31 жасында кетіпті...
Ресей Ғылым Академиясының мүше-тілшісі С.Старостинің (1953 – 2005) пікірінше адамзаттың ататілі 50 мың жыл бұрын бір жерден шықса, ностратика тілдерінің - бүгіннен 15 мың жыл бұрын [6]. Алтай тілдерінің орны туралы бұл кісі: «Специфика алтайских языков заключается в том, что алтайская семья несколько древнее большинства других языковых семей Евразии (в частности, древнее индоевропейской и финно-угорской)» [7]. Алтай отбасына түркі тілдері кіреді және монгол, тұнғыс, мәнжұр, корей, жапон-рүкүс тілдері. Профессор Сергей Старостиннің де арманы ататілді реконструкциялау еді, бірақ университетегі бір лекциядан соң жарты сағатта инфаркттан өлген...
Ностратика тілдерінің атақонысын палеолит үзбестігі теориясы авторы академик Марио Алинеи Орал таулары мен көрші аудандар [8] десе, Ресей палеолингвисі С.Яхонтов: «Наиболее вероятной прародиной ностратических языков является Южный Урал и соседние районы» [9]. Лондондық профессор Мэри Бойстың «Зороастризм. Верования и обычаи» кітабын оқысаң, адамзатқа Алтын ғасыр берген Йима патша басқарған малшылар мемлекеті Тұранның орталығы Еділ (Волга) өзенінен шығыстау далаларда болған [10]. Үнділердің мұрасында Йама (Майқы) мұздық дәуірінде өмір сүрген депті...
Майқы заманындағы территориялық өзгерістер
Батыста Донай өзенінен бастап, шығыста Шығыс Сібірді қосып, солтүстіктегі Таймырдан бастап, оңтүстіктегі Тибет тауларына жақындап қалған ұлы территорияны ғалымдар Ішкі Еуразия дейді. Донай өзенінен Қытай теңізіне дейін 8000 километрге созылған даланы Дала Белбеуі (Степной Пояс) дейді [11].
...2,5 миллион жыл бұрын ерте тас ғасыры (ранний палеолит) басталыпты [12] - Ішкі Еуразияға салқындық келіп, адамзаттың ата-бабалары тірі қалу үшін киініпті, баспана салуға үйреніпті, аң аулап, керек құралдарды істепті, тастан, ағаштан, сүйектен. Ойлау жүйесі қалыптасқан, өзара қатынас та дамыпты дейді ғалымдар...
600 мың жылдай бұрын орта тас ғасыры (средний палеолит) басталған, ру-тайпалар қалыңдықтармен алмасатын дәстүр орнатып, Ішкі Еуразияда, сонда ең биік деңгейде Дала Белбеу жерлерінде, когнитивтік-коммуникациялық (танымдық-қатынастық) серпіліске жол ашылған. Түрколог Едіге Тұрсынов (1942 – 2016) данамыз айтқандай, құдалардың екі жақты айтыстарынан ақындық туды, жыраулық, абыздық жүйесі, сөзшеберлік [13] – адам мыйының бүгінгіге жақындауы басталыпты... Адамзаттың ілкісін іздемесін деп, бұған да қастандық істелген екен, Едіге ағамыз көп уақыт койкада жатып, біраз жылдар сөйлеуге жаңадан үйренген...
Түркологтың сөздерін Орынбордағы Дала Институтының директоры академик А.А.Чибилев растайды: «В степных областях Евразии люди жили в далёкие доисторические времена – намного раньше, чем в лесной зоне. В Нижнем Поволжье в слоях среднего (770 – 126 тысяч лет назад) и верхнего плейстоцена нашли останки слона-трогонтерия – предшественника мамонта, останки лошади, близкой к современной, осла, бизона, быка, верблюда, волка, лисицы, сайгака. Свидетельствует о преимущественно степном характере фауны, относящейся к днепро-валдайскому межледниковью. В это время степная фауна господствовала на юге Восточной Европы и в части Западной Сибири, где преобладают ландшафты с богатой травянистой растительностью. Совместное существование в этой зоне доисторического человека и степных животных породило скотоводство» (А.Чибилев. Степная Евразия: региональный обзор природного разнообразия. М.-О. 2016. С.29).
115 мың жыл бұрын Валдай мұздығы шабуылдап, қатты сынапты [14]!.. Мұз басқан бәр жақтан адамдар да, жануарлар да Тұранның ортасына құйылған, сыртқа жолдар жабылып, Тұранның негізгі территориясы мұздық максимумдарында қоршалған жағдайға жетіпті – ғылымда «палеолиттік қазанға» айналу дейді... Бір жағынан салқындық қысып, көптеген адам - аяз, жел, бораннан тығылатын жер таба алмай – қаза табыпты. Екінші сынақ – миллиондаған жыртқыштарға төтеп бере алмағандардың көбісі - солардың асқазандарында орын табыпты.
