Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажға барды
Бөлісу
24.12.20257240
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды e-history.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында президенттер Александр, XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал экспозициялармен танысты. Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, сондай-ақ тарихи Пикет және Герб залдарының сәулеттік шешімі мен интерьері меймандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары бай қоры арқылы дүние жүзіне кеңінен танылған музейдің басқа да экспозицияларын тамашалап, әлемдік мәдени мұраға жататын өнер туындыларымен танысты.