Қарақұм құрылтайының тарихи шындығы
03.09.2015 4701
1710 жылы Қарақұм құмдарында орналасқан рубасылардың арасынан шыққан ақсақалдары мен билері қасық қандары қалғанға дейін бір-бірін қорғау үшін, барлық күш қайратын жинау үшін кеңесуге жиналған

Кейбір қорыққандар жоңғарларға бодан болып, қонтайшыдан қауіпсіздік көмегін сұраса, кейбіреулері үй-жайын тастап, Волга өзенінен асып өтіп, бас сауғалауды ұсынды. Ал енді біреулері әр жаққа бытырап қашуды ойлады. Жоғарыдағы ұсыныстарға жаны күйіп кеткен сол кездегі аты шыққан Бөкенбай батыр бұндай әрекеттердің бәрін тыйған. Ол осындай қып-қызыл дау-дамайдың ортасына шығып, өз киімін жыртып, қылышын сермеп: «Жауларымыздан кегімізді қайтарайық! Өліспей беріспейміз! Жау алдында намысты қашанғы қолдан береміз! Біз өз ұрпағымыздың алдында әлсіз екенімізді көрсетпеуміз тиіс. Егер біз тізе бүгетін болсақ, біздің жауларымыз одан сайын басынар еді. Біз өзіміз ыдырасақ, ертең мүлде жоқпыз! Мен қасық қаным қалғанша жауымен соғысамын, еріңдер соңымнан!» – деп, жоңғарларға бүкіл қазақ болып көтеріліп, жермізді қорғау үшін күресуге шақырған. Осы сөздерден кейін барлығы рухтанып, оның айтқандарын орындауға және жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берісті. 

Осы антты растау үшін өз қолдарын өздері кесіп қанатып, ортада жанып жатқан отқа тамызды. Бұндай жоралғы аяқталғаннан кейін ақбоз атты құрбандыққа шалды. Олар осы арқылы одақтың беріктігін көрсеткісі келді. Хан әулетінің үлкен ұлы Әбілқайыр сұлтанды Орда басшысы, ал Бөкенбайды өздерінің қолбасшысы ретінде сайлады. Бұл одаққа Кіші жүзден Әлімұлы, Байұлы, Жетіру руларының көп бөлігі, Ал Орта жүзден қыпшақтар мен наймандардың бірнеше рулары қосылды. Белгілі тарихшы Ирина Ерофеева өзінің үлкен зерттеу еңбегінде Қарақұмдағы өткен жиындағы деректерді Я.П. Гавердовскийдің тарихи қолжазбасынан алдым деп сілтемесін келтіреді. 

Я.П. Гавердовскийдің қазақ географиясы мен тарихы туралы «Кыргыз-Кайсак даласына шолу» деген қолжазбасындағы, Қарқұм құрылтайы туралы мына бір деректі өз қалпында беруді жөн көріп отырмыз: По свидельству казахсих аксакалов, принятие на этом съезде единодушного решения противостоять совместными усилиями более сильному врагу происходило в чрезвычайно сложной и драматичной морально-психологической обстановке и далось его участникам в неалой степени под мощным давлением батыров. «После нескольких выступлений представителей так называемой пораженческой партии, предлагавшей просить «милосердия» джунгарского хунтайджи или же спасаться бегством, слово взял «известный по храбрости» старшина рода табын поколения жетыру Младшего жуза, батыр Богенбай, который сразу же «уничтожилсии предприятия». Народное предание гласит, что Богенбай среди жаркого спора разорвал на себе одежду и, повергнув в круг совета меч совой, говорил в исступлении: «Отмстим врагом нашим, умрем с оружием, не будем слабыми зрителями разграбленных кочевок и плененных наших детей! Робели ли когда воины равнин кипчаских? Сия брада еще не украсилась сединой, как я багрил руки свои в крови неприятеля! Теперь могуль равнодушно снесть тиранство от варваров? Еще нет недостатка в доврых конях! Еще не опустел колчан со стерлами остырми!»

Қарақұм құрылтайында шешуші сөз сөйлеп, бүкіл қазаққа рух берген Бөкенбай батырдың Табын руынан екендігін профессор М. Әбдіров та қуаттайды. Тарихшы: «Еще летом 1710 года на народном собрании в Каракумах, видимо, после прибытия в степь с юга он, как чингизид, был по древней традиции поднят на белой кошме и объявлен ханом Младшего жуза, а главным сардаром  полководцем избран известный батыр из рода табын Богенбай», – дейді. 

Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында Қарақұм құрылтайында «Алаш» ұрандының туын табын Бөкенбайға, «Арқар» ұрандының туын Әбілқайыр ханға жүктелуі соны айғақтайды. Сонымен, тарихи деректерді пайымдай келе, жоңғар-қазақ соғыстары кезінде Қарақұм құрылтайында сөз сөйлеп елді рухтандырып, қолбасшылыққа тағайындалған табын Бөкенбай батыр болатын. 

Кейбір зерттеуші ағаларымыздың ағаттығынан тарих оқулықтарында және көптеген әдебиеттерде, 1710 жылғы Қарақұмдағы құрылтайда қолбасшылыққа қанжығалы Бөгенбай сайланды деп жазып келді. Әлгі жаңылушылар оқиға туралы тарихи деректерді бұрмалап келді. 

Наполеоннан «тарихты жасайтын кімдер, бұрмалайтын кімдер?» деп сұрағанда «тарихты жасайтын – біздер, ал бұрмалайтын – тарихшылар» деуі осындайдан шықса керек. Міне, сондықтан да тарихи шындықтан ауытқымай деректерді түгелге жуық қамтып, оларды ой елегінен өткізіп дұрысын жазу – нағыз тарихшының міндеті. 

Торқалы сөздің түйінін келтіргенде, Қарақұм құрылтайынан кейінгі соғыстар қазақтардың жеңісімен аяқталды. Тамыры тым әрідегі шайқас өткен жерге, бейнелеп айтқанда қасиетті жерге тағзым етіп баратындай ескерткіш орнатылды. 

Еске ұстар бір нәрсе, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен біз қаузаған Қарақұм құрылтайының 305 жылдығының тұспа-тұс келуінің өзі біраз нәрсені аңғартса керек. 

Дәулет ЕСЕНОВ.

qasym.kz