Демокрит және атом философиясы
09.09.2024 796

Философия ғылымында атомистер ілімі деген бағыт бар. Бұл бағыттың негізін қалаушылары ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Кар тағы басқалары жатады. Сондықтан атом туралы ілім ерте заманнан-ақ басталған болып есептеледі. 


Гректің атақты философтары Левкипп бастап, Анаксагер, Эмдекол, Демокрит және Эпикур дененің атомдық құрылысын дамытты. Әсіресе бұл салада Демокриттің қосқан үлесі өте зор, яғни ол әлем бос кеңістіктен және шексіз көптеген бөлінбейтін бөлшектерден, материядан, атомнан тұрады деген ойға келеді. Демокриттің айтуынша атомнан тұратын барлық дененің бір-бірінен өзгешелігі олардың формасы мен таралу және орналасауында. Дене атомдардың өзара қосылу немесе ыдырау нәтижесінде байқалады. Жоғарыда аты аталған ойшылдардың еңбектерінен кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас қалыптасты. Бұл атом философиясы деген ілімге жетеледі. Ендеше атом философиясын дамытқан Демокрит және ойшылдың бос кеңістік туралы түсінігі  туралы баяндаймыз.  

Демокрит немесе Демокритос Абдера – көне грек ойшылы. Левкипптің шәкірті. Атомистиканың негізін қалаушылардың бірі. Оның туған жылы бойынша әр түрлі деректер айтылады. Apollodorus деректері бойынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі 460 жылы немесе 457 жылы дүниеге келген деп көрсетіледі. Көне Рим ойшылы, астролог Трасиллдің жазба еңбектерінде Демокрит б.д.д. 470 жылы дүниеге келген деп жазады. Оның туған жері ежелгі Фракияның (Анадолы) Абдера қаласы. 

Грек ойшылының өмірбаяны туралы деректер аз. Оның өмірі туралы жазылған деректерде  Демокриттің Египетке, Вавилонға, Иранға, Персияға, Үндістанға, Эфиопияға саяхат жасап, ғылыми білім іздегені жазылады. Афинада Пифагорлық Филолай мен Сократты тыңдады, Анаксагормен таныс болды.Бұл сапарларғаДемокрит өзіне мұра болып қалған үлкен ақшаны жұмсағандеп айтылады.

Оқи отырыңыз: Атом бомбасын ойлап тапқан кім?

Демокрит әр түрлі ғылым салаларын зерттеумен айналысқан. Олардың қатарында этика, математика,физика, астрономия, медицина,филология, техника, музыкатеориясы және философия бар. Демокрит философияны Левкипптен үйренді. Демокриттің көптеген жазбаларынан(Диоген Лаертес 70-ке дейін)бізге тек300-гежуық үзінділері келді. Ежелгі жазылған дереккөздерде Демокрит шығармаларының стилінің қарапайымдылығын,айқындылығы мен сұлулығынПлатон стиліне жақын екендігі айтылады. Оның философиясының тамыры ежелгі грек натурфилософиясының жеке тұлға, жекеболмыс ұғымын дамытуға бағытталған. Бұл Демокрит философиясыныңбастапқы тұжырымдамасында – кейбір бөлінбейтінматериалдық тұлға ретінде «атом» ұғымында көріністапты (грек.atomos, лат. individuum, «бөлінбейтін» дегенді білдіреді). Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ.) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды.  Левкиптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Денелердің пайда болуын Демкорит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар,  ал шетке таман – жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, жер мен аспан ауыл салмақты атомдардан жаралған. Ал аспаннан – от, ауа және ауа құйындап қуып жүрген жұлдыздар пайда болады. Тіршіліктің шығуын грек ойшылы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған – жылулық. Жанның ақылдылығы мен ақылының жоқтығы оның өз бойындағы қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Олай болса, жан – аомдардың жиынтығы. Демкориттің ілімінде ақылды жан – «Сана» ұғымымен синонимдес. 

Ұлы ойшыл Демокрит жетпістен астам шығармалар жазған. Олардың қатарында: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы» тағы басқа еңбектері бар. Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Демокрит материяның шексіз бөлінуінжоққа шығарды. Атомдар бір-бірінен тек пішіні, өзаражүру реті және боскеңістіктегі орны, сондай-ақ көлемі мен шамасына тәуелдіауырлығы бойынша ерекшеленеді. Олар шұңқырларынемесе дөңестері баршексіз әртүрлі пішіндерге ие. Демокритатомдарды «фигуралар» деп те атайды.  Оның пікірінше «атомдар ең кішкентай әрі бөлінбейтін фигураларнемесе мүсіншелер болып табылады» дейді. Қазіргіғылымда Демокрит атомдарыныңфизикалық немесе геометриялықденелер екендігі туралыкөп пікірталас болды. Бірақ Демокриттің өзіфизика мен геометрияныажыратуға әлі жеткен жоқ. Демокрит шәкірттерінің ішіненАбдерадан шыққан Бион белгілі. Лукианның айтуынша, Демокрит 104 жыл өмір сүрген.