Бірақ, деректерді салыстырғанда түйін келеді – Тұранның ұйымшыл қоғамы мұздық әкелген қиындықтарды бастауыш жылдарында жеңіп, қоршауда жиналған тұрғындардың демографиялық дүмпуі мыңжылдар бойы болыпты, когнитивті-коммуникациялық пен ғылыми-технологиялық революциялар өтіп – мұнда адамзаттың ататілі қалыптасады. 50 мың жыл бұрын жылылық келгенде [15], жолдар ашылып Тұраннан жер жүзіне халқымыздың бірінші кең таралымы ағылады, ғалымдар бұл уақытты тас индустриясының палеолиттік революциясы заманы дейді және адамзат ата тілінің бірінші рет планетаның кеңдеген жарығына шыққан жылдары болды деп.
...Поствалдайлық мұздық максимум (ең қатты деңгейі) бүгіннен 20 мың жыл бұрын басталып, 17 мың жыл бұрын біткен дейді біраз зерттеушілер [16]. Осы екінші максимумдық блокадада жатқан Тұранның картасына қарасақ па, құрметті оқырмандар!.. Міне, М.Магомедов, С.Каспаров, Н.Тупиктің, «Каспийская Атлантида» мақаласында: музбен, сумен қоршалған жердің ауданы 3,5 миллион км2. Батыста Киевтен әрірек мұз, содан соң шығысқа линиясы Төменгі Еділ – Сырт – Оңтүстік Орал – Торғай төмендігі – Алтай. Оңтүстікте Алтай, Тяньшань, Копетдаг, Эльбурс, Кавказда мұз. Батыста Каспий суы Қаракөл суымен байланысқан – мұхитпен байланыс болмаған [15].
17 мың жыл бұрын жылы келгенде, жыл сайын кепкен жерлерде тұрғындар көбейеді – Тұраннан жер жүзіне халықтың екінші кең тарауы басталды, сонымен бірге Майқы редакциялаған ататіл (ностратические языки).
...«Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» (2) өсиетіне қарасаң, қырық хандығы бар Тұран конфедерациясының қағаны Майқы Алашаны ұлы Даланың ашылып жатқан шығысын игеруге жібереді, қазақ халқы даламыздың үш жүзін (ауданын) бірге қосып уш регионды ұлтқа айналады... Тарихи санасын жоғалтуға жақындап қалған бүгінгі халқымызға ес жию құралдарының бірі болатын «Қазақтың ауызша тарихы» кітабында данышпандарымыз шебінің өкілі Ақселеу Сейдімбек жазғандай, бір отбасының үлкен ұлы қазіргі Алматы жағына барса, ортаншысы Сарыарқаға, кішісі қара шаңырақтың қорғаушысы болып батысымызда қалады [18].
Сол жылу заманында палеолиттік қазанның бәр жерінен кебіген аудандарға халық көшінен тағы бір мысал. Батыстағы Киев жерінен: алысқа барған ағайын великоросс (ұлы орыс) атанған, берірек барған ағайын беларус (ақ орыс), үйде қалғаны малоросс (кіші орыс). Тұранның бәр қырық мемлекетіне тұру үшін әдейі эңгіме керек...
Адамзаттың бүгінгі соқырлыққа ұшырайтынын Майқы бабамыз білген-ай...
Майқының тегі, есімдері, туған жерінің геосаясаттық сыры
«Елек – қазақтың ілкі өзені!..» - деді кеше ғана қазақ мифологиясы ғылымының негізін қалаған отыз алты жас қана өмір сүрген титанымыз Серікбол Қондыбай (1968 – 2004). Титан дегеніміз – жаңа ғылымның негізді кітаптарын Серікбол авариядан соң тоғыз жыл койкада жатып жазды - Шетпе ауылында.
«Тұран – тау үстіндегі шұңқыр» (страна-кратер) деген екен ата-бабаларымыз жерімізге жүз мың жылдан бұрыннан асқан замандарда... Бұл формула КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының мүше-тілшісі Сәрсен Аманжоловтың «Вопросы истории и диалектологии казахского языка» 1958 жылы қаңтардың 28-інде жазып бітірген кітабында [19]. Формуланы Маңғыстауда халық аузынан жазып алған... Алты күнде өлтіріпті лингвисті – академия мен институттан шығарып, ұлтшыл деп жиналыстарда кінәлап, өзіне сөз бермей – бір жиналыстан соң өмірде ауырып көрмеген ғалым бір мезгілде ұрған инфаркт пен инсульттан қайтыпты. Қазақ халқының тілі мен тарихын алғашқы замандардан (с первобытных времён!) зерттеуді бастапты-ай – большевиктердің XV- інші ғасыр дегеніне бағынбай!..
