Бір суреттің тарихы. Кузьма Чуйкин
02.04.2015 1398
Бүгін бізге бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлер туралы айтып бермекпіз. Олар соғыстан кейін де өз күресін тоқтатпай, қиратылған қалалар мен ауылдарды қалпына келтірген...

1941 жылдың 22 маусымы. Бұл күн еліміздің тарихының парақтарына қанмен жазылған. Болып өткен ауыр қазалар 70 жыл бойы ұмытылмаған. Миллиондаған адамдар майдан даласында соғысып, тылдағы жұмыстармен айналысып, Жеңісімізді жақындатты. 

Бүгінде бізге бейбітшілік сыйлаған, бірақ арамызда жоқ адамдар туралы айтып бермекпіз. Осы адамдар соғыстан кейін де күресті тоқтатпаған. Қалалар мен ауылдарды, қиратылған шаруашылықты қалпына келтірді. Олар баршамыздың құрметімізге, жылылығына лайықты. Елімізде Ұлы Отан соғысына қатысы жоқ деп айта алатын бірде-бір отбасы жоқ шығар. Менің отбасымның мүшелері де соғысқа қатысты. Мен XX ғасырдың 40-шы жылдары өмір сүрген, бейбітшілік үшін күрескен атамның шөбересімін. 

Менің атамның әкесі, Чуйкин Кузьма, 1923 жылдың 14 қазанында Павлодар облысы Железинск ауданының Тайсюган ауылында, Бурабай қазақ ауылына жақын жерде дүниеге келген. Ол басталған соғыс туралы егіс алқабында жүріп естіген. Оның әкесі, Иван Чуйкин, 1942 жылы майданға аттанады. Ағасы Петр 1940 жылдан бастап, армияда қызмет етіп, Ленинград бекінісін қорғады. 1942 жылдың 26 тамызында атамның әкесі де соғысқа аттанады. Ол кезде ол небәрі19 жаста еді. Басында басқалармен бірге Семейдегі әскери училищеге жеткізілген. Мұнда жас жауынгер әскери қызмет негіздерін меңгерді, ал қараша айында оны Астрахань түбіндегі ұрысқа, қалмық даласына жібереді. Бұл өте қиын уақыт болды. Суық. Жауынгерлеріміз бір тәуілік бойы жүз шақырым жерде фашисттің ізін қуып жүрген. Жерде қазып алынған бекіністерде (окоптарда) ұйықтады. Кейде кенеттен ұйықтап жатқан қаруластармен бірге «Алға» деген бұйрық естиді. Жауынгерлер ояна беріп, ұрысқа аттанған. Донецк облысымен шекаралас Ростов облысының Матвей қорғанына дейін жеткен. Немістер шегініп жатқан. Ростов қаласы 1943 жылдың 14 ақпанында азат етілген. Атамның әкесінің бригасында аз-ақ жауынгер тірі қалды. 

Ол 1943 жылдың наурыз айындағы соңғы күні алғаш рет жарақаттанды. Рота командирі оны бір жауынгермен бірге барлауға жібереді. Кирсановкадан қыратқа дейінгі, Миус өзенінің бойындағы жолды жауып тастау тапсырмасы берілді. Бұл жердегі ауылда штаб және медициналық санитарлық батальон болды. Оған ешкімді жақындатпау бұйрығы берілді. Адамдарды шұңқырға отырызды. Қою қараңғылық түскенге дейін қазылған окопта күте отырып, кейін атыстардан қорыпқай жүре беруге болады деп хабарланды. Жау жақында орналасқан биіктерге орналасып, жолға қарай оқ ата берді. Осы кезде күтіп отырған адамдардың бірі қараңғылықты күтпей, жолға шыға салды. Немістер миналарды лақтырды. Атамның әкесі сол адамға қауіпті ескертейін деп, қолындағы автоматты қолына алады. Осы сәтте бабамның артында мина жарылып кетеді. Арқасынан қатты соққы алғандай сезінеді. Бабам алған соққыдан тұрып алды, арқасының жоғары бөлігінде жарылған минаның екі сынығы, біреуі — аяғында болды. Оның аяқ киімі қанға толды. Түп атам Саратовтың госпиталінде сәуір айынан бастап маусымға дейін жатты. Сауығып кетіп, майданға қайта аттанады. 

