Еліне еңбек еткен Жұмабек Тәшенев
25.02.2015 1710
Наурыз айында Жұмабек Тәшеневтің туғанына 100 жыл толады.

Оның жерлесі, Ақмола облысының тумасы Жұмабек Тәшеневті еске ала отырып, оның қандай адам болғаны мен көрнекті мемлекет қайраткері болғаны жайлы жазады.

Қазақстан Республикасы Парламенті қабаттарының бірінде Республика Жоғарғы Кеңесінің басшыларының фотосуреттерін көруге болады, солардың ішінде, ілулі тұрған алғашқы бес фотосуреттің ішінде, Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің суреті бар еді. Оның жерлестерінің бірі болып, республикамыз өміріндегі осы керемет адамның рөлі қандай болғанын оқырмандарға айтып бермекпін. Ол 40 жасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының төрағасы болып сайланды, ал 45 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Жұмабек Тәшенев 1915 жылдың 20 наурызында Вишневский ауданының Танагүл ауылында (қазіргі кезде — Ақмола облысының Аршалы ауданы) дүниеге келген. Өкінішке орай, көрнекті мемлекеттік қайраткердің ата-тегі көпдеген энциклопедиялық сөздіктерде қатемен жазылады: Ташенов (қалалардың көптеген көшелеріне атаулар бергенде, осы қате орын алып кеткен).

Оның өмірбаянына қызығып, оның балалық шағында аты бүгін біртүрлі болып естілетін Шаруа жастар мектебі (ШЖМ ауылы Жатыркөлдің қасында орналасқан) деген шағын ауылда тұрған. Қазір-де Қарағанды тас жолымен Астанаға жақындай бергенде, құс фабрикасының алдында, жолдың сол жағында үш кәрі теректің әлі бой түзеп тұрғанын, аңғаруға болады. Олар бұрынғы ауыл жайлы естерімізге сағыныш салғандай болып тұр, ол кезде ауыл Танагүл ауылдық округінің құрамына енген еді.

Өкінішке орай, қазірде көптеген адамдар Тәшеневтің кім болғанын және оның еңбегі қандай болғанын аз ғана түсінеді. Бірақ та, Ақмола қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының облыстық атқарушы комитетінің төрағасы, Ақтөбе облыстық партиясының комитетінің бірінші хатшысы қызметтеріндегі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы мен Республиканың Министрлер Кеңесінің басшылығында, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық атқарушы комитетінде қызмет атқарған кезіндегі оның істеген жұмыстарын жазатын болсақ, онда оларды энциклопедиялық беттердегі қысқа мақалаларға да сыйыстыра алмаймыз. Жұмабек Тәшеневтің қызметтерін ескере отырып, қалалық мәслихат оның құрметіне Полевой көшесінің атауын өзгерту керек деп шешім қабылдады. Бәлкім, Елорда тұрғындары мен қонақтары осы көшенің алаңға алып келетінін біледі, ал осы алаңдағы мемориалдық кешеннің қасында мәңгілік от жанып тұр. Бұның өзінде астарлы мағына бар секілді көрінеді.