Шығыс халықтарының архитектурасының Халықаралық Академиясының мүше-тілшісі, Ақтөбеде өткен ғылыми «Арал-Каспийлық» үш конференцияның ұйымдастырушысы т.ғ.д, Серік Әжіғалиев «Древности страны-кратера» еңбегінде: «Александр Гумбольдт, посетивший Северный Прикаспий в 1829 году, отмечал наиважнейшие особенности пониженных пространств от Черного моря до Восточного Приаралья включительно – как величайшей в мире котловины или «страны-кратера». Арало-Каспийский историко-культурный регион, географически включающий в себя территории равнинной страны Турана, Прикаспийской низменности и южной оконечности Уральских гор, давно признается специалистами как важнейший очаг этногенетических и этнокультурных процессов в Старом Свете» [20]. Бұны қазекең орта палеолитте де біліпті және ерте замандарда «ел-кратер» стилі жер жүзіне таралыпты: мәдениетте, құрылыста, діндерде, т.б. салаларда... Бөлек әңгіме, басын «Истина о Туране сквозь призму науки и народного наследия» мақаламызда «Мысль» журналында бердік...
Туғанда ата тілдің редакторына берілген аты – Мақ (Бөрі) еді... Кіші жүздің жетіру/қартқазақ шежіресінде – Арғы Мақ. Даналығын сезген саналы орта Махмет депті. «Мет», «бет», «мед» тереңде жатқан ақиқатты жарыққа шығарып жүрген адамның есіміне қосады-ау жетелікті білетіндер ертеден: Аспанбет, Архимед, Бетақыр (Пифагор), Мұхаммед, Махамбет... Май тілімен билегесін («күн бәріне жарқырайды» принциппен) – «аталған Махмұт дана болып Майқы»... Екінші тілі билеудің - шаң екен, юристпруденция, үшіншісі – қан тілі!..
Келесі есімдері Қазық пен Азық (Жем). Өсиетте он екі жасар Алаша, Майқы қағанмен амандасады «хандардың қазығы, бұқараның азығы» деп – хандарға жол көрсететін адам екенін сезіп, нені істеуге болады, нені болмайды деп. Халықтың рухани Азығы, Жемі - саналы табандылыққа жол көрсетіпті. Өсиеттері: «хан әділ болса басынан бағы таймайды, халық табанды болса қара жерден кеме жүргізеді»... Туған жері Майқының Елек–Ұлы Қобда өзендері арасы, сонда қазір де Майқыбұлақ бар, Майқысай, Мақ-Балсай, Шолақсай. Бал болса – Майқының тұқымы, Тұран қағандарының тізімінде де, халықтың мұрасында да бар:
«Балдың көп дүр ұрпағы,
Үйсінді жоқ ұрмағы,
Ондай ел өскін келеді,
Оның жоқ дүр құрмағы,
Қон, Рат, Қып, Шақ, Болданды
Жоқ демеңіз болғанды» [21].
Ақтөбе облысында Жем/Ембі өзені бар және Жем/Ембі (Йембі) қаласы – атаудың біріншісі мыңдаған жылдық қыпшақ акцентінде, екіншісі оғыз диалектін сақтаған-ау дейсің... Ақтөбе облысының Қобда ауданында Ортақ пен Ақсай ауылдарының арасында Майқы салған Тұран астанасы Орнық қаласының тастары XX ғасырда Орынбор – Ташкент темір жолына, коммунизм мен жабайы капитализмдік құрылыстарына тасылып бітті:
«Майқы атам Орнық деген қала салған,
Қазақ та сол бір кезде білім алған.
Бұл орын көпке дейін мекен болған.
Бірақ...
Күлін көкке ұшырып жоқ қылыпты,
Кейінге жоқ сияқты бірі қалған.
Арабтан сол бір кезде үлгі алыпты,
Бар болса қай орында ескі мұра,
Барлығын жоқ қылуды ұйғарыпты.
Қазақтың бар мұрасын күл ғып өртеп,
Тарихтан кейінгілер құр қалыпты...» [2]
...«Авестада» Тұранның орталық облысын «Хванирата» деген – «Қобан жұрты» (Қозы Көрпеш – кендігер қобан жұрттан!). Тарихшы Пьянков И.: «Хванирата расположена между Волгой и Амударьей» [22]. Халық мұрасында бар - Алшын мен Кеншын біртуған ағайындар, Кеншын өлгенде жеті баласын (солардан жетіру-қартқазақ өрбиді) Алшын өсіреді. А.Марғұланның еңбектерінде де кендігер қобан жұрты бар... Шумерліктер өздерін кенгер деп атаған. Археологияда б.д.д. 3300 – 1900 жылдарында Далалық малшы-металлургтер мемлекетінің территориясы (Циркумпонийская металлургическая провинция) Сібірден Парс шығанағына дейін созылған дейді – соның ішіне Шумер де кірген. Тұран деуге бүгінгі ғалымдардың күші жоқ, ең қуатты металлургиялық орталығы Орынбордың қасындағы Қарғалыда (Каргалинский металлургический центр) болса да...
