«Сенің даусың – сенің болашағың!» атты байқаудың қорытындысы шығарылды
20.04.2015 2036
Алматыда «Сенің даусың –сенің болашағың» атты байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздардың есімдері анықталды.

«Сенің даусың — сенің болашағың» атты постерлер байқауы 17 наурыздан басталды. Байқауға қатысушылардың дені 18-20 жас аралығындағы жастар. Жасы ең кішісі — 14-жасар Шұғыла Махамбет. Ол Астанада тұрып, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектептің 5 сыныбында оқиды. 

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 736 жұмыс келіп түсті. Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан шығармалардың ең көп саны — барлық жұмыстардың жартысы түсті. 

15 сәуірде байқауға қатысатын жұмыстарды қабылдау тоқтатылды. Осыдан кейін қазылар алқасы ең үздік шығармаларды таңдап, 20 сәуірде байқау жеңімпаздарын марапаттады. 

Бас жүлде (халық даусымен) — алматылық Қазыкенов Еркебұлан Өмірханұлы.

Жеңімпаздың жұмысы

«Қазылар алқасының таңдауы» атты номинацияда бірінші орынға астаналық Бокина Айнұр Бақытбекқызы ие болды, екінші орынға — павлодарлық Резунова Виктория Вадимовна, үшінші орынға — алматылық Ахтанов Сағидулла Халекесұлы

«ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы белгілеген арнайы номинацияда: 1 орын — Махамбет Бекзат Әбілдаұлына (Астана қаласы), 2 орын — Мұхамбет Мейіржан Мұхамбетұлына (Орал қ.), 3 орын — Рената Евсееваға (Талдықорған қ.) бұйырды.