… Ол қарапайым адамдарға ықыласты көзқараспен қарап отырып, олардың мәселелерін тез шешіп беретін болған. Бір ғана мысал келтіріп өтейік. Көкшетау облысының «Толобухинский» ауыл шаруашылығының директоры Ф. Г. Моргун онымен кездесу жайлы өзінің «Хлеб и люди» кітабында былай деп жазвды: «…1957 жылдың жазында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Ж.Тәшенев шаруашылығымызды келіп қарады. Ол өтініштерімізді мұқият тыңдап, тура осы жерде менің кабинетімнен Ереванмен, яғни Армения Министрлер Кеңесінің төрағасы Антон Еревандович Кочинянмен, байланысқа шығуды сұрады. Менің түсінігімше, олар бір-бірімен таныс болып, арасында жылы қатынастарды сақталған. Бұл сөйлесуден көрініп отырғандай, Жұмабек Ахметұлы жылы және шығыс дәстүрлері бойынша амандасып, мынандай сауал қойған:
— Қымбатты досым, егер шаршап, шөлдеп кетсең, бастапқыда нені қалайсың: демалыс па, әлде бір стақан таза суық су ма? Бәлкім, оған су деп жауа берілген болар, өйткені одан кейін Тәшенев былай деп сұрады: — Дұрыс, досым, дұрыс. Егер шөл қандырмасаң, қандай демалыс болады? Сенімен тың совхозынан сөйлесіп тұрмын. Мұнда мың жарым адам тұрады. Қазір мұнда қырық градус, ыстық. Адамдар жиырма шақырымнан алып келген суды ішіп жатыр. Су сапасы жаман болып шығады. Ал сол кезде су орнында да бар. Жақсы. Таза. Ұңғыма да бұрылған, бірақ компрессорсыз оны алып шығармайсың…Кенет ол үндемей қалды. Шамасы, әңгімелескен адам сөзін бөлген болу керек. Бірнеше сәт бойы ол мұқият тыңдап тұрды, ал кейін бетінде күлкі көрініп, ақырында қатты күліп жіберді. Онымен сөйлескен адам да күліп отырғандай болып сияқтанды. Кейін Тәшенев байсалды қалпын қабылдап, телефон трубкасын алақанымен жауып тастап, менен келесіні сұрады: — Компрессордың маркасы қандай?
Мен компрессор маркасы мен фильтрді атадым. Ол соның бәрін телефон арқылы айтып қоштасты. Бір аптадан кейін армян достары қажет болған барлық заттарды бізге беріп жіберген, су мәселесі-де біржола шешілді».
Көптегендер біле бермейді-де, бірақ 1959 жылдың желтоқсанында Вишневский ауданының «Новоалександровкий» совхозын Цилиноград ауыл шаруашылық институтына оқу нысаны ретінде беру туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысы шықты. Осы шешім Хрущев үшін қабылданды. Басшылық пен совхоз тұрғындарының көзқарасы есептелмеген. Сонда совхоз директоры Рақымбек Рыспаевқа — Александровский ауыл округының төрағасына ауылдастарының ойын Ж.Тәшеневке жедел түрде жеткізу деген өтінішпен барды. Профессор Моисей Гендельман «Целиноградский аграрный институт» кітабында жазғандай, бірнеше күн өткен соң оны партияның облыстық комитетіне шақырды. Бірнші хатшының кабинетіне кіргенде Тәшеневті көріп қалды. Тәшенев совхозды Хрущев қолына беру себептері туралы сұрады. Республиканың Министрлер Кеңесінің тиісті қаулысы бар, деп көрсеткен профессор. Ж.Тәшенев былай деп қысқа жауап берді: «Біз оны қабылдадық, біз-де оның күшін жоямыз!».
Шынында да, 1960 жылдың ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша совхозды беру деген шешімнің күші жойылды. Соның орнына институтқа Интернациональный кенті берілген, ол қазіргі кезде-де учхоз деп аталады. Осы шешімге бәрі қатты қуанса керек.
Оның қызметінен алынған көптеген мысалдарды айтуға болады, бірақ та оның Одақ басшылығының кәріне не себептен ұшырағанына толығырақ тоқталып өтейін, ол Республиканың Министрлер Кеңесінің төрағасы деген лауазымды қызметтен босатылған еді.
Академик Б.Ирмұқанов «Вы не против нас, вы — за себя» («Казахстанская правда» газеті, 15.02.1995 ж.) мақаласында былай деп жазды: «…60-шы жылдардың басында республиканың аумақтық бірлігіне қауіп пайда болды, осы кезде Хрущев Тың өлкесі деп аталатын жер арқылы, ал соған Мәскеу бастамасы бойынша Қазақстанның бес солтүстік облысы енді, өлкені орталыққа тікелей бағындырып, қазақ жерлерін тартып алуға әрекет жасады. Бақытымызға қарай, ержүрек жетекші — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенев Хрещевтің ұсынысына өз қарсылығын білдірді. Демагогиялық мағына табыспен аяқталмады».
Республиканың Министрлер Кеңесінде бір жылды да толық жұмыс істеп үлгермеген Тәшенев Хрущев нұсқауы бойынша «басқаша ойлағаны» үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жұмысқа жіберілген. Ол жерде ол зейнетақыға шыққанша жұмыс істеді. Патриоттың осындай жазасын жеңілдету Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қолынан келмеді.
Тәшеневтің беріктігі мен отансүйгіштігі, Хрущевтың волюнтарлық ойларына ашық түрде көрсетілген қарсылығының арқасында осы кездегі республикамыз болашақ ұрпақтары үшін өз жерін аман сақтап қалған еді.


Ерекболат Қабылда,
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының түлегі