Ия, сонда осы Қобан (Қыпшақ) жұртының, бүкіл Тұранның астанасы боп Елек-Қобда арасының сыры неде?
Тарихты қазсаң, тек тас ғасырында емес, қола ғасырында да сол!.. Елек бойындағы, жетпіс шақырымдай Орнық қаласынан, Тамыр Өткел қазақ ауылының атымен бүкіл еуразиялық 8000 километрге созылған Дала Белінің мәдениетіне әсер беріп тұрған жерді атапты ғалымдар – «тамаруткульская традиция», «тамаруткульский тип памятников» деп... Сол ауылдың қасындағы 1887 жылы қазған алтынға бай қорғандардан есі кеткендер жүз жыл толмай Електің сол жағындағы мыңдаған қорғандарды жермен жексен еткен-ай...
Келесі 1888 жылы не болып қалды: «...на 67 версте из Соль-Илецка на Актобе находился некрополь, содержавший более 500 курганов… страшная буря в июле 1888 года разметала и уничтожила большинство могильных сооружений, сохранив только 100 наиболее прочных курганов» (Вопросы археологии Западного Казахстана». 1996. С.7) [17]...
Қуаныштан жер таба алмаған, Тамыр Өткел қорғанын қазған археолог Ф.Д.Нефедовтың 1888 жылы қазанның 19-ында Орынбордағы баяндамасында: «Бесчисленное множество курганов, городищ и городков, которыми на тысячи верст усеяны степи, сырты, берега рек и озёр – вот те живые летописи, содержащие в себе повествования... о народах, давно исчезнувших с лица земли» (РОНА ИИМК РАН. Ф.1 – 1888. л.2 – 3//Евгеньев А. История Оренбургской археологии. Т. I. О. 2018)
...Нет, мы не исчезли, уважаемый Филип Диодимович, один из потомков того народа сейчас эти строки пишет... Я в Тамар-Уткуле с 5 по 8 класс в интернате учился, а в 2004 году присутствовал на раскопках единственного оставшегося из того пяти-сотенного некрополя кургана – он зарос кустарником и потому уцелел. Весь курган высотой 8 метров и диаметром около 50 метров состоял из калиброванного мытого гравия размером 2 – 3 миллиметра, безо всякого скрепляющего вещества!.. Руководитель археологической экспедиции д.и.н. профессор ОГПУ Н.Л.Моргунова изумленно там воскликнула: «Больше 100 курганов раскопала, но такого не видела – хотя бы бровки не рассыпались»!..
Ертедегілер болашақта не болатынын білген... Археолог Ф.Нефедов та білген шығар, XVIII - XIX ғасырларда Ресейде Сібір қорғандары жермен жексен етілді, мың жарымдай монастірлердің қағаздары жағылды, орыс халқының тарихын Еуропадан келген неміс профессорлары жазды, бұған қарсылық көрсеткен академик Михаил Ломоносовты дарға асу үкім шықты, ғалым бір жылға жақын түрмеде отырып асуды күтті. Бірақ Еуропада сөз басталғасын ғалым кешірілді, көп уақыт өтпей үйінде қайтыс болды. Қағаздары, С.Аманжоловтікіндей, жоғалды, еңбектері де ресмиліктердің керек жақтарына өңделді, жарыққа шыққан болды. Осындай оқиғалар бұрын Таяу Шығыста да, Египет, Батыс па, Оңтүстік пе – бәрінде өтті. А. Евгеньевтың кітабында П.И.Рычковтың (1712 – 1777) «Топография Оренбургская. 1887. С.186» еңбегінен үзінді берсек: «…у устья Карасу, впадающей в Большую Кобду, каменные строения, наподобие пирамид, называемые Астану»… Ұлы Қобда солтүстекте болса, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де XX ғасырдың басында да пирамидалардың біразы сақталған еді... Ұшып кетті ме?..