Атам Кузьма Иванович Долгенькое хуторының түбіндегі Изюминский бағытында болған ұрыста екінші рет жарақаттанды. Хуторды немістерден азат ету мақсаты болды. Хуторға апаратын жол жүгері өскен дала арқылы өткен. Ал ауылда жер диірмендер болды. Мұнда неміс барлаушылары отырды. Олар Кеңес Одағының жауынгерлерін көріп, минометтерден оқ жаудырды. Минометтің сынығы жауынгерлік автоматтың белбеуін жыртып, сарбаздың қолын жарақаттандырады. 

Ол Алматы қаласының госпиталіне жіберілді. Емделіп жатқан ол ауруханаға белгілі бір Чуйкиннің түскенін біліп қояды. Оның санасында бұл менің әкем немесе ағам болуы мүмкін деген ой пайда болды. Чуйкин үлкен бөлмеде жатқан. Бөлмедегі кереуеттер екі қатарға қойылған. Ол іздеген адам терезенің қасында, ең соңғы кереуетте жатқан. Ол жақындап келіп, мүлдем бейтаныс адамды көреді. Өкінішке орай, мұнда жатқан адам Чуйкинмен фамилиялас болды... 

Достары — полктастары. Ортасында Чуйкин К.И. 

Екінші рет жарақат алған бабам Астрахань қаласында командирлердің курстарын бітірді. Оқудан кейін ол взводты, ротаны, батальонды басқару мүмкіндігіне ие болды. 1944 жылдың мамыр айы. Оқу мерзімі — 3 жыл. Алайда, шын мәнінде олар тек бір жылдық білім алған. Бабам мұнда оқып жатқанда, Жеңіс күнін қарсы алды. Бұл оқиға былай болған еді: емтихандарды тапсыру мезгіліне бір аптадай уақыт қалды, бір түнде командиріміз барлықтарымызды оятып жіберіп, көп күттірген Жеңістің келгенін хабарлады. Жеңіс күні келгенімен жеделдетілген түрде оқыту жойылған, енді оқу мерзіміне тағы-да екі жыл қосылды. Бабам 395-ші оқу батальонында старшина болып қызмет етті. Батальон Украина мен Польша елдерінің арасындағы шекарада, Владимир-Волынский қаласында жайғасты. 

1947 жылдың 31 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен демобилизацияланған. Осы кезде ауылдағы үйлер қиратылған. Атамның әкесінің әкесі тірі болып қалып, майданнан оралды. Бірақ тағдыр әке мен ұлдарды кездестірмеген еді. Иван Николаевич соғыстан кейін, 1945 жылы, қайтыс болды. Әке екі ұлының тірі болып қалғанын білген еді... 

Петр Чуйкин соғыстан оралып, 2004 жылы қайтыс болды. 

Менің атамның әкесі Чуйкин Кузьма Иванович (суреттің оң жағығында), оның ағасы Чуйкин Петр Иванович (ортасында), бабамның туысы Чуйкин И. В. (сол жағында) 

Көрсетілген ерлігі үшін Кузьма Иванович Чуйкин «Германияны жеңгені үшін», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, мерекелік медальдермен марапатталған. 

Менің атамның әкесі Кузьма Иванович Чуйкин аштықтықты, сүйек сырқырататын суықты, соғысты, Тың игеру және КСРО ыдырау кездерін, ауыр тоқсаныншы жылдарды басынан өткерген. Оның өмірі — бұл тұтас дәуір, бір ұрпақтың тарихы. 

Қазіргі кезде атамның әкесі 91 жасқа толды. Оның өмірлік ұстанымы: «Бір күн аман жүрсең, бұл да жақсылық болды». 

Ол соғыстың сұрапыл кездерін есіне алғанда, жүрегіне сыздап қоя береді. Соғыс кезінде соншама жауынгер, ел тұрғындары қаза тапты. Ал тылдағы егде кісілердің, әйелдердің, балалардың көрген зардабы... Бабамның бастан кешкен оқиғалары оның сағын сындырған жоқ. Адам болып қалып, өмірге, адамдардың қайырымдылығына деген сенімділігін сақтап, өз әскери борышын аяғына дейін атқарды. Ол балаларына, немерелеріне, шөбелеріне,  жолдастық рухтың, жауынгерлік қаһармандықтың үлгісі болып, өмір жолын өскен өренге өнеге етті.  

Дружинин Максим, 

Павлодар облысының Михайловка ауылындағы 

Михайлов жалпы білім беру орта мектебінің 6-сынып оқушысы. 

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.