1 мамырда «Қазақ елі» монументі алдында этноауыл бой көтерді
04.05.2015 1879
1 мамырда Астана жұртшылығы «Қазақ елі» монументі алаңында мерекелік серуен құрды.

Ұлттық нақыштағы үйлерден құрылған этноауылдардың ұйымдастырылуы биылғы мерекенің басты ерекшелігіне айналды. Қызығушылық танытқан халық этномәдени бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігімен толық танысу мүмкіндігіне ие болды. «Түрі бөлек, тұғыры бір» сөзі — елімізді мекендеген жүзге жуық ұлттар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достықты сипаттайды.

Міне, 1 мамырда түрлі этнос өкілдері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту үшін бас қосты. Қазақстанға деген зор сүйіспеншілік бүгінде барлығын бір ортаға біріктіруде. Көптеген жылдар бойы өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін берік ұстанып, өз құндылықтарын өзгелермен де бөлісуде.