Міне, тас ғасырдың Қобан жұрты қола дәуірінде де Тұранның өзекті территориясы болып қалғанына пікір айтып, тарихи ақиқатқа сапалы үлес қосқан археолог Сергей Богданов көрсетеді: «Основной ареал памятников тамаруткульского типа совпадает со степными территориями Приуралья от долины Бузулука на западе до верховьев Тобола и Мугоджар на востоке, от башкирской лесостепи в районе Стерлитамака на севере до полупустынь Прикаспиской низменности на юге» [24]. Бұл аз болса, ерте темір ғасырында әйгілі Скифия, Германиядағы Висла өзенінен Қытайға дейін гүрлеген мыңжылдық Сарматия да Елек бойынан басталыпты. Гүрлегенін атақты Польша археологы Тадеуш Сулимирскийдің «Сарматы» кітабынан, ал басталғанын – Мәскеудегі Археология Институтындағы скифо-сарматология бөлімінің меңгерушісі археолог Константин Смирновтың «Сарматы на Илеке» еңбегінен оқуға болады... Көрдіңіз бе, мыңжылдық құрғақшылықтан Тұран мемлекеті б.д.д. 1900 жылдар шамасында құлады – соған қарамастан Елек–Қобда арасы өзінің геополитикалық ролін-міндетін орта ғасырларға дейін атқара берді...
Бұ да жетпесе, осы геосаясаттық ролін-міндетін орындауды, адамзат алдында, түркі халықтардың алдында, қазақ ұлты алдында - осы Тұранның, адамзаттың ертедегі жүрегі кемінде 2,5 миллион жыл бұрын бастаған деуге болады. КСРО Ғылым Академиясының Археология Институты ғалымдарының 1989 жылы шыққан «Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время» [25] фолиантында жазылады-ау – «река Урал (Жайық!) в широтном течении служила разделительной линией между летними и зимними пастбищами»!.. Жайықтан солтүстікке қарай жазда шөппен су мол, бірақ қыста қар қалың, мал қыста шөпке жете алмайды – күзде қары жұқа оңтүстікке бұрады. «Көп болды-ай Ақ Жайыққа бармағалы»!..
Жайыққа оңтүстіктен құйатын Елек өзені бойында қыста қар жұқа – мал тебіндеумен тамағын табады. Қыстаулар. Елек-Қобда арасы «халықтардың қақпасы» аталады – Каспий теңізі мен Орал тауларының ортасында. Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тас-руда кендері мен кенттері қасында, Орталық Қазақстанның кендеріне тура жол. Ия, жылда жайылған жануарлардың соңынан жүрген мобильді аңшылар, сосын малшылар екі рет өтеді: наурыз айында Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанның қиылысындағы Жиделі Байсыннан бастап, Сыр бойынан, Маңғыстаудан, солтүстіктегі жайлауларға – Қазан, Владимир, Сібір жаққа... Күзгі қыркүйек айында оңтүстікке тағы осы жолмен қайту, өнімдерімен сауда, қалыңдықтармен алмасу – құдалар жағынан ақындар шығып айтысу, тойлар жаз бойы ғой... Майқы заманындарында Арқайымдағыдай университеттер, Орталық болғасын – Академиялар, ғылымдар бүгінгі әлемдікінен бірнеше деңгей асқан. Жаз бойы университетерде оқыған, бәр керек мамандықтарға, студенттердің көбісі күзде қыстауларына кетсе, біразы қалады. Ең таланттылары абыздық жүйеге қосылады. Вертикалдық өсу де, горизонтальдық өсу де дамыған – солай болмаса динамикалық даму Тұранда болмас еді. Адамзаттың сөздік қоры - қазақ абыздарының еңбегі... Тұранның абыздары өздерін, елін, қолындағы тарақ (трезубец) түріндегі асатаяғын «қазақ» деп атапты. Алғашында бұл сөздің мағынасы «күннің нұры, Күннің өзі, Тәңір» болыпты (Джагфар тарихы).
Мына қысқа берілген ақпарат адамзаттың тарихында ешқандай кездейсоқтың жоқ екенін көрсетеді. Әншейіннен биік тумайды. Тарихтың тереңдігін «Қобыланды батыр» жырының қобдалық Айса Байтабыновтың нұсқасында жер астында отырған батыр деректейді:
«Қобыланды өзі тым шебер еді,
...серкенің мүйізінен
Тарақ істеп береді.
Ай қараңғы, бұлт күні тарақтың сәулесі
Сәскелік жерге түседі»...
