Көкшетау қаласының тарихы музейінде «Ескі пәтер» ретрокөрмесі өтті
22.05.2015 2395
2015 жылдың 18 мамырында Көкшетау қаласының тарихы музейінде Халықаралық музей күніне орай «Ескі пәтер» ретрокөрмесі ашылды.

Көкшетау қаласының тарихы музейіндегі «Ескі пәтер» ретрокөрмесі ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы пәтердің интерьерін көрсетеді. Соғыс кезеңіндегі қиыншылықтардан қажыған адамдар үйдегі жағдайды жайлы етіп жасауға тырысқан. 1941-1945 жылдардағы оқиғалардан кейін адамдар болашаққа үміт артып, отбасылық құндылықтарды бәрінен жоғары қойған. Сондықтан да өз тұрмысын өзгертіп, үйлеріне көзге тартымды заттар әкелген. Міне, осындай экспонаттар музей көрмесіне қойылды.

1950 жылдардың ортасында дөңгелек немесе сопақ үстел, буфет (ыдыс, аяқ-табақ шкафы) қонақ бөлмесінің төрінен орын тапқан. Әдетте буфет қоңыр түсті, бірнеше әйнегі бар. Онда фужерлер (сусын ішетін бокал), ішімдік ішуге арналған ыдыстар, құмыралар, фарфордан жасалған мүсіншелер (мүсін өнері туындысы) — жануарлар, халық ертегілерінің кейіпкерлері, балалар, балерина (балетте билейтін әртіс) мүсіншелері, мерейтой иесіне араналған сүйек және ағаштан жасалған бұйымдар тұрған. 

 Жататын бөлменің (спальняның) қабырғасында ескі кілем ілулі тұр. Бұл уақытта көбінесе суреті бар кілемдер болды. Кілемнің астында жастықтары бар темір кереует тұр. Кереуеттің қасында және оның астында түрлі түсті шабадандар орналасты. Шабадандардың көлемдері де әртүрлі. Сонымен бірге, кереуеттің қасында комод (кием-кешек салуға арналған, тарпалы аласа шкаф) та өз орнын алды. Үйдің төріндегі қабырғада бір ортақ жиектемеге ретсіз кішкене салынған фотосуреттер бар. Уақыттан өте келе сарғайып кеткен суреттер туыстардың, отбасы мүшелері мен ұрпақтардың арасындағы байланысты көрсетеді.

Көрменің қойылымдарының арасында трюмо (үлкен биік айна) да бар. Хрущевтің реформалар кезеңінде журнал үстелдері үйдегі жайлы атмосфераның белгісіне айналды. Сонымен қоса, сәнсәуле (биікше тіреуге орнатылған шам) және креслолардың орны ерекше. Бөлмеде кітап толы этажерка (туындылар қойылатын шкаф) тұрған. 60-шы жылдарға дейін кітап сатып алуға ешқандай мүмкіндік болған жоқ, сондықтан да адамдар кітаптарды көзінің қарашығындай сақтап тұрған. Ал 60-шы жылдардан кейін әр үйде көп әртүрлі әдебиет пайда болды. Бұл уақыттарда қабырғада үлкен сағат ілулі тұрды. 

 50-ші жылдарында қала тұрғындарының пәтеріндегі ас бөлмелерде қолөнер туындысы — буфеттер тұрған. Буфеттің сөрелері қағаз майлықтардан жасалған әдемі ою-өрнектермен безендірілген. 

50-ші мен 60-шы жылдардың басында газ плиталары, тоңазатқыштар пайдаланыла бастады. 1962 жылдың 9 ақпанындағы «Казахстанкская правда» газеті 1960-шы жылы қала пәтерлерінде пайда болған газ плиталары туралы жазды: «... көкшетаулық үй иесі әйелдер оларға жоғары баға береді. Газ плитасынан басқа ешқандай плитада түскі асты тез дайындауға болмайды. Сонымен қоса, тамақ пісіргеннен кейін ыдыстар да таза». Бұл уақытта газ баллонының бағасы — үш сом. Осындай бір баллон 4-5 ай мезгілінде қолданылған. Омбы қаласының Халық Шаруашылығы Кеңесі қала тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп тұрған. 

Көрмеге қойылған газ баллонының иесі — қала тұрғыны Переплеткина Нина Ивановна. 

Көп уақыт бойы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында тек бай адамдар тоңазатқышты сатып алған. Бірақ, соғыстан кейінгі заманда бірнеше зауыт тоңазатқыштар шығарумен айналыса бастады. 1956 жылы кеңестік пәтерлерде «ЗИЛ» шығарған ( Лихачев атындағы зауыты) тоңазатқыш пайда болды. 

Лойко Юней Андреевна Лихачев атындағы зауыт шығарған тоңазатқышты музей экспозициясына тапсырды. 

Осы кезеңдегі үйлерде әртүрлі радиоаппаратура: приемник (радио хабарын қабылдайтын аппарат), транзистор (тоқты күшейтуге, түрлендіруге арналған үш электродты жартылай өткізгіш құрал), проигрыватель (музыкалық күйтабақ ойнатқыш), т. б.. Көкшетау қаласының тарихы музейінде 1950-60—шы жылдарында шығарылған радиоаппаратураның топтамасы музейге келушілердің назарына ұсынылады. Сондай-ақ 1953 жылы шығарылған «Октава» дауыс зорайтқышы (музейге Көкшетау қаласының тұрғыны Молоткова Мария Семеновна тапсырды) және 1963 жылы шығарылған «Югдон» радиоласы (экспонаттың иесі — Бабич Лидия Дмитриевна) бар. 

Экспонаттар арасында қала тұрғындарының киім және ыдыс үлгілері, өткен ғасырдың куәсі болған әртүрлі заттар кездеседі. Музей қызметкерлерінің зерттеу жұмысының арқасында мұражай қоры көптеген жәдігерлермен толықтырылды. Бұл іске музейдің ғылыми қызметкері Гульмира Зарипова зор үлес қосты. Бүгінде музей көрмесіне қойылған кереует, трюмо, буфет, этажерка және кейбір басқа экспонаттар кезінде музей қорына Гүлмираның туыстары мен жақындары тапсырды. 

«Ескі пәтер» көрмесі ХХ ғасырдағы кеңестік қала тұрғындарының тарихына экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Аталмыш көрме Көкшетау тарихы музейінде 2015 жылдың тамызына дейін жалғасады.