Бұл үзінді қағандардың тарақ таңбасы қазақ жер астында отырған кезді, Валдай мұздығының басталған 115 – 113 мың жылдарды көрсетеді. Және Майқы қаған алғашқы қарақыпшақ Қобыландының мұрагері екенін. Бұндай мұрагерліктің мысалдары бар. 1975 жылы Мәскеуде шыққан «Кобланды батыр» кітабында (26) жырдың қазақ тілі мен орыс тілінде мәтіндері берілген және 28 нұсқасының сюжеттері, ал бір бетінде жазылған: «от Қобланды происходят табынцы и таманцы». Осы сөздер 1901 жылы 31 наурызда «Тургайская газетасында» басылған екен – XV ғасырдағы батырдың тұқымы, Ұлы Қобданың сол бойындағы Жирен Қопа («Рыжая Пещера») ауылының тұрғыны Ормамбетқол айтыпты деп. Орта ғасырлық батыр Бірінші Қобыланды жатқан маңайда жатса, Ормамбетқолдың айтқаны рас болып шығады. Дуло (Дулат) династиясынан шыққан Майқыда (Арғы Мақ) дөңгелек таңбасы және қаған таңбасы тарақ. Табынның таңбалары да дөңгелек, тарақ, көсеу, шөміш, ал шежіреде бүкіл жетіру-қартқазақтай арғыатасы Арғы Мақ!.. Түйін: қазақ үш жүз атанғанға дейін бір ру, тайпа, жетіру-қартқазақта болып орта палеолиттен келе жатқан қыпшақ (қобан) бірлестігінің мүшесі болған. Екінші бірлестігіміз – оғыз тайпалары. Баян, Құртқа – оғыз қыздары. Дуалдық қоғам. Академик Мирфатых Закиев «Татар халқының тарихында» жазады, ертеде Еділдің сол жағында көбісі қыпшақ тайпалары қоныстанды, оң жағында көбісі оғыз тайпалары. Археологтар қола ғасырында картада Ұлы Қобда өзенінен батысқа қарай оғыздар болды деп сызады, шығысында қыпшақ тайпаларды. Тарихшы Е.Н.Черных (11) Дала Белдігін зерттеулерінің басында территорияны екі мәдениетке бөлген болады да, бірақ қорытындысында «это же одна культура, только с некоторыми особенностями на местах» дейді!..
Майқы қазақ халқының ру, тайпа шежірелерінде бар, біраз кітап жазуға болады. Башқорт, татар, чуваш, мадьяр, ноғай, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, тағы біраз халықтардың мұрасында да. Бір-екі мысал келтірейік, міне З.Аминев: «Изучение мест расселения башкирских племен по рекам Яик, Нугуш, Идель и Сакмара показывает, что в этих местах расселены т.н. башкиры-семиродцы (жетіру!), от которых, по поверьям, образовался башкирский народ» [27]. Башқорт табындары халқының төрттен бірін құрайды, екінші аты үйсін, шежіресінде Майқы. М.Ахметзянов: «…из татарских шеджре следует, что Майкы был родоначальником племени уйшин. Этноним ишун (Шун, Сун, Сон) сохранился в активном лексиконе в Поволжье и Приуралье в виде гидронимов (названий рек и озер). Татарские деревни Шунбаши и Верхний Шун. Эти имена сохранились нам в наследство от древних татарских племен» [28].
Бүгінгі заманда да ескерткіштер үшін күрестердің тоқтауы жоқ: «...при прокладке трубопровода Карачыганак – Атырау в зоне строительства оказалось более 100 археологических объектов, в том числе комплекс царских курганов «Кырык оба»... казахстанским ученым во главе с профессором истории Муратом Сдыковым с трудом удалось отстоять курганы от техногенного разрушения. Сегодня ученые говорят об этих курганах как еще об одном чуде света... перспективный участок для заповедника – «Степная Пирамида» (Караван. Г.Кенжегалиева.6.02.2009г.). Тамыр Өткелден Батыс Қазақстан облысында жатқан Қырық Обаға жүз елю шақырым, жер жүзіндегң ең биік қорғандар 8 метрден 20 метрге дейін биіктігі мен 80 метрден 150 метрге дейін диаметрі – әлі тегістелмеген. Сырлары көп – «ел-кратер» стилінде құрылған (Т.Казиев. Истина о Туране под призмой науки и народного наследия/ж. Мысль. Сентябрь 2025).
Адамзаттың тарихи санасын сақтау проблемасы
Сөйтіп ата-бабаларымыздың даналығы бос жерден шықпағанына мысалдарды көрдік. Адамзатқа ататіл беру оңай емес (С.Старостин; С.Яхонтов; М.Алинеи; В.Иллыч-Свитыч). Өркениетті (Г.Матюшин; Г.Киссинджер; А.Нарымбаева; Ж.Байжумин). Алтын ғасырды (М.Бойс; әлем халықтарының ата мұрасы). Металлды (А.Маргулан). Майқы (Йима) әлем пайғамбарларының Ұстазы атанды (Э.Шюре).
…Б.д.д. 1900 жылдарында Тұран, адамзаттың мәдениеттік негізі (культурная матрица), ыдырады. Мың жылдық құрғақшылықтан. «На рубеже III – II тыс. до н.э. на территории Арало-Каспия и Южного Зауралья появляется полупустынный ландшафт». Археолог С.В.Богданов: «Тамар-Уткульская традиция пресеклась около середины III тысячелетия до н.э. Количество информационных памятников сократилось в десять раз (что говорит) о массовом оттоке населения с территории Степного Приуралья» (24). Металл тарихшысы Е.Н.Черных: «…мобильные скотоводы Степного Пояса теряют своё могущество на планете на рубеже III – II тысячелетия до н.э. и начинают уступать в развитии оседлым территориям» (11). Археолог Н.С.Моргунова: «…в течение XX – XVIII веков до н.э. в Поволжье и Приуралье происходят бурные события, связанные с переселением… этот период археологи называют смутным временем» [29]. Тұранның тарихи мәдениеттік матрица ролі туралы бөлек материал болады...
Еуразияның Дала Белі сынды... Қазақтың Ілкісінен оннан тоғыз тұрғыны жер бетіне тарыдай шашылды. Абыздық жүйесіз қалған Даламыз рухани жетімсіреу халіне көшті – стратегиялық ойсыз. Адамзатқа жол көрсету ролін Жерорта теңізінің жағалауы қолға алды. Бүкіл Ішкі Еуразия енді импульстік деңгейге түсті. Кейде қуаттанса да, жерортатеңіздік стратегтер ішкіеуразиялықтардыңда, басқа халықтардың да әлсірететін жерлерін тауып бір біріне қарсы қылып айдауға үйренді. «Үлкен балық кішкентай балықты жейді!» деген ұрандарына сай...
Пайғамбарлардың Ұстазы Майқының ұстанымы дүние жүзіндегі бәр адамның біртектілігі болды ғой. Жетелі бол деп, Құдыретті-Ғаламды сүй, Табиғатты сүй, Адамзатты сүй, әр адамды сүй, әділді, табанды бол деген далалықтардың көзқарасы эгоистерге енді кедергі болғасын, Алтын ғасырдық тарихи сананы өшіру кетті. Бір-екі мысалдар берейік...
Жерортатеңіздіктер өздерінің әлемдік ролінің көтерілуін құлдық орнатудан бастады: «Характерной чертой поздней древности (рубеж II – I тысячелетий до н.э.) было появление рабства (начали финикийцы, продолжили греки)» (Н.Иванов. Всеобщая история. М. РАН. 2005)[30]. Гректерден Рим үлгі алды. Грек-Рим өркениеті Еуропаның мәдениеттік матрицасы саналды, құлдықты біраз діндер қолдады...
VIII ғасырда арабтардың шабуылдары туралы «Беруни. Избранные произведения. Ташкент. 1957» [31]: «И уничтожил Кутейба людей, которые хорошо знали хорезмийскую письменность, ведали их преданиями и обучали наукам, и подверг их всяческим терзаниям, убил их священнослужителей и сжег их свитки. Хорезмийцы остались неграмотными и полагались в том, что им нужно, на память»…
XIV ғасырда Темір қолбасшы Хорезм астанасын жермен жексен етіп, арпа еккен. Тарихшы Марлен Зиманов: «Тимур совершил на кочевников могульских джете и их дулатских эмиров по 8 – 10 походов... В 1391 году вместо прямой дороги на Итиль и Самарскую Кондурчу очутился в Западной Сибири, где разгромил шейбанидские улусы Сибири. Он всё сжег до нынешнего Тобольска (а тогда Кашлыка и Искера). Далее он пошел через нынешние Павлодар и Костанай, и всё стёр в такую «пыль истории», что память про те города осталась только в книге В.Егорова «Города Золотой Орды». Легкая кавалерия дошла до Алтая. Там он провел зачистку ордынских племен точно также, как в Моголистане. И вот отсюда он развернулся на Жайык» [32]...
Бұл үзіндіге қарағанда, шабуылшылардың мақсаты жергілікті халықты түбінен қыру мен қалаларын жою болды. Жайық жақта да сондай оқиға қайталанды, жетіру-қартқазақтың жерінде (алғашқы «Қобан жұрты», «тамаруткульская традиция»!), оның XIV ғасырдағы аты – «Табын Елі»... Башқорт тарихшысы т.ғ.к. Әлім Зарипов: «…весной 1391 года Тимур разгромил Табын Иле, некоторые роды были вырезаны полностью. На 17 частей разделилась Табын Иле... 18 июня 1391 года состоялась битва на Кондурче, где войска Тимура одолели войска хана Золотой Орды Тохтамыша» [33]… Домбай инфо «Нашествие Тимура (в 1395 году)»: «…Тимур уничтожил потенциал Северного Кавказа, физически истребляя население и сравнивая с землей города… в фольклоре карачаевцев и балкарцев сохранилось имя этого завоевателя, ликвидировавшего государственность Алании, подвергшего его народ тотальному уничтожению» [34]…
Тарихтың - ауыр беттері-ай, бірақ білу керек... Үш-төрт ғасырда бір біріне қарсы соғысып әлсіреген, орта қуатын жоғалтқан бәр ағайындар басқа мемлекеттердің отарларына айналды. Тарихтан сабақ алу керек, қателіктерді ешқашан қайталамай.
...Бір біріне жат қойылған жер жүзінің адамдары, 2,5 миллион жыл өрлеу дамудың нәтижесі болған адамзат та үш мың жылда өзін де, планетаны да бүгін өмірден өшу алдына қойып жатыр... Осындайдың болатынын ата-бабаларымыз білген екен. Қалай тығырықтан шығу тәсілдерін мұрада қалдырған. Орта қуаттың демі ақпараттық түрде сақталыпты. Соның негізі Майқы редакциялаған ататілдің сөздік қорында. Күшіміз жетсе, соған үңіліп, мағынасын ашайық... Білу керек: демге ауа – алғашқыда берілген және өрлеу замандарында қосылған ақпараттық қор (информационное поле). Қордың қысқаруы мен қоқыстануы «қызыл сызықтарға» (красные линии) жетсе, екіаяқтылардың соңғы күні келді де, мұраға қарағанда. Соңғыға жетпеу ге – абыздық жүйесін өмірге қайтару.
P.s. Ататіл туралы жорналдарда мақаларым шыққан соң, кейде сұрақтар қояды: Майқы Шыңғысханның көмекшісі болған жоқпа деп... Жауап: түпкі Майқыны ортағасырлық індерғе тығатын уақыт бітті. Адамзаттың ілкісін табу үшін қанша ғұлама өмірін қиды...
Бірақ тірі әлі. Қазақ тілі. Адамзаттың орта қуаты. Екіден бірің, ата-бабаларыңдай, ойшыл болмасаң о да бітед. XXI –інші ғасырдың талабын түсіну керек, адам баласы-ай!.. Ілкіден келе жатқан буындар арасындағы ақпараттық байланысты қалпына келтіру...
Жалғасы бар
Төреғали Қазиев, зерттеуші-жазушы.
Әдебиеттер тізімі
1.Т.Әсемқұлов. Аңыз жайындағы аңыз немесе аузекі мәдениетінің пайда болуы турасында бір-екі толғам. Отукен. 2013.
2.Майқы би. А. 2014.
3.Джагфар тарихы. О. 1993; 1994; 1997.
4.А.Цепилов. Переводчик с языка ангелов/Аргументы и факты Оренбург. 2024.
5.В.Иллыч-Свитыч/Ж.Байжумин. Тюрки. Т.1. с.191.
6.С.Старостин. У человечества был единый праязык/Знание-сила. М. 2003. №8.
7.С.Старостин. Алтайская проблема и происхождение японского языка. М. 2003.
8.Теория палеолитической непрерывности.
9.С.Яхонтов. Прародина ностратических языков. 1991/Philolog
10.М.Бойс. Зороастризм. Верования и обычаи. М. 1989.
11.Е.Н.Черных. Формирование Евразийского «Степного пояса» скотоводческих культур: взгляд сквозь призму археометаллургии и радиоуглеродной хронологии. Инст. Арх. РАН. М. 2007.
12.Каменный век/Открытая археология//Палеолит СССР. М. 1984.
13.Е.Турсунов. Происхождение носителей казахского фольклора. 2004.
14.Мосин В. Южный Урал в каменном веке. Ч. 2018.
15.М.Магомедов, С.Каспаров, Н.Тупик. Каспийская Атлантида/Научная мысль Кавказа. 1994. №4.
16.Археология Волго-Уралья. Каменный век. Казань. 2021.
17.Вопросы археологии Западного Казахстана. 1996. С.17.
18.А.Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы. А. 2008.
19.С.Аманжолов. Вопросы истории и диалектологии казахского языка. А.
20.С.Ажигали. Древности страны-кратера. 2004.
21.Табын/ «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы. 2006.
22.И.Пьянков. Некоторые вопросы этнической истории древней Средней Азии //Восток oriens. М. 1996. №6.
23.РОНА ИИМК РАН. Ф.1 – 1888. Л2.
24.С.Богданов. Вопросы культурной детерминации древнеямных памятников Волго-Уральского степного субрегиона//Проблемы изучения ямной культурно-историческо области. О. 2006.
25.Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М. 1989.
26.Кобланды батыр. М. 1975.
27.З.Аминев. Отражение космогонических воззрений в эпосе «Урал батыр» /Отукен.
28.М.Ахметзянов. О происхождении топонимов. Казань.1990. с.79 – 81.
29.Н.Л.Моргунова. Археология Оренбуржья.
30.30.Н.Иванов. Всеобщая история. М. РАН. 2005.
31.Беруни. Избранные произведения. Ташкент. 1956.
32.М.Зиманов.Тимур/Эксклюзив. 2024.
33.А.Зарипов. Табын Иле. 2008.
34.Домбай инфо. Нашествие Тимура (в 1395 году).